Қазіргі таңда білім беруде мұғалім, оқушы, ата –ана арасындағы байланысты дамытуда тренинг, шеберлік сыныбы, коучингтердің маңыздылығы
Осы кітапшаны, көпшілікке ұсынудағы негізгі мақсатым, әріптестерім мен жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивтік іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Мектеп, ата - анамен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген қарым –қатынасты арттыру, және білім беру жүйесіндегі өзгерістермен таныстыру. Тәрбие – отбасынан басталады, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. Мұғалім, оқушы және ата-аналарды деңгейлі бағдарлама идеясымен білім беру жүйесіндегі өзгерістермен танысады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан басталады. Сабақ барысындағы кері байланыстың тиімділігін түсінеді. Күнделікті сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алады. Келесі сабақтың жоспарын құруда, оқушылардың ұсыныстарын ескереді. Әрбір мұғалім өзіне есеп беруге дағдыланады. Оқушы, ата-ана, мұғалімдер арасындағы желілік қоғамдастық орнату мақсатында ынтымақтастық қарым –қатнасты жандардыру. Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдау көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Сыни ойлауға үйрену әдістемесін үйрету. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрену; Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрену; Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі».
Я. Л. Коменский.
Ұстаз ұлы тұлға
Ташбаева Қансұлу Ерназаровна 2002ж. Облыстық және 2010ж. Аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің семинарында десант сабақ берді. 2013ж Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейлік бағдарлама бойынша І ( ілгері) деңгей курсын аяқтап сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беруде.
Сонымен қатар Қ. Ташбаева жетекші мектептің төрайымы. Атамекен орта мектебіне бекіткен он бір мектептің І, ІІ, ІІІ деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдермен бірге «Болашақтың ұстазы» желілік қоғамдастық құрып мектепаралық, аудандық бірнеше семинарлар ұйымдастырып сол семинарларда шеберлік сыныптар, коучингтер өтіп аянбай еңбек етуде. Қансұлу апай «Тәжірибедегі рефлексия курсын» оқып тренерлік сертификатына ие болып, қазіргі таңда мектебіміздің 20 мұғалімін деңгейлік бағдарлама бойынша оқытып жүр.
Ата – анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін ұстаз. Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы. Бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаз Ташбаева Қансулу Ерназаровнаға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық болмас.
Әр адам ұстазды қадір тұтады. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүрген жандарды халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр оқушы жүрегінен алатын орны айрықша. «Ағылшын тілі» пәнінен сабақ беретін 30 жылын балаларға білім беруге арнаған Қансұлу апай жанұясының да ұйытқысы.
Ол кісі Жалғас ағамыздың асыл жары, үш қыз, бір ұлдың аяулы анасы. Үлкен қызы Көлбаева Гүлназ ана жолын қуып, ұстаздық мамандығын таңдады, ол Алматы мемлекеттік әйел – қыздар педагогикалық университетін аяқтап осы университетте математика пәнінен магистратураны оқып, қазіргі таңда колледжде жұмыс жасауда. Екінші қызы Дәрігүл, атына заты сай, дәрігер мамандығын Алматы қаласында «Асфендияров атындағы мед академиясының жалпы медицина» факультетін грантпен оқып, Жаңаөзен қаласының жігітімен тұрмыс құрып, сол қалада дәрігерлік қызметін абыроймен атқарып жүр. Үшінші қызы Ұлмекен, Оралда ҚАЗИТУда мемлекттік жергілікті әкімшілік басқару факультетін бітіріп, ол да еңбекке араласты. Ұлы Мақсат Алматыда М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының екінші курс студенті. Қыздарын құтты орындарына қондырған аяулы ана.
Қансұлу апай өте білімді, мейірімді ақкөңіл жан. Сөйлеген сөзі, берген ақылымен тәрбиесі, жүрген жүрісі, кішіге қамқорлығы жастарға үлгі, қай кезде көмек, ақыл сұрасаң, сол кезде қол ұшын беруге дайын абзал жан. Оқушыларды да бар күшін салып еңбектенуге баулиды. Балалардың жан – дүниесін түсінеді. Шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген өз пәнінің шебері. Қазіргі таңда өзінің шәкірттері Бортанов Нұрбол мен Нажетова Сара ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін үзеңгілес әріптестері. 2013ж Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейлік бағдарлама бойынша І (ілгері) деңгей курсын аяқтап, сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беруде.
