» » Түркістандық гимназия - заманауи білім ордасы

Түркістандық гимназия - заманауи білім ордасы

Түркістан қаласындағы Н.А.Некрасов атын иеленген №9  мектеп-гимназиясы аудан бойынша тұңғыш рет "гимназия статусын" алған білім ошағы.

Мектептің өткен тарихына көз жүгіртсек, оқыту тілі орыс тіліндегі мектеп өмірі 1899 жылдан  бастау алады. №73 мектептің ең алғашқы директоры болып М.М.Ауштоль қызмет атқарған. Мектептің білім беру жүйесі патшалық Ресейдің түзген оқу жоспарымен жүргізілген. Осы №73 мектептің тұңғыш бітіруші түлектері мектепті 1908ж. тәмамдаған. Өкінішке орай, осы жылдардағы оқыған оқушылар, түлектер, ұстаздар туралы мәліметтер жоқтың қасы. Белгілі деректерге сүйенсек, қиын-қыстау кезеңдерде мектеп уақытша қызметін тоқтатып, ХХ ғасырдың 20 жылында қазан революциясынан кейін қайта құрылып қызметін жалғастырды.

1993 ж. Некрасов атындағы №9 жалпы орта мектепке Керн Светлана Николаевна директор болып тағайындалған еді. Қиын өтпелі кезеңде мектепті қаладағы ең үздік мектептер қатарына қоса білді, мектеп бірінші рет жаңа оқу жылына дайындық бойынша қалалық байқаулардың жеңімпазы атанды. Ол сапалы білім беру бойынша үлкен практикалық тәжірибе алаңында іс атқарып мектепті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейге көтереді. Модульді оқыту, Вальдорф мектебі, Селевко бойынша дамыта оқыту секілді жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізді.

1993 жылы білім бөлімінің басшысы Г.Зияйдинованың бұйрығымен орыс тілді оқыту мектебінде қазақ бөлімі ашылды. Тұңғыш рет ашылған қазақ бөлімінің 1-сынып жетекшісі Несіпкүл Мейманханқызы Утебаева (мақала авторы) болып бекітілген еді. С.Н.Керн Некрасов атындағы №9 мектеп- гимназияны 17жыл  көлемінде ҚР-ның заңына, мектеп жарғысына сәйкес басқарады. Мектептің материалдық базасын нығайту үшін тынымсыз еңбектенді. 1993 жылы  “Гимназия статусын” алу үшін мектеп тәжірибелік алаң болып табылады.

1996 ж. 20 сәуірде Некрасов атындағы №9 жалпы орта мектепке “ағылшын – математика” бағытындағы гимназия статусы берілді. Жұмыстың тиімділігі білім сапасының көтерілуінен байқалды, ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп-гимназия қаладағы ең үздік бес мектеп қатарына енді. Мектептің дамуы мен “гимназия статусын” алуына мектеп директоры С.Н.Керн, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары “ҚазССР ағарту ісінің үздігі” Алехина Валентина Демьяновна(40ж. еңбек еткен) басшылық еткен педагогикалық ұжымның еңбегі орасан зор болды. Жаңа деңгейдегі мектепті құру идеясын Виктор Измаилов ұсынған еді. Идеяны жүзеге асырған жоғары білікті мұғалімдер: Мамешова Р.Г., Логинова Л.С., Попова Т.Л., Смирнова Н.М., Ильина Л.К., Утебаева Н.М., Халилова Г.Т., Раджапова М.И., Примжанова Т.М., Спирина Н.П., Миржикбаева М.К., Миржикбаева И.К., Никитина М.В., Михайлина Г.А., Сулейманова Б.Х., Атчабарова А., Косанова М.М., Шешина В.И., Касымова Ж.Ә., Бұлдырықова Б. т.б.

Іскер басшы жұмысын атқаруда педұжымда ізгілік, сенімділік, жауапкершілік қасиеттерін ұстану барысында жоғары білікті кадрлар жинап, оқушылар саны арта түсті. Оқу кабинеттері жетіспеушіліктен, заманауи мектеп талабына сай мектепке қосымша ғимарат, асхана, акт залын салу үшін бірнеше рет ҚББ, ОББД, қала әкімшілігіне, депутаттарға өтініш білдірді.

Болашақ ұрпақты және жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеуде үлкен жетістіктер көрсеткені үшін: “Қазақстан Республикасының білім беру үздігі”, “Ы.Алтынсарин”, ”Кәсіподақ мүшесінің төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасының Білім Беру Министрлігінің, Мәдениет және денсаулықты сақтау Министрлігінің, ҚББ, ОББД, қалалық әкімшіліктің, қалалық кәсіподақ ұйымының Мақтау грамоталарымен марапатталған. Іскер басшыға Санкт-Петербург психология академиясының “Еңбегі сіңген педагог-психолог” құрметті атағы,  “Өзгермелі әлемдегі мектептің орны” сертификаты Шымкент қаласы 2001 ж., “Тиімді мектеп” Қазақстан Республикасының сертификаты берілді.

