» » Оқушыларды құтқарып, өзі апатқа ұшырады

Оқушыларды құтқарып, өзі апатқа ұшырады

 Бішкекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма қызметкері оқушыларды құтқарып, өзі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Бұл туралды «Кабар» агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Оның мәліметтерінше, жол апаты 1 қазан күні сағат 8:00-де орын алған. «Біздің қызметкеріміз Шу даңғылы мен Осмонқұл көшесінің қиылысында балаларға жолдан өтуге көмектесіп тұрды. Өздеріне қарай жақындап қалған жүк көлігін көрген ол екі баланы құтқару үшін машина алдына жалма-жан кесе-көлденең тұра қалған. Қатты соққы салдарынан жарақаттанған қызметкер ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінде. Қазіргі кезде жүргізуші ұсталып, оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.


02 қазан 2018 г. 1 718 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 37 078 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 26 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30