» » СЫНЫП ДАРАБОЗЫ

СЫНЫП ДАРАБОЗЫ

 Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту


Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Ресурстар: интербелсенді тақта, суреттер.

Барысы:

Сәлем, достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда.

Қуантамын бәріңді,

Білімдіден қалам ба?

Құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгін сіздер белсенді оқушылар арасында өтетін «Сынып дарабозы» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайымызды бастамас бұрын білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырайық. 12 сайыскер қатысады. (Қатысушылар ортаға шығады)

Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар-дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырсын. (қатысушылар өздері туралы айтады)

Шын жүйріктер сыналады жарыста

Әділқазы бағалайды сіздерді –деп қазылар алқасымен таныстырайық. (Қазылар алқасымен таныстыру)

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

I бөлім. «Жүйріктер»

 II бөлім «Өлең сөздің патшасы»

III бөлім «Кім шапшаң?»

IV бөлім «Әріптер сыр шертеді»

V бөлім «Тамаша төрттік»

VI бөлім «Жеңімпаз»

Әр бөлімнен соң ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығып отырады.

Ендеше, сайысымызды бастайық. Сайыскерлерге сәттілік тілейік.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім озады бұл сайыста?!–деп

 I –кезең «Жүйріктерді» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде сұрақтар қойылады. Сұраққа қол көтеріп жауап беру керек. Қол көтеріп жауап бермесе жауап қабылданбайды. Әр бір дұрыс жауап 10 ұпайды білдіреді.

1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

2. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім? (А.Құнанбаев)

3. 1 дм-де неше см бар? (10 см)

4.Табиғат нешеге бөлінеді? (2 -ге жанды, жансыз)

5. Зат есім деген не? (Заттың атауын білдіретін есімді айтамыз)

6. Үш биді атап бер. (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

7. Үш бәйтерек? ( Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)

8. Еліміздің рәміздерін ата (Елтаңба, Ту, Әнұран)

9. Мен қызық кітап оқыдым сөйлеміндегі зат есімді тап (Мен)

10. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3-ке қатаң, ұяң, үнді)

11.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. Бұл не? (Су)

12. Ы.Алтынсарин қандай өлең жазған? (Ке, балалар оқылық)

13.Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

14. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

15.100+50=150 қосындысындағы 50 саны қалай аталады? (Қосылғыш)

16. Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

17.Жалқы есім деген не? (жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі)

18. Тәуелсіздік күні қай күн? (16 желтоқсан)

19. 7 атаны атап бер.

20. 8 наурыз –қандай мереке? (Халықаралық әйелдер күні)

21. Жануарлар нешеге бөлінеді? (Дала және үй жануары )

22. Ауаның қасиеттері (Мөлдір,Түссіз, иіссіз)

23.Мәтіннің қандай түрлері бар? (Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

24. Диалог дегеніміз не? (Екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті)

(Қазылар алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)

Білім «аққан сел» дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең «Білім көп,

Ақыл-ойға кен» дейді –деп

II «Өлең сөздің патшасы» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде өлеңді мәнерлеп жатқа айтады. Міндетті түрде өлеңнің авторын, тақырыбын айту керек. 10 ұпаймен бағалайды (Қазылар алқасы ұпай санын есептейді)

Шапшаңдығын байқайық,

Кімнің ойы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шағар екен?!-деп 

III бөлім «Кім шапшаң?» бастаймыз. БАС сөзіне кез келген  жаңа сөз жасау (Бастық, баспалдақ, бастырғыш, басқыш, баспақ т.б)2 минут уақыт беріледі. Әр бір сөз 10 ұпайды білдіреді. (Қазылар алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығады.)

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп

IV бөлім «Әріптер сыр шертеді» бөлімін бастаймыз. Алфавиттен кез келген бір әріпті таңдап, сол әріптен басталатын сөйлем құрау. Әр бір сөз 10 ұпаймен бағаланады. (Қазылар алқасы ұпай санын есептейді. Ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығады.))

Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.-деп

V «Тамаша төрттікті»  бастаймыз.Тақтада 1-ден 4-ке дейін сандардың біреуін таңдайды.Сол санның астында әр пәндер жазылып тұрады.(қазақ тілі, қазақ әдебиеті, математика, жаратылыстану) Пән бойынша 10 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Қазақ тілі:

1. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы, у.)

2. Жіңіңшке дауысты дыбыстарды ата (ә, ө, ү, е,э, і, и, у)

3. Сұраулы сөйлем деген не?( Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады).

