» » Бәрін бүлдірген мұғалім

Бәрін бүлдірген мұғалім

 Алакөлде шомылып жүрген бір мектеп мұғалімі алтын балық ұстап алыпты. Алтын балыққа тіл бітіп:

– Ағатай, мені босатшы, үш тілегіңді орындайын, – депті. Сонда мұғалім үш тілегін айтыпты:

"Бірінші – бүгінен бастап ҚР білім және ғылым министрін, парламент депутаттарын және мектеп директорларын менің жалақыма отырғыз!

Екіші – маған минстрдің жалақысының көлемінде айлық бергіз!

Үшінші – ҚР Атазаңындағы 7- баптың 2 - тармағын алып таста!

Мен сені бүгіннен бастап аквариумда ұстаймын. Қашан телеарнадан осы өзгерістер туралы жаңалық хабары беріледі сол күні Алакөліңе әкеліп қоя беремін. Ал қазірден бастап үш тілегімді орындауға кіріс!" – депті.

Мұғалім алтын балықты үйіне әкеліп, аквариумға салып, таңдаған тамағын беріп асырапты. Содан бір айға бір күн қалғанда "ХАБАР" арнасынан диктор мынандай жаңалықтарды хабарлапты:

– Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі ұзаққа созылған аштықтан қайтыс болды. Ол жаңа пантионға жерленеді.

– Бүгін Астанада Парламент депутаттары жалақыларын көбейтіп, үш уақыт тегін тамақпен қамтамасыз ету туралы талап қойып, алаңға бейбіт шеруге шықты. Бейбіт шеруді ұйымдастырды деген күдікпен Сенат төрағасы мен Мәжіліс төрағасын полиция сарбаздары автобустарына қолдарын қайырып, зорлап кіргізіп алып кетті.

– Бүгін ШҚО-да мектеп директоры облыстық Білім басқармасының бастығына өзін мұғалімдік жұмысқа ауыстыру үшін пара беріп жатқан жерінде ұсталды. Бір ескеретін жағдай республика көлемінде мектеп директорларының мұғалімдік жұмысқа ауысу үшін жоғары жаққа пара беруі күрт өсуде.

– Бүгін Астанада үкімет үйіндегі отырыста ҚР Премьер министрі Қазақстанда барлық деңгейдегі жиындар, іс-қатынас құжаттары мемлекеттік тілге 100 пайыз көшкені туралы мәлімдеме жасады.

– Бүгін Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшелері бос уақыттарын толтыру үшін Абайдың, Мағжанның, Мұқағалидың өлеңдерін жатқа оқудан жарыс өткізді.

Бас жүлдені Славян қоғамының төрағасы иемденді. Жеңімпаздарды құттықтаған Елбасы жарысқа қатысушылар мен барлық мүшелерге, олар тек мемлекеттік тілде сөйлемей, өздерінің ана тілдерін де ұмытпауын қатты тапсырды!

Осылай шешімін таппай келе жатқан талай мәселені алтын балық ұстаған мұғалім бір-ақ күнде шешіп, бәрін "бүлдіріпті"...

Аймұханбет Бейсембеков 

"Қамшы"порталы    

23 тамыз 2017 г. 7 880 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 863 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930