» » Консерватория ректоры халық алдында есеп беру кездесуін өткізді

Консерватория ректоры халық алдында есеп беру кездесуін өткізді

     ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес бүгін консерваториямыздың 2020-2021 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

  Шараға Алматыдағы бірнеше Ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары, консерватория ұстаздары мен студенттері, ата-аналар қатысты. Офлайн және онлайн форматта өткен кездесу білім ордасының YouTube арнасында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді. Ректор өз есебінде консерваторияның 2020-2021 оқу жылында білім беру және күрделі жөндеу жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық, студенттердің жетістіктері, атқарылған жұмыстар мен оқу ордамыздың алдағы даму жоспары жайында жан-жақты баяндады.

   Консерваторияның ұйымдастыруымен ірі халықаралық ғылыми-конференциялар өткізілді. Атап айтқанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың рухани мұрасы және қазіргі өнертанудың өзекті мәселелері», 2021 жылдың 21 сәуірінде өткен Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «XX ғасыр дәстүрлі мәдениетінің мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және т.б. бар.

    Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту – бұл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы дамуының тағы бір басым бағыты. Айта кетейік, 2021 жылғы наурызда Консерватория делегациясы Румынияға барып, Бухарест қаласындағы ұлттық музыка университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы білім ордасының басшылығы ұзақ келіссөздерден кейін «ГИТИС – Ресей театр өнері институтымен» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып,  құжатта көрсетілгендей консерваторияда «Музыкалық театр режиссурасы» атты жаңа білім беру бағдарламасын ашу, сондай-ақ магистратура деңгейінде қос дипломды білім беру бағдарламасын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтылды.

 

-2020 жылы А корпусы мен Үлкен концерт залға күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір Б оқу корпусында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуы тиіс, - деп  ректор қазіргі уақытта жөндеу жағдайын  көрсету мақсатында жөндеуге «дейін» және «жөндеуден кейінгі» презентацияны назарға ұсынды.


Бір сағатқа созылған есеп беру жиынында көпшілік тарапынан түскен сауалдарға да жауап берілді. Ректорға қойылған сұрақтардың басым бөлігі жатақхана, оқу үдерісі және шет елдердегі конкурстарға қатысу туралы болды. Ректор кездесуін желідегі тікелей эфирден көрген алматылықтар консерватория концерттерін сағынғандарын білдіріп, өз пікірлерін жазып жатты.


Дереккөз: edunews.kz Ақпараттық агенттігі
01 қазан 2021 г. 9 290 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031