» » Қазақ тілін оқытудың халықаралық орталықтарымен байланыс нығаяды

Қазақ тілін оқытудың халықаралық орталықтарымен байланыс нығаяды

Салаға инновациялық әдістерді енгізу. Осы мақсатта Назарбаев университетінде 50-ден астам филолог жиналып, 72 сағаттық тренингке қатысты. Шараны ұйымдастыруға еліміздегі қазақ тілі оқытушыларының бірлестігі мұрындық болды. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі 24.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі жыл бұрын құрылған үкіметтік емес ұйым биыл халықаралық деңгейге көтерілді. Мамандардың пікірінше, мемлекеттік тілді зерттеуде тәжірибелік бағытқа назар аудару керек. Бұл тұрғыда шетелдік филологтардың тәжірибесін меңгеру маңызды. Мақсатқа жету үшін бірлестік өкілдері әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ тілі орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, тілдің шетелдік аудиториядағы мәртебесіне қатысты сараптама жүргізді. Нәтиже көңіл көншітерлік. Ғылыми қауымдастық тарапынан қызығушылық басым. Қазіргі уақытта шет мемлекеттерде 10-ға жуық қазақ тілі орталығы бар. Білікті мамандар жыл соңында ортақ алаңда жиналып  ортақ мәселелерді талқыламақ.
Эльмира Оразалиева, Назарбаев Университеті қазақ тілі және түркітану кафедрасының профессоры: - Венгрия, Польша деген мемлекеттердің барлығында бір жерлерде қазақ тілі өзіміздің отандастар тарапынан оқытылады, ал кейбір жерлерде жергілікті мамандардың өзі, жергілікті халықтардың өкілдері оқытылады. Енді осы жылдың қазан айында біз үлкен конгресс ұйымдастырғалы отырмыз. Сол конгресстің аясында барлық шетелде жүрген қазақ тілі мамандарын жинау мақсатын көздеп отырмыз. Зәуреш Ерназарова, филология ғылымдарының докторы, профессор: - Қазақ тілінің лексикологиясы көп жағдайда теориялық тұрғыдан зерттелді де, практикадағы қолданысы назардан тыс қалды. Себебі ондай қажеттілік болмады. Ал қазіргі жағдайда біздің ғалымдарымыз, мысалға, грамматистер, лексикологтар, функционалды грамматика, коммуникативтің прагматиканы алып, оны парактикалық грамматикаға, яғни құрылымдық грамматикаға қолданудың теорияларын қалыптастырып жатыр.
Осы категория бойынша: « Шымкентте ҰБТ-ға 9,5 мың талапкер қатысады.

Дереккөз: 24.kz.
15 мамыр 2019 г. 3 595 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031