» » Әлеуметтік серіктестік

Әлеуметтік серіктестік

  Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Алматы облысының мамандандырылған мекемелері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында еріктілер қозғалысын кеңейтуге және оқушылардың жаһандық жауапкершілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің серіктестері Есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, «Айналайын балалар үйі», «Бәйтерек» күндіз болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Облыстық мамандандырылған балалар үйі, Аналар үйі, Ардагерлер үйі және Ескелді ауданы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебіболып табылады.


Тоғызыншы жыл қатарынан мектеп қабырғасында «Қамқор», «Жақсылық жасауға ұмтыл», «Жүректің қалауымен», «Көтеріңкі көңіл-күй сыйла», «Үміт үйі» атты әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Оқушылар мамандандырылған мектептердің оқушыларына ағылшын, қазақ тілдерін үйретеді, математика, сөйлеуді дамыту сабақтарын өткізеді, қайырымдылық акцияларын, жәрмеңкелер, білім сайыстары мен викториналар ұйымдастырады.

 








Биыл, барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Ұрпактар сабақтастығы» атты жаңа әлеуметтік жоба өз бастауын алады.














Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
18 қазан 2019 г. 13 550 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 577 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930