» » Жамбыл облысы бойынша 130 жас мұғалімді біріктірген Форум

Жамбыл облысы бойынша 130 жас мұғалімді біріктірген Форум

     Тараздағы  «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» өңірлік форумын Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов ашып берді. Өзінің жас маман болып алғаш жұмыс бастаған күнін есіне алып, өз естелігімен бөлісіп жас ұстаздарға сәттілік тіледі.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актеры, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты, əдебиет саласының үздігі, театр жəне кино актеры Ақүрпеков Кенен Сəкенұлы жас ұстаздарға өз арманына қалай жеткені туралы, мақсатының айқын болғанын  айтып, қандай іс бастасаңда алға ұмтылу қажет деді. 

Сонымен қатар, армрестлингтен ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 2 дүркін Əлем чемпионы, Азия жəне Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Сейдіш Сандуғаш Аймұратқызы спорттағы жетістіктеріне ең бірінші өз-өзіне сенімділік арқылы жеткенін жеткізді. Мұндай мотивациялық алғы сөздер қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.  

Форум барлық қатысушыларды біріктірген «Біз – бір командамыз» тренингімен жалғасты.  Оқыту мәселелерін талқылау бойынша тақырыптық алаңдарындағы тренингтерден жас ұстаздар біршама ақпарат алды.

– Бұл форумға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын, себебі өзім сияқты жас мамандармен кездесіп, таныстым. Озық тәжірибені үйрену және мамандықтағы жаңа идеяларды анықтауға мүмкіндік алдым, - ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Тәттібаева.

Форум саз және сурет шеберханасында, хореография залдарында «Active spot» шарасымен жалғасты. Іс-шара жұмысы «Форум барометрі» кері байланысымен аяқталды.

Автор: Жібек Жұмаділләқызы

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

09 қараша 2022 г. 1 564 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 946 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031