» » "Шығармашыл ұстаз - 2020"

"Шығармашыл ұстаз - 2020"

«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-сынып оқушысы Амина Бүркітова

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы

Жетекшісі: Мүтиева Алия Тарғынқызы.

Менің ардақты ұстазым

        Ұстаз-ұлы есім. Ұстаз әрқашан қадірлі,қасиетті ұғымды білдірген. «Алты алаштың баласы бас қосса,ең қадірлі орын мұғалімдікі»деп Мағжан Жұмабаев атамыз бекер айтпаған. Себебі, ұстаз-әмбебап білімдар, салауатты, салтанатты маман иесі.

         Адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты дейміз. .Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Менің кеудеме сәуле түсірген жан,  ол менің ұстазым-Алия Тарғынқызы. Ұстазымыз  бізге бар білгенін үйрету  үшін қаншама тер төгіп жүр десеңізші?! Мектеп табалдырығын әріп білмей аттағанымызда бізді мейіріммен қарсы алып, оқытып сауатымызды ашты.Сондықтан, ұлағатты ұстазымызға біздер өмір бойы қарыздармыз, борыштармыз, алғыс білдіріп өтеміз.

         Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, қатайтады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондықтан ұстазыңды қадірле деп,- жейе айтады маған анашым. Бұл сөз бізе ұстазымыз жаңа нәрсемен таныстырып, үйреткен сайын есіме түседі.Ұстаз да біздің екінші анамыз. Себебі, ол да ата-анамыз сияқты бізге біліммен қатар тәрбие беруде. Ардақты ұстазыма сол үшін де рахмет!

Қазақта: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», «Ұстазға қарап шәкірт өседі», «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр», «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деген нақыл сөздер бар. Демек, бұл ойларда «ұстаз  еңбегі-ұлы еңбек» екенін аңғартады.

Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты,

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін» - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, ұстаздар білім нәрімен сусындатып, әдептілікке, білімділікке үйретуде. Сондықтан да біз ұстаздарымызға мың алғысымызды айтып, басымызды иеміз!

  
13 ақпан 2020 г. 3 918 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 831 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 737 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930