» » Кәсібіне адал жас ғалым

Кәсібіне адал жас ғалым

 Қазақ жоғары білімі мен академиялық педагогиканың қарашаңырағы болып табылатын Абай атындағы ҚазҰПУ- да білімді де білікті, талапты да талантты жас мамандар аз емес. Өйткені, ұстаздық – мақтан тұтар мамандық. Ол басқа мамандықтарға қарағанда жан-жақты білімділікті, икемділікті, мейірімділікті, шеберлікті айрықша қажет ететін мамандық.  Олай дейтін себебіміз, білім нәрін себушінің еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген жас білімгерлер арманы мен оның сырлы  да мың қырлы тағдырына өз қолтаңбасын қалдыруды мойнына алған кісі. Ұлы ағартушы қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов «Өзі білу мен өзгелерге білдіру екі басқа дүние. Білгенін кісіге білдіру, яғни жастарды оқыту өз алдына бір ғылым» деп түйін жасайтыны бар. Міне, өзінің білгенін шәкірттеріне үйретіп, келешекте жақсы маман болып шығуына жөн сілтеп жүрген жас та болса, жақсы ұстаздың бірі университетіміздің жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы, PhD докторы Нұрбол Ергешұлы Үсенов деп таныстырсақ, ақиқаттан көп алыс кетпейміз..

 1988 жылы 10 шілдеде Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Нұр ауылында дүниеге келген Нұрбол өзі туып-өскен ауылдағы С. Сейфуллин атындағы орта мектебін 2006 жылы бітірген. Ол сол жылы жоғары білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне құжат тапсырып, жолы болып «5В0116-География» мамандығы бойынша оқуға түседі. Оны 2010 жылы үздік деген бағалармен аяқтағандығының өзі көп жайттан хабар берсе керек. Білімге құштар жас маман әбден дайындалып 2011 жылы аталған оқу орнына қайта келіп, осы  университеттің магистратурасына түсіп, оны 2013 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Сөтіп, ұстаздарының ұсынысымен және жас мамандарды орналастыру тәртібі бойынша білікті маман ретінде университте қалдырылып, 2014-2016 жылдар аралығында оқытушы қызметін атқарды. Ал, 2017 жылдың бастап География мамандығына докторантура бойынша грантта оқыды, оны 2020 жылы аяқтап, философия ғылымдарының PhD дәрежесін алды.

2020-2021 оқу жылында Алматы университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарған жас маман 2021 жылдан бастап Абай атындағы қара шаңыраққа оралып, Жаратылыстану және география  институтында  аға оқытушы, PhD қызметінде жұмысын жалғастырып келеді. Одан басқа Нұрбол 2013 жылы Краков қаласындағы (Польша) Ягеллон атындағы университетте, 2018 жылы Слупск қаласындағы Помор Академиясында (Польша) ғылыми тағылымдамалардан өткен.

Келешегі мол жас ғалым осы уақытқа дейін ғылымдағы өз бағыты бойынша арнайы журналдарда бірнеше мақалалар сериясын жариялап, олары ғылыми қауымдастықтың жоғары бағасын алып үлгерген. Жас ғалымның тағы бір ерекше қыры туралы айтатын болсақ, ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, үш тілде бірдей еркін қалам сілтей беретіндігі. Сондықтан болар Нұрбол бүгінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады. Жас зертеушілермен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізіп, білім жолында үлкен жетістіктерге жетіп жүрген жас ғалым, сондай-ақ Абай университеті жанындағы Жас зерттеушілер кеңесінің «Этика комитетінің» жетекшісі қызметін қоса атқарып келеді.

Біз жас ғалым Нұрболға «Сіздің ойыңызша жаңашыл ұстаз қандай болуы керек?» деп сұрақ қойған едік, ол былай деп жауап берді:

–Ең алдымен өз кәсібінің шебері болу керек, осы мақсатта рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салуға тиіс. Әрине, бұл айтпаса да түсінікті ғой. Дегенмен, бұл мәселе әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше қабілетті қажет ететін, қиялға бай адамдарға тән қасиет дер едім.

Сонымен бірге жаңашыл ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әртүрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуына дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек деп есептеймін. Әр білім алушының жүрегіне жол таба білетін ізденгіш сондай ұстазды ғана жаңашыл ұстаз деуге болады. Әрі ол ұстаз жеке тұлғаны қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі екенін де ұмытпауы тиіс.

 Бүгінгі таңда білікті маман, студенттердің білім алуына айтарлықтай үлес қосып, қара шаңыраңғымызда өз ғылыми жолын жалғастырып жатқан жас ұстаз Нұрбол Үсеновтың ұстанымы осындай. Осыдан-ақ оның өз кәсібіне деген адалдығы аңғарылып тұр емес пе... Лайым солай болсын! 

Автор: 

Болат Жұмынұлы

ҚазҰПУ 

Қоғаммен байланыс департаментінің журналисті 

17 қазан 2022 г. 10 098 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 678 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031