» » «Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы туралы ақпарат

«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы туралы ақпарат

«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін -2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі. 

Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары,өндіріс орындары дамыған, жұмысшы  күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады. «Серпін» әлеуметтік жобаның үш маңызды тұсы бар. Біріншісі, индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру; Жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту; 

Екіншісі, кәсіптік бейімделу: қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру; техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;

жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;

Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:

жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;

жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;

жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу тетіктерін әзірлеу. 

Жоба биыл 5-ші  жыл жүзеге асырылғалы отыр.  Жыл сайын жобаға қатысатын оқу орындарының желісі де  артып келеді.

2014 жылы 25 колледж,  7 жоғарғы оқу орны болса

2015 жылы 33 колледж, 19  жоғарғы оқу орнын құрады

2016 жылы 30 колледж, 22 жоғарғы оқу орын

2017жылы 38 колледж, 26 жоғарғы оқу орын

2018жылы 25 колледж, 24 жоғарғы оқу орынға  жетті.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысынан:

2014 жылы - 172, 2015 жылы – 443, 2016 жылы – 262,

2017 жылы- 283, 2018 жылы-224 барлығы 1384 білімгер оқуға түсті. Оның: 1169-ы жоғарғы оқу орындарына, 215-і колледждерге педагогикалық, техникалық, технологиялық, ауылшаруашылығы, медициналық мамандықтар бойынша білім алуда. 

Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестлеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестлеуден кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Бұл төменгі шектік деңгей. Бұл шарт жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерге ғана қатысты. Ал, колледждер үшін мұндай шарт жоқ. Дегенмен, колледждерге де қабылдау емтиханы болады. Колледждерге жоғары оқу орындарына түсе алмаған және 2-3 жыл бұрын оқу бітіріп, грант иегері атана алмаған , ақылы бөлім бітірген азаматтар осы арнаулы орта оқу орындарын таңдауларына болады. Сонымен бірге, жобаға қатысқысы келетіндердің жасына шектеу қойылмайды.Жоба аясында жоғарғы оқу орындарына түскен білімгерлер шәкіртақымен, өңірлерге бір рет барып-қайту жолақысымен және жатақханамен, колледжге түскен білімгерлерге аталған жеңілдіктерге қосымша үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінен арнайы кабинеттер бөлінеді.Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін шілдеайында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойыншаконкурсқа құжаттар қабылданды. Жамбыл облысында мамыр айында барлық аудандарда «Серпін» күндері өткізілді. Серпін күндері аясында ауылды елді мекендерде орналасқан мектеп бітіруші түлектері және ауыл жастарымен кездесулер ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша «Серпін» күндеріне 5000-нан астам жастарды қамту жоспарланып отыр. 
14 мамыр 2019 г. 6 472 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 503 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930