» » Колледж студенттеріне арналған грант саны 45 мыңға артты

Колледж студенттеріне арналған грант саны 45 мыңға артты

  Колледждерге академиялық дербестік берілді. Енді колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, оқу мерзімдері мен білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес айқындайды,  деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 180 ТжКБ ұйымдары стратегиялық даму жоспарларын жаңарта отырып, заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталған.«Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтар алған колледждер де өздерінің шеберханаларында өз өнімдерін шығарып, оларды сататынын атап өту маңызды.Білім беру менеджментін жетілдіру және педагогтердің құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.Колледж педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесі қайта қаралды, енді курстар теорияның 60% - ын және өндірістегі практиканың 40% - ын көздейді.Дуальды оқытуды дамыту үшін нормативтік құқықтық база жетілдірілуде. Кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында өндірістен тәлімгерлерге еңбекақы төленеді, дуальды оқыту кезінде практикадан өту мерзімі студенттің еңбек өтіліне есептеледі.«WorldSkills Kazakhstan» қозғалысын дамыту. Бүгінгі таңда WorldSkills кәсіби стандарттары білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылды, WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихандар өткізілуде, сондай-ақ WorldSkills ТжКБ ұйымдарының материалдық базасын жаңарту кезінде бағдарға айналды.Жыл сайын Қазақстанның WorldSkills халықаралық чемпионаттарындағы позициясы жақсарып келеді. Егер Қазан қаласында өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында жалпыкомандалық есепте Қазақстан 63 қатысушы ел арасында 14-орынға ие болса, биыл Қазақстан әлем чемпионатына қатысушы 55 ел арасында WorldSkills Competition 2022 Special Edition чемпионатында 10-орынға ие болды.
20 желтоксан 2022 г. 3 782 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 921 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930