» » Қазақстанда Мұғалімдер күніне арналған челлендж басталды

Қазақстанда Мұғалімдер күніне арналған челлендж басталды

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен "Мен ұстазыма алғыс айтамын" атты челленджі басталды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Құрметті достар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен "Мен ұстазыма алғыс айтамын" атты челленджінің басталғандығын хабарлаймыз. Акцияға қатысу үшін желі қолданушылары мұғалімдеріне арнаған құттықтауларын фото немесе видеоға түсіріп, Instagram, Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріне #ұстаздаркүні #поздравьсвоегоучителя #деньучителя хэштегтерімен бірге жүктейді. Акция ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр және 6 қазанға дейін жалғасады. Басты мақсат – ұстаздарға кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсету. Челленджге қатысып, эстафетаны достарыңызға таратуға шақырамыз!", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қазақстанда білім беру саласының қызметкерлері кәсіби мерекесін жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеді. Биыл Мұғалімдер күні 7 қазанға сәйкес келеді.




04 қазан 2018 г. 4 066 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 769 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930