» » Ұрпақ тағдыры әркім келіп ойын ойнайтын, кәсібін ашатын бизнес емес...

Ұрпақ тағдыры әркім келіп ойын ойнайтын, кәсібін ашатын бизнес емес...

 Ең маңызды саланың қадірін осынша кетіру кімге керек?!

Бірде осы биылдан басталған ұлттық біріңғай тестке және «Алтын белгіге» байланысты өзгерістерді естігенде білім министрлігінің сол кездегі орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызына дәл осындай былықтың боларын ескертіп ем, әттең біздікілер «білме, білгеннің тілін алма», - деген қарғысқа ұшыраған ғой.
Қалай ақтаған күннің өзінде «Алтын белгі» деген дардай атақтың мүмкіндігімен 58 балмен түскен мамандыққа үздік куәлігі бар немесе соған жақын оқушының 125 балмен түсе алмауы ешқандай да ақтайтын дүние емес.
Биылғы грант бөлінісі министрлік жұмысының сапасын көрсетті, ол шалалық, реформа мен заңнаманың бір біріне сәйкеспеуі! Нақтырақ айтқанда бейкәсібилік!!!
Биыл елдегі алтынға үміткерлердің 95 пайызы алтын алып, жалпы мектеп бітіргендердің 10 мыңға жуығы «Алтын белгі» иегері атанғанын ескерсек, мемлекет тарапынан бөлінген 36 мың гранттың төрттен бірі сол сапалы, сапасыз алтындардың қанжығасында... Бұл – кезінде бір рет бір пәннен үшке түсіп қалған немесе сыныбы жоғарылаған сайын оқуға талпынысы артқан, белгілі себептермен алтынға ілікпей қалған, 11-сыныпқа келгенде ұйқы көрмей ізденген, т.б. қарапайым қабілетті балалардың арманынан айыру немесе мақсатынан бұру!
Жыл басында «әр таңдау пәніне сәйкес мамандықтар тізбесін нақты жариялаңдар, бітіруші тағдырымен ойнамаңдар» деп шырылдап ек, соңғы сәтке келгенде кезекті мәрте және министрлік бейкәсіби екенін көрсетті.
Осыдан кейін біздің министрді немесе министрлікті ақтау ұрпақтың тағдырымен ойнау!!!
Менің алаңдайтыным, ертең грант иегерлері тізімі қайта қаралады, - деді, сонда бүгін грант иегері атандым деп алақайлап жүрген бала ертең грантынан қайта айырылса немесе университет мамандығы өзгерсе шу басылама, керісінше өршиді.... Бұл тығырықтан тек үстеме грант бөліп қана құтылады, бұл мемлекеттік бюджетке шығын, қосымша студент қабылдауға университет дайын ба?! Сұрақ көп...
Министр қасына экономистерді емес, саланың жілігін шағып, майын ішкендерді жинағаны дұрыс болар... Атам қазақ «өзің көтере алмас шоқпарды белге байламас керек» деген еді, министр де көтере алмас шоқпарды белінен тастап бизнесіне қарай кеткені абзал шығар. Ұрпақ тағдыры әркім келіп ойын ойнайтын, кәсібін ашатын бизнес саласы емес...

Аятжан Ахметжан

14 тамыз 2017 г. 3 211 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031