» » Алтынсарин академиясында әдістемелік орталықтардың даму перспективалары талқыланды

Алтынсарин академиясында әдістемелік орталықтардың даму перспективалары талқыланды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өңірлердегі әдістемелік орталықтардың басшыларымен кездесіп, әдістемелік қызметтің 2022 жылға қойылатын басымдықтарды анықтады.

Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әдістемелік орталықтардың басшылары талқылау өткізді.

Жиын барысында Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мен Академия президенті Ғани Бейсембаев сөз сөйледі.

Академияның әдістемелік орталықтармен өзара байланыс орнату мәселелері, педагогтерді аттестаттауға қойылатын жаңа талаптар, мектеп директорларын ротациялау жөніндегі шаралар, пән мұғалімдері республикалық қауымдастықтарының қызметі, нұсқаулық-әдістемелік хат және т. б. мәселелер қаралды.

Өз кезегінде әдістемелік орталықтардың басшылары орталықтардың құрылымдық ерекшеліктері, олардың міндеттері мен даму перспективалары туралы баяндады.

 Жиын соңында ҚР БҒМ мен Алтынсарин академиясының өкілдері өңірлік әдістемелік орталықтар басшыларының сұрақтарына жауап берді.
16 желтоксан 2021 г. 14 570 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 672 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 738 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031