» » Білімді ұстаз - білікті басшы

Білімді ұстаз - білікті басшы

 

Латып Алиби Турсынгалиулы,

«Ақтөбе қаласының Ұзақбай Құлымбетов атындағы 

№ 64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ  директоры

 Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет.

   Дүниедегі мамандық атаулының анасы–ұстаздық. Себебі ұлы тұлғаларымыздың барлығы ұстаздан тəлім алған, ұстаздың салып берген сара жолынан өткен. Өлең сөзді өрнектеген ақын да, қаламы қарышталған жазушы да, ғылым жолында түрлі жаңалықтар ашып жүрген ғалым да ұстаздан білім алған.

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз.

Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ұстаздың ісі  жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздарымыздың  бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.

  Әр мемлекеттің басты байлығы халық дейтін болсақ, халықтың білімділігі бәсекеге қабілеттіліктің негізі құралы. Қазақстанда заманауи үлгідегі , әлемдік білім стандартына сай білім мен тәрбие беруде жаңаша бағыттағы мектептер бой көтерді, осындай  білім беру ордасының бірі –  «Ақтөбе қаласының Ұзақбай Құлымбетов атындағы  № 64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ  .

Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын жаңа ауданында  2017 жылдың

2 қыркүйегі күні   600 орындық Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебі ашылып,  болашақ жас ұрпақты тәрбиелеп, таудай азаматтарды  қалыптастыра,  мектеп түлектерінің түлеп ұшуына   ұстаздар қауымы өз үлестерін қосып үлгерді.

    Білім ордасының заман  ағымына қарай дамуына, ұжымда білім алушыларға дәріс беретін замануаи көзқарастағы , жаңашыл педагогтар легінің  қалыптасуы білікті басшы , мектеп директоры Латып Алиби Турсынгалиулының басқару қызметіндегі еңбегінің нәтижелілігін айқындайды.

Латып Алиби Турсынгалиулы  Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін 2001 жылы кәсіптік жоғары білімді, тарихшы, тарих оқытушысы біліктілігі бойынша аяқтаған. Қазіргі таңда жалпы еңбек өтілі-19, педагогикалық еңбек өтілі - 12, басшылық қызметтегі еңбек өтілі - 9.

Пән бойынша біліктілік санаты -педагог – зерттеуші, І біліктілік санаттағы мектеп директоры  .

      Латып Алиби Турсынгалиулы  алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа орта мектебінің тарих және география мұғалімі қызметінен бастап ,  білім беру ұйымының басшылық қызметіне дейін, өзінің жауапты маман, іскерлік қасиеттерінің нәтижесінде  ҚазГЗУ Батыс Қазақстан гуманитарлық-заң  колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті ММ бас маманы, «Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы» ММ халық шығармашылығы және кітапханалар жұмысы бөлімі бастығының м.а. «Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»  ММ бас маманы, «Ақтөбе облысының ішкі саясат департаменті» ММ бас маманы, Ақтөбе облысының әкімі орынбасарының бас маманы, «Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ балалардың құқықтарын қорғау,  мониторинг және ақпараттық - талдау жұмысы бөлімінің бастығы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Нұр Отан» ХДП АОФ қоғамдық-саяси жұмысы бөлімінің консультанты, «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ құқықтық- ұйымдастыру сұрағы бойынша, жастар саясаты және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі қызметтерін абыройлы атқарған.

      Білім беру ұйымының басшылық қызметін 12.2012 жылдан (12.2012 ж. - 06.2014 ж «Ақтөбе қаласының   № 47 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ,06.2014 ж. - 11.2017ж  Ақтөбе қаласының   № 16 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ )бастап, 11.2017 жылдан бері «Ақтөбе қаласының Ұзақбай Құлымбетов атындағы  № 64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ  директорлық қызметін  абыройлы атқарып келеді. 

Латып Алиби Турсынгалиулы  басқарып отырған білім беру ұйымында қазіргі таңда 1809  оқушы үш аусымдық кезеңге сәйкес білім алуда. Барлық педагогтар саны- 111, оның ішінде жоғары білімді  педагогтар - 101 (91%), ғылыми академиялық дәрежесі (магистр, бакалавр) бар педагогтар -51 (45%); «педагог - зерттеуші» біліктілік санатты  педагогтар - 33 (31%) құрайды.

Педагогар бойынша кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары саны: қалалық - 12, облыстық - 49, республикалық - 103, халықаралық -45.

Білім алушылар жеңімпаздар саны:қалалық - 28, облыстық - 39, республикалық -251, халықаралық -214.

Мектебімізде   Ақтөбе облысына қызметтік сапармен келуші мамандардың педагогтар қауымдастығымен және білім беру саласының қызметкерлерімен жиі кездесулер ұйымдастырылады, соның бірі Білім және ғылым министрі А.Айтмағамбетовпен кездесу барысында мектептерге магистрлік білімі бар мамандарды тарту қажеттілігі туралы баса айтқан сөзі педагогтарға ой салды.

