» » Аружан – Гонконг баптист университеті грантына ие болды

Аружан – Гонконг баптист университеті грантына ие болды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Аружан Сарбиева Гонконг баптист университетінің (Hong Kong Baptist University) толық грантына ие болды. 

Аружан үшін аталған оқу орнына түсу басты армандарының бірі еді. Енді міне өз білімінің арқасында әлемдік рейтингте орны бар университетке түскен мектебіміздің алғашқы шәкірт.

1956 жылы іргетасы қаланған оқу орны тізімде жер шары бойынша 261 –ші орында тұрса, Азия құрлығында үздік 50 университеттің қатарына кіреді. Оқу жылының басында тиісті құжаттарын жолдаған шәкіртіміз араға уақыт салып, университет өкілдерімен скайп арқылы ағылшын тілінде сұхбаттасты. Сұхбат барысында Аружаннан неліктен сол оқу орнын таңдағанынан бастап, жалпы Гонконг қаласына қатысты бірнеше сауалдар қойылды. Жолданған сұрақтарға лайықты жауаптар қайтарылды.

-Менің алдымда бірнеше таңдау тұрды. Әлемнің әр қиырындағы танымал оқу орындарына құжаттарымды жолдаған болатынмын. Соның ішінде жаныма жақын болғаны Гонконгтағы баптист университеті. Өйткені, маған ол университеттің білім беру үрдісі, қатаң тәртіп,талапшылдығы мен бәсекелестіктің жоғары екендігі ұнады. «Бизнес басқару» мамандығын таңдадым. Болашақта отандық бизнестің өркендеуіне үлес қоссам деймін, - дейді оқушымыз өз сөзінде.

Арманы асқақ, талабы таудай Аружанның алдағы өміріне тек қана сәттілік тілейміз!

Дереккөз: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі, 

"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

27 наурыз 2020 г. 1 291 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 921 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031