Орал қаласы мектеп оқушылары арасында футзалдан "Ұлттық мектеп лигасының" финалдық ойындары өтті

Финалдың нәтижесі бойынша ұлдар арасында 1-орын №44 мектеп, 2-орын №19 мектеп және 3-орынды №1 мектеп иеленді.
Қыздар арасындағы футбол ойындарында 1-орын №9 ЖОББМ, 2-орын №17 ЖОББМ, 3-орынды №46 ЖОББМ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом және сыйлақтарымен ардагер ұстаз, оқу ісінің үздігі Абдраxманов Ғұбаш Қабошұлы және қалалық білім беру бөлімінің басшысы А.Нарымбаев пен қалалық дене-шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы А.Нурмуxамбетов табыстады.
Айта кету керек, биыл бастау алған лига аясында 8 мыңнан аса оқушыны спортқа тарту жоспарланған. Ал осы футбол жарысының өзіне 50 мектептен 2 мыңға тарта оқушы қамтылып отыр. Мектеп лигасы 6-14 қазан күндері мектепшілік кезеңімен басталып, мектептер арасында іріктеу болды. Іріктеуден өткен мектептер 14-26 қазан күндеріндегі қалалық кезеңде кездесті. Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар облыстық кезеңде ойын көрсететін болады.