4. Түбір деген не? (Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі).

5. Қосымша деген не? (Қосымша- түбірге жалғанатын сөз бөлігі). Кел-ді, тұр-ды

6. Жұрнақ деген не? (Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша). Біл-ім, бас-шы

7. Жалғау деген не? (Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар). Бала-мыз, оқушы-лар-ымыз-ға

8. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Кім?)

9. Жалпы есім деген не? (Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана.)

10. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

Қазақ әдебиеті:

1. Кел, балалар ,оқылық өлеңінің бір шумағын жатқа айтып бер.

2. Кітап туралы мақал-мәтел айт.

3. С. Торайғыровтың өлеңдерін атап бер? («Шәкірт ойы», «Шығамын тірі болсам адам болып» «Алаш ұраны»)

4. А.Құнанбаев кім? (Қазақтың ұлы ақыны)

5. А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің бір шумағын жатқа айт.

6. А. Құнанбаев нешінші жылы дүниеге келді? (1845-1904)

7. Абайдың 5 асылын айт. (Қанағат, рақым, талап, еңбек, терең ой)

8. Абайдың 5 дұшпанын айт (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)

9. Ертегілер түрлерін ата (Жануар туралы, қиял – ғажайып, хикаяттық, тұрмыс – салты ертегілер )

10. Төрт түліктерді ата (Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе)

Математика :

1. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)

2. 40+37= қосындының мәнін тап (77)

3. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

4. 1 км де неше метр бар? (1000 м)

5 .Шаршы деп қандай фигураны айтамыз? (шаршы деп сыбайлас қабырғалары өзара тең тіктөртбұрышты айтады)

 6. 87-80=7 айырмаындағы 80 саны қалай аталады?

7.  7 онд. 9бірл. қандай сан? (79)

8. Толық ондықтарды ата (10, 20,30,40,50,60,70,80,90,100)

9. 1 сағ. 20 минутта қанша минут бар? (80 мин)

 10.  2 тәулікте неше сағат бар? (68 сағат)

Жаратылыстану:

1. Тірі табиғатқа не жатады? (Адам, өсімдік, жануар)

2. Өлі табиғатқа не жатады? (Тау, өзен, көл, топырақ, құм, тас)

3. Дүниеде неше тұс бар? (4еу оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс )

4. Судың қасиеттерін ата.(мөлдір, иіссіз, дәмсіз, түссіз)

5. Өсімдік неше сатыға  бөлінеді? (жоғары саты, төмен саты)

6. Шырынды жемістерді ата. (алма, шие, шабдалы, алмұрт)

7. Елтаңбаның авторын ата (Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уалиханов)

8. Бунақденелілерге не жатады? (көбелек, құмырсқа, қоңыз)

9. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орын алады? (9)

10. Жер бетіндегі нәсілдерді ата (негроидтық, еуропоидтық, моңғолоидтық)

(Қазылар алқасы ұпай санын есептейді . Ұпайы ең төмен 2 оқушы ойыннан шығады.) 

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау-деп 

VI «Жеңімпаз» бөлімін бастаймыз.

1.Математикалық өлең-есептер. 10 ұпаймен бағаланады.

Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бір қазан

Екі үйрек, бір сазан.

Қосылды кеп бұларға

Бір көксерке,бір қарға,

Айт, неше құс ұшып жүр? (9 құс)

11 түйе,бес жылқы.

2 сиыр,бір ешкі

2 қоян,үш түлкі,

Болды сонда нешеуі? (24)

2.Берілген сөзден кез-келген бір-бір буын алып, сөз құрау. 10 ұпаймен бағаланады.

АҚТӨБЕ ҚОНАҚ

ҚАПШЫҚ ШАТЫР

АЛАТАУ (Шешуі: аққала) ТЫШҚАН (шешуі: қошақан)

Сайыс жеңімпазын анықтау. Қазыларға сөз беру.

Осымен бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Қатысып көңіл бөлгендеріңіз үшін көп-көп рахмет.

«Сынып дарабозы» сайысында «Бас жүлде» алған Мұхамет Еламанды және белсене қатысқан оқушылар марапатталды.













 
Ақсубаева Раушан Жұмағалиқызы
Алматы облысы
Ақсу ауданы
Арасан ауылы
Барлыбек Сырттанов атындағы
орта мектебінің  
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
09 ақпан 2019 г. 53 614 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 153 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 592 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031