» » Талдықорғанда кәсіптік білім беру бойынша республикалық семинар кеңес өткізілді

Талдықорғанда кәсіптік білім беру бойынша республикалық семинар кеңес өткізілді

Талдықорғанда кәсіптік білім беру бойынша республикалық семинар кеңес өткізілді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Ақпараттық Агенттігі "bilimdinews.kz" - ке сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, “Кәсіпқор” Холдингі КЕАҚ, Алматы облыстық білім басқармасы, аймақтағы кәсіпкерлер палатасының бірлесе ұйымдастыруымен облыс орталығында «Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі» тақырыбында республикалық семинар кеңес өткізілді.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында өткен бұл басқосуға Білім және ғылым министрлігінің, «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері, республикадағы облыстық білім басқармаларының өкілдері, аумақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, республикалық және облыстағы колледж директорлары, олардың өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер және Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің «Технологиялар және кәсіптік оқыту» кафедрасының мамандары қатысты.

Үздіксіз білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, әлемдік стандарттарға сай еңбек нарығына кәсіби құзіреттітілігі қалыптасқан мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылған алқалы жиынның пленарлық мәжілісінде Алматы облысы білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов  және  Білім және ғылым министрлігінің өкілі, серіктестік және халықаралық жобалар басқармасының басшысы Рауза Ширгатова, «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Асима Бимендина, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры  Нариман Абилшайыков кәсіптік білімнің өзекті мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан сөз алған Рауза Ширгатова еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселесінің өзектілігіне тоқталды.

– Экономиканы цифрландыруды ескере отырып, жаңа дағдыларды енгізу қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде модульдік құзыреттілік бағдарламаларын енгізу жүзеге асырылады. Бүгінгі күні жаңа бағдарламалар саны 246.  “WORLDSKILLS”-еліміз 2014 жылы қосылған халықаралық қозғалыс болып табылады. Биылғы жылдың тамыз айында Қазан қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа қатысатын боламыз, – деді Рауза Равильевна.

Бұдан әрі семинар-кеңестің  жұмысы үш талқылау алаңы бойынша жүргізілді. Осы ортада «WorldSkills» ұлттық  чемпионатының, республикалық, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттері, «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік» республикалық орталығының мамандары, Өскемен, Семей, Қарағанды, Алматы және Алматы облысының  басшылары, инженер-педагогтары, әлеуметтік серіктестер «Оқу-әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың негізі», «Өндірістік оқыту шебері мен колледж оқытушысының студенттерді WorldSkills чемпионатына дайындаудағы кәсіби құзіреттілігі», «Тәлімгерлік институты-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жүйесіндегі кадрларды даярлау сапасын арттырудың тиімді механизмі» тақырыптарында тәжірибе алмасты.

Семинардың екінші күнінде World Skills құзіреттілігі бойынша шеберлік-сыныптар, яғни  «Электромонтажды жұмыстар», «Қаңқалы-қаптау жұмыстары», «Аспаздық іс», «Дәнекерлеу технологиялары» Талдықорған қаласының колледждерінде өткізілді. Жиһаз өндірісінде 3-D модельдеуді қолдану мүмкіндіктері зерделенген шеберлік сынып І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде көрсетіліп, семинарға қатысушылардың назарына ұсынылды.

Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы бойынша WORLDSKILLS модульдік-құзыреттілік тәсілі мен стандарттарын енгізу шеңберінде өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының қызметін жетілдіру, арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық қызметінің беделін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленетіндігі мақұлданды.

Автор:


Ерқат БИҒАЛИҰЛЫ,


Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты



Дереккөз: bilimdinews.kz.


03 мамыр 2019 г. 2 103 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031