» » NIS ауыл мектептеріне қолдау көрсетеді

NIS ауыл мектептеріне қолдау көрсетеді

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын қолдайды.

Жобаның негізгі мақсаттары – ауыл мектептеріндегі барлық тәжірибелі мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану тәжірибесін және оқытуды жақсартуға қажетті инновациялық ресурстарды қалыптастыру.

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының «Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 17 ауылдық тірек мектебінің қатарына енді.

Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектебінде ауыл мектебінің әкімшілігіне оқу семинары ұйымдастырылды. Бірінші семинар кіріспе мазмұнда өтіп, қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен, оқу үдерісі, тәрбие жұмысы мен қосымша білім беруді ұйымдастыру және функционалдық сауаттылықпен оқу жоспарымен танысты.

Түрлі пәндер бойынша сабақтарға қатысу барысында ұстаздар кездесудің маңыздылығын, білім беру қауымдастығына кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген іс-шараның ашықтығы мен жүйелілігін атап өтті.

 «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жоба аясында материалдық база мен барлық инфрақұрылымды жаңарту, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, жүйелі мониторинг және педагогикалық ұжымды әдістемелік қамтамасыз ету, ең өзекті тақырыптар бойынша көптеген семинарлар, тренингтер, практикумдар мен тағылымдамалар өткізу жоспарлануда.

Дереккөз: Пресс-служба NIS Талдыкорган
12 қазан 2022 г. 1 874 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 586 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930