Қансұлу апай жетекші мектептің төрайымы. Атамекен орта мектебіне бекіткен он бір мектептің І, ІІ, ІІІ деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдермен бірге «Болашақтың ұстазы» желілік қоғамдастық құрып, мектепаралық, аудандық бірнеше семинарлар ұйымдастырып, сол семинарларда шеберлік сыныптар, коучингтер өтіп жүр.
«Оқушыға ұстаз болу ірілік, Ұстазға ұстаз болу кісілік» деп даналарымыз айтқандай Қансұлу апай «Тәжірибедегі рефлексия курсын» оқып тренерлік сертификатына ие болып, қазіргі таңда мектебіміздің 20мұғалімін деңгейлік бағдарлама бойынша оқытып жүр.
Осындай ұлағатты ұстаздан тәлім алып, ұстазына деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде, сүйікті шәкірттерінің бірі Қанатбаева Гүлшат, Қансұлу апай сияқты мұғалім болуды ұйғарып, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде шетел тілдері факультетінің ағылшын тілі бөлімінің 2-курс студенті. Осындай өнегесі асыл, шәкірттеріне аса мейірімді, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік жанмен әріптестері мақтанады.
Ұстазымыз әлі де шаршамай шалдықпай еңбек етуде. Қоғамдық жұмыстарға да, мерекелерге де жастармен бірдей белсене қатысады. Мектептегі түрлі іс – шаралардың ортасында әрқашан Қансұлу апай табылады.
«Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті» дегендей, атыңызды Ай – әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін. Мектебіміздің он жылдық мерейтойы қарсаңында Қансұлу апайдың осы мектеп іргетасын қалаушылардың бірі болып, мектептің білім саласындағы жетістіктеріне қосқан үлесі орасан зор екенін айтпай кетуге болмас. Оның ерен еңбегі үшін 2014 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық творчестволық Бірлестігі «Лидер образования» төсбелгісімен, 2015 жылы «Қазақстан Ұстазы» қоғамдастығының «Қазақстан Ұстазы» куәлігі және «Қазақстан Ұстазы» І дәрежелі төсбелгісі мен «Қазақстан Ұстазы» жинақ кітабына енді. 2016 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Әл - Фараби» төсбелгісімен марапатталды.
Соның бірі де, бірегейі Қансұлу апайдың қызы Көлбаева Дәрігүл «Қызыл аттестатпен» бітіріп, мемлекеттік грантқа ие болып, мектеп мерейін асқақтатқан болатын. Сонымен қатар осы мектепте сынып жетекшілік жасаған бірінші 2011 жылғы түлектері жоғары оқу орындарын бітіріп, әр түрлі маман иесі болып, жұмыс жасауда. Өзімен бірге мектепте Төлеуов Қуандық, Артықбаева Жадыра мен Емутбаева Айжан мұғалім болып жұмыс жасап жатыр. 2014 жылғы екінші түлектері де, жоғары оқу орындарында оқып, әр түрлі салада жұмыс жасап жатыр. Оның көптеген ізбасар шәкірттері де бар. Олар Майланова Айнұр, Қаражанова Нағима, Абуова Айгүл, Өскінбаева Айткүл, Асанова Жанат, Ачибаева Динара, Қанатова Камшат, Серікбаева Гүлназ, Прімбетов Тұрғанбай, Дүйсенбаева Жеміс, Ташбаева Ақжарқын, Қолданбаева Айнагүл, Каракулова Айгүл, Мухамединова Ақтілек, Сүлейменова Жадыра, Таңбаева Толғанай ағылшын тілі пәні маманы. Қазіргі таңда Қанатбаева Гүлшат, Қалменова Меруерт. Юнусова Меруерт, Нурмуханова Нұржанат жоғары оқу орындарының студеттері, болашақ ағылшын тілі пәнінің мамандары, апайдың ізбасарлары. Бүгінде Маденова Жанар, Бортанов Нұрбол мен Нажетова Сара өзімен бірге жұмыс жасайды.
