» » Төменге құлдырататын үш саты

Төменге құлдырататын үш саты

  Мақсаты: оқушыларға темекі, ішімдік, есірткі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу;

Оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда,  темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру. Темекінің зиянын ғылыми дәлелденген       деректер  бойынша нақты фактілермен көз жеткізу, зиянды  әдеттерден  аулақ болуға тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

    


Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатыңа жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 5-6-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Төменге құлдырататын үш саты» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Бұл сабақтың мақсаты – темекі, ішімдік, есірткі туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.

1-жүргізуші: Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 5-6-сынып оқушыларының  арасында «Төменге құлдырататын үш саты» тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

2-жүргізуші: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға жауап алуға болады.

1-жүргізуші: Алдымен «Төменге құлдырататын үш саты» тақырыбындағы «ҮШ САТЫ» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

 

1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.

2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% .  Қатерлі ісік  ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.

1-жүргізуші:   Есірткі жайында сіздер не дейсіздер? Не білесіздер? Рахмет. Ал енді сынып оқушыларың тыңдайық.

Амина- есірткі жайында жалпы мағлұмат беріп кетеді.

Елжас-  есірткінің түрлеріне тоқталады.

Арна- есірткіні қолданудың себептерің айтады.

Бәрі бірге- ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОК!








2-жүргізуші: Ал енді ішімдікке тоқталсақ. Ол туралы сіздер не айтасыздар? Рахмет. Енді оқушыларды тыңдайық.

Азамат-ішімдік жайында жалпы мағлұмат береді.

Нұрбибі- ішімдіктің зиянығы жайында айтады.

Айгерім-ішімдік және жол мәселесіне тоқтайды.

Бәрі бірге- ІШІМДІККЕ ЖОЛ ЖОК!


1-жүргізуші:   Үшінші саты темекіге тоқталсақ. Сіздер өз ойларыңызды айтсаңыздар. Рахмет. 6 «Б» сынып оқушыларың тыңдасақ.

Айқын-темекі жайында мағлұмат айтады.

Арай-темекінің зияны жайында айтады.

2-жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі, ішімдік, есірткіні шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар оны қолданады?

1-жүргізуші: Күрк-күрк көк жөтел, Күркілдеген көк жөтел.

           Жасыңнан шексең темекі, Түбіңе сенің сол жетер.

           Түтінмен ыстап өкпені, Никотин уын төккені.

           Жүректің ұстап талмасы, Мишықтың құрғап кеткені.

           Салауатты өмір сүреміз, Темекіні шекпейміз.

Бәрі бірге- ТЕМЕКІГЕ ЖОЛ ЖОК!


2-жүргізуші: Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оң білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем беретін нәрсе.

1-жүргізуші: қазір оқушыларымыз шағын көрініс арқылы бүгінгі тақырыбымыздағы үш саты адам өмірін қалай өзгертетінің көрсетеді.

Көрініс: Арай, Диас, Мансур, Нурсултан.

2-жүргізуші: Ал енді сыныбымыздың оқушылары Аяулым, Нұрайым, Мадина сіздерге бүгінгі тақырыбымызға байланысты шығарған өлеңдерін оқып берсін.

Ортаға үш қыз шығады.

Мұғалім:  Міне, балалар біздің темекі, есірткі, ішімдіктін зиянын білуімізге арналған «Төменге құлдырататын үш саты» атты тәрбие сағатымыздың аяқталып қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин жүйке жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс қабілетін төмендетеді. Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер  қатарына жетуіміз үшін зиянды әдеттермен, соның ішінде темекі, ішімдік, есірткімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Сынып оқушылары хормен «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!» деп ортаға шығады.

1-жүргізуші: Назарларыңызға рахмет!

2-жүргізуші: Спосибо за внимание!

                      Thank you for your attention!




Гаухар Сыламжановна Моллаева

«№ 11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ - нің

Математика пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы


 

 

07 ақпан 2019 г. 3 236 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 797 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 365 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930