» » Мемлекет басшысы «Назарбаев университетінің» президентіне тапсырма берді

Мемлекет басшысы «Назарбаев университетінің» президентіне тапсырма берді

Кездесуге Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, «University Medical Center» корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Ж.Жұмаділов қатысты. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасыға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жолдауда айтылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысының тұжырымдамасы ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, бұл орталықтың құрылыс жұмыстары биыл басталады. Жаңа медицина мекемесінде қатерлі ісік ауруларына диагностика жасап, емдеу үшін озық технология, соның ішінде лазерлік, сәулелік, жасушалы-иммунді терапия және өзге де заманауи әдістер қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына жолдаудағы жекелеген бағыттарды іске асыруға қатысты Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Ш.Катсу Қазақстан Президентіне Инновациялық кластердің жұмыс жоспары мен университеттің ғылыми-зертханалық кешенінің іске қосылуы жөнінде мәлімдеп, Назарбаев зияткерлік мектептерін дамытудың бірқатар мәселелерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

12 қазан 2018 г. 4 583 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031