Мектеп басшысы Латып Алиби Турсынгалиулы білім ордасының есімі Ұлтын ұлық тұтқан - Ұзақбай Құлымбетовтың өмірі мен ол туралы жинақталған деректерді білім алушылар мен педагогтарға дәріптеу, насихаттау, ұрпақтарымен кездесу ұйымдастыру барысындағы іс шаралардың мүмкіндігінше жылма жыл өткізілуіне аса зор көңіл бөліп,  дәстүрге айналдырып келеді.

Сонымен қатар мектеп өмірінің тынысымен  , түрлі іс шаралардың нәтижелі өтуін басты назарда алып , талдаулар жасауы алдағы мақсатты айқындайды.

 

Басшылық қызметінде Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелей отыра нәтижелітөмендегідей жетістіктерге ие  болып келеді.

2017 жылы Алғыс хат. Ақтөбе қаласының орынбасары Л.Уразбаева, Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов . Құрмет грамотасы. «Өрлеу» БАҰО» АК филиалы Ақтөбе облысы бйынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Н.Абишева.

2018 жылы Алғыс хат. Ақтөбе қалалық «Қос Шынар» Әлия Мәншүк қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байдербес, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Л.Уразбаева ,  «Ақ көгершін» балалар қорының Президенті Т.Ескенова.

2019 жылы  Алғыс хат. Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары А.Арынгазиева, Suleyman  Demiril Unevirsitety ректоры Қ.Т.Қожахмет, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Р.Ердембеков, «Өрлеу» БАҰО» АК филиалы Ақтөбе облысы бйынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорының м.а. А.Аймукатов,  Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары М.Тоқжанов.

2020 жылы  Алғыс. «Nur Otan» партиясы Ақтөбе  қалалық филиалының төрағасы А.Шахаров.  Алғыс хат. Suleyman  Demiril Unevirsitety ректоры

 Қ.А. Ерғалиев.

      Сонымен қатар тәжірибелі педагог, білікті басшы ретінде әдістемелік бағытта, өз тәжірибесімен  бөлісу барысында,  2020 жылы  «Мектепке дейінгі, жалпы орта және арнаулы  білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» атты қашықтықтан  өткізілген Халықаралық  педагогикалық конференциясына  «Жаңартылған білім берудегі интерактивті  әдістерді  мектепте оқу үдерісінде  қолданудың ерекшеліктері» және «Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас»тақырыбындағы VI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына  «Цифровые технологии оброзавнии» атты баяндамалары  ұсынылып, жинақта жарық көрді.                                                                                                                                                                         

   Білім ордасында білім алушылардың сапалы білім алуы мен педагогтардың шығармашылықтарын шыңдауда бірден бір жолы - мектептің материалдық базасы, осы бағыттың жоспарлы түрде іске асуы  мектеп басшысының  басты назарында . 

Білім беру ұйымында тосқауылсыз ортаның (пандус, лифт, көтергіш, тактильді жолдар, Брайль тақтайшалары) болуы бойынша да  ерекше мән беріліген : А және Б блоктарында пандус, тактильді жол, Брайль тақтайшалары орнатылып , әр қабатта көрсеткіш белгілері қондырылған . 

Қолайлы жағдай және қауіпсіз орта жасау барысында 42 - бейнебақылаумен қамтамасыз етілген және ғимаратқа кіруді  (турниктердің болуы (қарапайым, бет тану, білезікпен, саусақ ізімен)  бақылауды ұйымдастыру мақсатында заман талабына сай жабыдықтармен қамтылған.

«А» – блогы турникеті « Б» – блогы  турникеті
- хабарландыру жүйесінің болуы ("дабыл түймесі");

 - күзет қызметі субъектілері: күзетшілер, вахтерлермен қамтылған

Материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында қазіргі заманғы жабдықтарды, цифрлық зертханаларды, интерактивті жабдықтарды, оқу кабинеттері мен т.б. сатып алу барысында 16-  интерактивті тақта , 4-сатып алынған кабинеттер (биология, химия, физика, робототехника)  және 18-құжатталған оқу кабинеттері жұмыс жасауда.

 Мектеп басшысы  педагогтардың кәсіби біліктілігін шыңдай отырып, озат тәжірибелі ұстаздардың іскерлігі мен шығармашылығын ұштастыра,  ұжымымен, ата-анамен  бірлесе  білім беру ұйымын жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуіне зор үлесін қосып, белсенділік танытып келеді.

Латып Алиби Турсынгалиулы  кәсіби біліктілігі жоғары тәжірибелі педагог, өз ісінің шебері, қоғамдық жұмыстарға зор жауапкершілікпен қарайтын,  еңбексүйгіш маман иесі.

Заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті басшы  екеніне сеніміміз мол.


 


 

12 мамыр 2021 г. 11 698 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 264 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 624 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031