» » “Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

"Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық конкурсы биыл облыстық және қалалық кәсіподақтардың қолдауымен үшінші рет өткізіліп, мұғалімдердің кәсіби өсуін ынталандыру үшін жақсы дәстүрге айналды. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Ақтөбе облысы білім басқармасының, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ, Білім қызметкерлерінің Ақтөбе қалалық кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде "Ақтөбе-Өрлеу" директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева аталмыш конкурстың ҚР Оқу-ағарту Министрлігі, "Өрлеу" БАҰО" АҚ бастамасымен өткізілгендігіне назар аударды, сондай-ақ біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталғандығына ерекше тоқталды.
Конкурс 22 номинация бойынша өткізілді, облыстың 280-нен астам педагогі қамтылды, жеңімпаз мұғалімдердің 18 бейне-сабағы анықталып, олар конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді.
Бүгін педагогтерге дипломдар, алғыс хаттар , гүл шоқтары және кәсіподақ комитетінен ақшалай сертификаттар табысталды! Жеңімпаздарды құттықтай отырып, конкурстың республикалық кезеңінде жарқын жеңіс пен сәттілік тілейміз! "Ақтөбе-Өрлеу" кәсіподақ комитеттеріне қолдау көрсеткені үшін, Ақтөбе облысы білім басқармасының, Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдеріне жылы лебіздері мен қатысқаны үшін алғыс білдіреді!

АВТОР: 

Орынғалиева Гүлназ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша КДИ маманы



14 қараша 2022 г. 1 767 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930