» » Бізге бір-бірімізге деген достық сүйіспеншілік керек

Бізге бір-бірімізге деген достық сүйіспеншілік керек

Ардақты Қазақ елі! Қазіргі таңда әлемдегі орын алған жағдай бүкіл жаһан жұртшылығына көптеген қиындықтар туғызып отырғаны белгілі. Асылы бір ата, бір анадан өрбіген адамзат баласы бұл қиындықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біріккенде ғана шыға алатынын түсінгендей. Біздің ата-бабаларымыз да «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын», «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақыл сөздерді өсиет етті. Еліміздің бұл тығырықтан шығуына бірден-бір жол баршамыздың бір мақсатқа жұмылуымызда екені аян. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында халқымызды осы бірлікке, бір-бірімізге шынайы көңілмен көмекке ұмтылуға, тәртіпге бағынуға шақырып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлының «Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар.» - деп жеткіншектер мен жастарға өсиет айтуы өте орынды деп есептеймін. Себебі «Жас кәрінің көзі, кәрі жастың тезі» демекші, болашақ ұрпақты тезге салып түзеу, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру аға буынның міндеті. Еліміздің бұл қиындықтарды абыроймен еңсеріп, бұл сынақтан ысылып, бұрынғыдан да қайратты, мықты болып шығуы өз қолымызда екенін ұмытпайық. Әрине ол үшін бізге ынтымақ, мейірімділік, темірдей тәртіп, бір-бірімізге деген достық сүйіспеншілік керек. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болғай!


Автор:

Жүдебаев Арман Әділханұлы,

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының

ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Алматы қаласы

08 сәуір 2020 г. 1 794 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031