» » Үштілділік – заман талабы

Үштілділік – заман талабы

Ауыл оқушыларына Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас еріктілері ағылшын тілін үйретеді.

Шымыр ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің оқушыларына аптасына екі рет ағылшын тілі оқытылатын «English club» әлеуметтік жобасы 2018 жылы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда жобаны 10Е сынып оқушылары сәтті жүргізіп жатыр. Оқыту ойын және жаттығу түрінде өтеді.

«English club» жобасы ауыл оқушыларының білім олқылықтарын толтыруға, тілдік кедергіні жеңуге көмектеседі және шет тілдерін одан әрі оқуға ынталандырады», - дейді жоба үйлестірушісі, 10-сынып оқушысы Мәдина Шаханова.

М.Мәметова атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Айзере Ғизат  ағылшын тілі сабағына екінші жыл қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ол қарапайым білімді ғана емес, мәтіндерді өз бетімен жазуды да үйренді. Бұл ол үшін үлкен қадам.

– Жобаның арқасында біз қажетті білім алуға мүмкіндік алдық. Жасыратыны жоқ, ағылшын тілін білу еліміздегі және әлемнің үздік университеттеріне жол ашады, – дейді Айзере.

  Биылғы оқу жылында «English club» жобасына Шымыр ауылдық мектебінен 40 оқушы қатысады. Бүгін алғашқы сабақтар өтті, алдағы уақытта қызықты, танымдық, ең бастысы қажет ағылшын тілі сабақтары өз жалғасын табады.

Айта кетейік, 2018 жылы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зитякерлік мектебі мен Шымыр ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 


Пресс-служба NIS Талдыкорган
20 қыркүйек 2022 г. 1 667 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 154 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031