» » Өз ісімнің шебері болғым келді – кондиционер шебері Шерзод Нажмидинов

Өз ісімнің шебері болғым келді – кондиционер шебері Шерзод Нажмидинов

Кейбір бала күнінде ертегі, мультфильм не кино кейіпкерлеріне қызығып, өзіне қаһарман тауып, соған ұқсағысы келіп еліктейді. Кейбірі алыстан емес, жанындағы жақын адамын үлгі етеді. Дәл сондай болмаса да, ұқсап бағады. Бүгінгі кейіпкеріміз Шерзод Нажмидинов кондиционер орнататын компанияда қарапайым менеджер қызметінен бастап, басшылыққа дейін көтерілген маман. Бұлай еңбек жолында жетістікке жетуіне дәрігер әкесі үлгі болған және ол өз ісінің шебері болғысы келген.
Қанша түрлі мамандықты көріп жүрміз. Бүгінде тіпті көбейді. Біз мән бере бермейтін, бірақ біздің өмірімізді маңызды роль атқаратын салалар да аз емес. Солардың бірі – кондиционер шебері.
Мақаламызға арқау болған кейіпкер – Шерзод Нажмидинов. Ол бала күннен еңбекқор, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін мақсатына адал болып өскен. «Қай салада еңбек етсем де, өз ісімнің шебері болғым келді» деуі де тегін емес. 15 жылдан артық уақыт өтсе де, бір саланың мықты майталманы болуын тоқтатқан емес. Болашаққа да жоспары көп. Арманы шексіз.
Мамандыққа адалдық дегенді әкесінен үйренген.
Мен үшін өмірді үлгі тұлға – әкем. Ол өз ісінің маманы – хирург-травмотолог болып еңбек етті. Талай жыл халыққа қызмет көрсетіп, емдеді. Облыста жұмыс істеген ауруханада суреті де ілулі. Яғни, әкемнің сара жолы – мен үшін үлгі және мақтаныш. Анам да ұстаздық еткен. Мектепте мұғалім болды. Екеуі бізге үлгі болып, тура жолмен жүруді үйретті. Олардың «мектебі» өмірлік тәжірибе десем де артық емес. Мамандық ретінде таңдаған бағытта да халыққа қызмет етемін. Халықтың қолайлы жағдайда жұмыс істеуіне септігімді тигізіп келемін. Сондықтан әкем секілді елге қызмет етуді жалғастыра беремін, – дейді Шерзодтың өзі.
Кондиционер қондырушы дегенде елең еткізетіні анық. Бұл саланың адамдарын жиі кездестіру де қиын. Бірақ бүгінде кондиционер барлық үйде және ғимаратта, өндіріс орындарында бар.
Бұл бизнесте не кәсіпте жүргенде түрлі ғимаратты көріп, түрлі жағдайда еңбек ететін азаматтарды кездестірдім. Бұл – нетворкинг. Менің осы қабілетім шыңдалды. Оларға өз тауарымызды ұсына отырып, қолайлы жағдай жасауды меңгердім. Одан бөлек компаниядағы қызметкерлерге түрлі тренинг жүргіздім. Басқаша айтқанда тұлға, маман ретінде дамып, қабілеттерімді шыңдап келемін, – деп қосты маман.
 
Алғашында бұл мамандықты меңгеру оңай болмаған.
Қанша дегенмен жауапкершілікті талап етеді. Бірақ тәжірибе, қосымша білім арқылы кез келген салада жетістікке жетуге болады.
Мен бала күнімде мұндай құрылғыларды көрмеген соң басында таңырқап, зерттедім. Компанияда жетекші мамандар бәрін үйретті. Тәжірибе арқылы жаңа қабілеттер де пайда болды. Сондықтан қарапайым менеджерден жоғары лауазымға дейін жеттім. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймын.
Әрине, Шерзод мұнымен тоқтамайды. Арман-мақсаты мен жоспары көп. Ендігі көздегені – халықаралық нарықты меңгеру. Арнайы бизнес жоспары да бар. Сол арқылы АҚШ нарығын бағындыруды жоспарлап отыр.
Себебі ол жақта нарық үлкен, тәуекелдер мен қызықты жобалар көп, сұраныс жоғары.
Кез келген дүниені ақырына дейін жеткізгенді, бір орында тоқтап қалмай, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, кәсіби шыңдалғым келеді. Сондықтан АҚШ нарығына енгім келеді. Бұл жақта жаңа стартаптарға қолдау жақсы. Менің де жобам қолдау табып, бизнес жоспарымды іске асады деп үміттенемін, – дейді маман.
Шерзод қанша жыл еңбек жолында жүрсе де, басты миссиясынан бас тартқан жоқ. Дәл сол миссиясы  – адамзатқа қызмет ету жолында жаңа білім алып, халықаралық тәжірибе мен челлендждерге де дайын. Сәттілік тілейміз.

Соавтор: Алия Жақып
07 ақпан 2025 г. 569 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 23 858 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 23 451 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728