Қансұлу апайдың осындай жеңістері еселене берсін.
«Болашақтың ұстазы» желілік қоғамдастық бойынша 18. 01. 2014 ж күні «Атамекен орта мектебінде» аудан көлеміндегі мектеп басшыларына арналған « Жаңа қадам – жаңа талпыныс» атты семинарында «Оқушыға ұстаз болу ірілік, Ұстазға ұстаз болу кісілік» демекші « Менің болашақтағы мектебім » тақырыбындағы мектеп басшыларына өткізген шеберлік сыныбы сабағымның үлгісі.
18 ші қаңтарда Аудан көлемінде мектеп басшыларына Ұйымдастыру бөлімін ұстаздар арасында жағымды ахуал қалыптастыру,
«Жаңа қадам – жаңа талпыныс» атты семинар біздің қатысушылардың жақсы көңіл-күйін, қызығушылығы мен ынтасын ояту үшін
Атамекен орта мектебінде өтті
"Сағат бойынша достар" ой сергек ойынымен бастадым.
Менің мақсатым мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойлауда топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігіне көз жеткізу оны істәжірибеге енгізу болатын. Кейін шаттық шеңберін жасап Джигсо әдісін пайдаланып түрлі түсті қима қағаздардағы суреттерді құрастыру арқылы төрт
топқа бөлдім. Коучинг қатысушыларының қызыл, сары, ақ, жасыл түстердегі суретте қыйындысын Джигсо әдісі бойынша құрастыру арқылы төрт топқа бөліну кезінде
Ақ түсте 1 саны, қызыл түсте 2 саны жазылған, сары түсте 3 саны, жасыл түсте 4 саны жазылған карточканы әр столдың үстіне қойып әр топты өз орнына отырғыздым.
Мектеп басшыларына өзімнің пікірім мен тілегімді айтып Құмырсқа мен пингивин туралы мультфильм көрсету арқылы бүгінгі әңгіме не туралы болады? Қандай тақырып, маңайында өрбиді, Кандай негізгі мәселе көтеріледі деген сұрақ тастадым. Осы бейне жазбадан алған
әсерлеріңіз."Топтық жұмыс" туралы мәлімет алып өз пікірлерін ортаға салу мультфильмді көрсету арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып өз пікірлерін айтырып кері байланыс алдым. Осы бейне жазбада көшбасшылық, ынтымақтастық, топтық жұмыс және
кедергілер мен қыйыншылықтардың бар екенін айтып « Бірлік болмай тірлік болмас» «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»деген мақалдармен өз ойларын білдірді.Бүгін біз топтық жұмыс жүгіземіз деп топтың алтын ережесін құру әр бір қатысушы өзінің ереже туралы ойын бір бетке жазу жеке жұмыс кейін бірге пікірлесіп әр топтың мүшелері тақтаға плакатқа жазып орталықтан ереже шығару және осы ережеге бағыну керектігін айтым. Топ мүшелерінің атқаратын міндеті туралы түсінік парақшасын әр топқа беріп және өз міндеттерін бөліп алуын ескерттім.
Әр топтың өздерінің атқаратын көшбасшы, хатшы, дизайнер, таймкипер,спикер міндеттерін бөліп алу үстінде және ережесімен танысуда. Бейне жазбаны көргеннен кейін өз ойларын талқылау барысында
Коучинг қатысушыларына презентация арқылы менің болашақтағы мектебім тақырыбына ой қозғау. Сыни тұрғыдан ойлау бойынша өз мектептерін көз алдарына елестетіп өздерінің ойпікірлерін ортаға салды. Менің болашақтағы мектебім тақырыбында сыни тұрғыдын ойлауда әр топ мүшелері өздерінің болашақтағы мектебін көз алдарына елестетіп
топпен бірге ақылдасып мектебінің макетін салып, кедергілерден шығу жолдарын қарастыруда
Әр топ түрлі түсті қағаздармен өздерінің мектептерінің жобасын жасады және мектепте кездесетін кедергілерден шығу жолдарын қарастырды өте қызық пікір талас болды. Кейін құрған постерлерін әрбір топ спикерлері қорғау үстінде № 4 топ Жасыл түстегі топтың спикері. № 2 топ Қызыл топ спикерлері
№ 3 Сары түстегі топтың спикері. № 1 топ Ақ түстегі топтың спикері
Сіздің мектебіңізге өзгеріс не үшін қажет? сұрағына қорытынды жасау үшін әр топ өздері таңдаған түстері бойынша өз ойларын ашық айту. Ақ түс мәліметтерді таза күйде беру, қызыл түс алған әсерлерін айту, сары түс жаңа көзқарасын білдіру, жасыл түс болжам айту тапсырмасын бердім. Бұл тапсырманы да жақсы орындады әр түрлі қызық ой пікірлерін ортаға салды.
