» » Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.   "Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет" деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды  факторы болып табылады.   

         Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

         Бүгінгі таңда жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені баршамызға мәлім. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көптеген іс-шаралар қолға алынып жатыр. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда.

         Осыған орай «Өрлеу» БАҰО» ПҚБА институтының қызметкерлері ұйымдастыруымен институтта бірнеше ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі          «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2021 жылдың 02 ақпанында «Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстелдің мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып- қатерден сақтау болып табылады.

         Аталған іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушылары мен Шымкент қаласы, Келес, Жетісай, Шардара аудандарының мектеп өкілдерінен 30-ға жуық мұғалімдері қатысты.

         Дөңгелек үстел барысында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Шораева У.Б баяндама жасап, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, оның салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.

         Талқылау барысында Келес аудандық білім бөліміне қарасты №52 С.Бегалин ЖОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кузенбаева М.К баяндама жасап, сондай-ақ Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №119 Маятас ЖОМ ДТЖ орынбасарлары Даутова А.Е мен Таскулова Г.Л өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал ететіндігін айта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет деген пікірге келді. 


Автор:

Улбала Шораева,

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу  және бастауыш оқыту»

кафедрасының аға оқытушысы

05 ақпан 2021 г. 3 097 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 004 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 800 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930