Қызыл түс алған әсерін айту үстінде.Ақ түс мәліметтерді таза күйде беруде
Жасыл түс болжам айту кезінде. Сары түс жаңаша көзқарас ойын айтуда
Бағалауда өздерін өздері смайлингтер арқылы бағалайды бір бірін смайлингтермен жақсы бағалады. Кері байланыс алу мақсатында екі тілек бір жұлдыз бойынша өздерінің рефлексиясын жазба түрде стикерлерге жазды. «Lesson Study» туралы түсінік бердім. Бұл коучингте Lesson study-дің шығу тарихы, оның қажеттілігі, тиімділігі жайында бейнеролик көрсеттім. Өздерінің пікірлерін тыңдадым кейін презентация арқылы Lesson study-дің атқаратын қызметі, міндеті, мақсатын түсіндірдім.
- Сергіту сәті: зарядка биіне билету. Өткізілген іс-шаралардың барлығында бейнеролик пен слайдттар, постерлер пайдаланылды. Рефлексия өздерінің алған әсерін кері байланыс стикерге жазба түрде берді. Менің ұққаным әр бір қатысушы өздерінің алған әсерлерін жазғанда маған рахмет айтып өз ризашылықтарын білріріпті және көп нәрсе үйренгендерін осы тәсілдер тиімді екенін келешекте пайдалануға болатынын айтып жазыпты өздерінің кері байланыс жазған стикерлерінде коучингтің ұнағанын, менің тәжірибелі мұғалім екенімдіде жазыпты. Барлық семинар қатысушылары коучингке белсене де қызыға араласып отырды. Коучингтен соң ІІІдеңгей курс бағдарламасы бойынша сертификатталған Осербаева Асель 7 сыныпқа «Көксерек әңгімесіндегі негізгі мәселе» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа барлық мектеп басшылары қатысты. Сонымен қатар семинарда ІІІ деңгей курс бағдарламасы бойынша сертификатталған тарих пәні мұғалімдері Сақтағанов Қадірхан мен Атаниязов Сабит «Сындарлы оқытудың мақсаты мен міндеті»,«Сабақ беру барысында7 модульді ықпалдастыру» атты тақырыпта жалпылама түсінік берді
Сөз соңында қазіргі оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түседі. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайды. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Өсербаева Әселдің 7 «В» сыныбына «Көк серек » тақырыбында өткізген ашық сабағы
Білім бөлімінің үйлестіру орталығының басшысы Джаулыев Шоқан семинар соңында сөз сөйледі семиардың жақсы деңгейде өткенін айтып өзінің ризашылығын білдірді.
Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша көп мәліметтер алғанын және өздерінің ризашылығын білдіріп, келешектеде біздің мектепте осындай шаралар ұйымдастырылса деген ұсыныс айтты.Бұл семинардың бізге берер жақсы тұстары көп сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болады деп қорытындылады.Өткізілген іс-шаралардың барлығында бейнеролик пен слайдттар, постерлер пайдаландық.
Семинар аяқталғаннан кейінгі сәттер
Семинар қатысушыларымен бірге түскен суретіміз
Назарларыңызға үлкен рахмет! Сіздердің көңілдеріңізден шықса мен өте бақыттымын.
Мектепішілік семинарда Сыни тұрғыдан ойлау топтық жұмыс.2 топтың мүшелері
топқа берілген тапсырманы орындау кезінде
5 топ өзіне берілген тапсырманы талқылап постер құру кезінде
1 топ пен 4 топтың мүшелері топтық жұмысты әр топ өзара орындауда
3 топтың берілген тапсырма бойынша постер жасау кезінде
Сергіту сәті
Бейне жазбаны көргеннен кейін Қадірхан өз ойын түсінігін айту кезінде
Тапсырма түсіндіру және тарату кезінде
Берілген тапсырма бойынша топ арасында талқылау кезеңі
Айнұр мен Қадірхан бағдарлама бойынша өз топтарына түсіндіруде
«Lesson Study» коучинг сабағында. «Lesson Study» бейне жазбаны көру кезінде
«Lesson Study» бойынша тапсырманы түсіндіріп әрбір топқа беру кезінде
Тапсырма бойынша әрбір топ спикерлері өз пікірлерін айтуда
Шығармашылық топтың отырысында жаңа әдіс тәсілдерді талқылау кезінде
11 сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер арасында «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» атты тілдер апталығында өтекен « Мен таңдаған мамандық» шеберлік сабағының үлгісін ұсынып отырмын.
Мақсаты: Оқушы, ата-ана, мұғалімдер арасындағы желілік қоғамдастық орнату мақсатында
ынтымақтастық қарым –қатнасты жандардыру. Оқушыларға болашақ мамандық және оқу
бағдарын таңдау көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетаны-
мын кеңейту; Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін
құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Сыни ойлауға
үйрену әдістемесін үйрету.
1.Мұғалім, оқушы, ата – аналарға психологиялық ахуал туғызу (5 мин) Психология ахуалды орнату үшін «танысу термині» әрбір қатысушы өзін таныстырып, атының бас әрпімен басталатын мінезін, келбетін суреттейтін жағымды сөздер айту. Шеберлік сыныбына қатысушыларды. Алғыр оқушы, мейрімді мұғалім, қамқоршы ата-ана деп 3 топқа бөлемін. Топқа бөліп отырғызу, топтарына тобының атын қорғату. Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ереже құру керектігін түсіндіру. Топтарға бірін-бірі бағалату смайлинг арқылы
- 1 тапсырма 2 мин. Мамандық туралы бейнежазба көрсету арқылы тақырыпты ашу, қатысушылардың пікірін тыңдап кері байланыс жасау бейнежазба көрсету өздерінің алған әсерлері арқылы пікірлерімен бөлісу.
2-тапсырма 10 мин. Психологиялық тренинг «Жүрек кімге тиісті» әрбір қатысушы мамандықтардың суреттерін таңдап алу, таңдаған мамандығын қорғау үшін қызу пікірталас жүргізу жүрек өзіне тиісті екенін дәлелдеу, жүрек үшін күресу
1.ең тәтті мамандық, 2.нағыз ақшалы мамандық
3.ең ыңғайсыз мамандық
4. адамдар арасында ең көп қарым-қатынас жасайтын мамандық
«Алақан» әдісі бойынша рефлексия жасатамын:
Кішкентай саусаққа-тақырыптың пайдалы жақтарын жазады;
Екінші саусаққа –тақырыптың ұнамсыз немесе теріс жақтарын жазады;
Ортаңғы саусаққа – түсінбеген мәселе жөнінде сұрақтарын жазады;
Нұсқаушы саусаққа –ойлануы тиіс мәселені жазады;
Бас бармаққа – қолданамын деген ақпаратты жазады;
Топтар бір-бірін смайлинг арқылы бағалап отырады, белсенділік танытқан топты мадақтау. Сабақ соңында қатысушы мұғалімдермен оқушы-ларға мадақтама қағазы берілгеді. Ал ата-аналарға алғыс ретінде мадақтама қағазымен бірге сувинер сыйлық беріледі. Коучинг-сессия
Мектепішілік ата- аналар жиналысы
Тақырыбы : «Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі»
Ташбаева Қансұлу Ерназаровна
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы,
«Атамекен орта мектебі» КММ
жоғары санатты,
І (ілгері) деңгей ағылшын тілі пәні мұғалімі