Керн Светлана Николаевна білім беру мен тәрбиелеу майданындағы барлық марапаттаулар мен атақ-даңқты атқарған еңбегінің өлшемімен, шеберлігімен, педагогикалық іскерлігімен айқындады.

2010 жылы әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған ынтымағы жарасқан ұжымға мектеп директоры болып Ж.Ә.Орынбаева тағайындалды. Ол 2011 ж. “Үздік менеджер” облыстық байқауына қатысып, ең жас мектеп басшысы ретінде танылады. Осы жылы мектеп-гимназия базасында “Славян орталығы” ашылды.  Қала бойынша Славян орталығы филиалының директоры А.Н.Пудовкина күні бүгінге дейін қызметін жалғастыруда.

Мектеп директоры жаңа білім мазмұнын меңгерудің функционалдық-семантикалық және коммуникативтік  әрекеттік аспектілерін күшейтудің жолдарын қарастырып, бұл инновациялық үрдісті мектепке батыл енгізді. Ж.Ә.Орынбаева – шығармашыл директор – зиялы, рухани бай, жаңашыл, еркін, ізгілікті, азаматтық белсенді, бәсекеге төтеп беретін, өз кәсібін жетік меңгерген, озық технологияларды игерудің нағыз майталманы.

Мектептің материалды-техникалық базасы нығайып, қысқа мерзімде заманауи жаңа үлгі бойынша жабдықталған 300 орындық ғимарат, акт залы, асхана салынды. Осы бой көтерген қосымша мектеп жанынан шағын бала-бақша орталығы ашылды.  Бүгінде мектеп ұжымы және қаламыздың тұрғындары осы салынған нысананың игілігін көруде. Мектеп басшысы қазіргі педагогикалық технологиялар және білім сапасын арттыру үшін білімін жетілдіргісі келген мұғалімдер мен оқушыларға қолдау көрсетіп мүмкіндік жасайды. Осы тұрғыда оқушылар қалалық, облыстық пән олимпиадаларынан жүлделі орындарды иеленіп, халықаралық және республикалық байқауларға қатысты.

Мектеп тарихында әрбір оқу жылы бойынша әрдайым “Алтын белгі” иегерлері шығып отырған. Адам өмірінің “алтын бесігі” – мектептің тыныс-тіршілігі осылай жалғаса бермек.

2014 жылы “Жаңа заман талабы – жаңашыл басшы” атты мектеп басшыларының қалалық сайысынан  мектеп–гимназия директоры Ж.Ә.Орынбаева жүлделі  орын алды.

2014 ж. Республикалық деңгейде іскер-басшы ретінде мектеп директоры Орынбаева Жаңыл Әнішқызы Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.М.Муратова, Г.Т.Халилова, Г.А.Михайлина, Г.О.Божбанбаева, А.Ж. Сайдуллаева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.К.Жорықбаева, Г.М.Наурызбаевалардың ұйымдастыруымен әртүрлі тақырыпта облыстық, қалалық семинарлар әрдайым жоғары деңгейде өткізілуде. Олар өздеріне жүктелген тапсырмаларды дер кезінде жауапкершілікпен атқарады. Міндетке алған республикалық, облыстық, қалалық семинарлардың бағдарламасын дайындау, түзу,  бекітуді қолға алып, ашық сабақтар өтетін мұғалімдерге әрдайым әдістемелік көмектерін  береді. Оқу ісінің орынбасарларының әрқайсы-сының өзіндік жолдары бар. Біріншіден ұстаздар – жас мұғалімдерге білгенін үйрететін әріптестер, екіншіден білімнің кілтін балаға ұстата білетін мұғалімдер, үшіншіден ұжымды басқаратын білікті директордың орынбасарлары.

Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білім ордасы есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды. Мектеп түлектері әлемнің әр түкпірінде еңбек етіп, өмір сүруде. Олар ешқашан мектепті ұмытқан емес. Әр жылы 25 мамыр күні шәкірттік әдепті сақтай отырып мектепке келіп “Аза тұтқан ана”ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Балалық шақтарын еске түсіріп ұстаздарымен қауышып алтын ұя мектептеріне деген сағыныштарын басады.

2000-2001 оқу жылы бойынша Білім беру Министрлігінің бұйрығы бойынша Некрасов атындағы №9 мектеп – гимназия базасында, М.Жанпеисованың модулді оқыту технологиясы бойынша апробация басталды. Тәжірибе алаңы үш жылға есепке алынған.

Қазақстандық модулді оқыту моделі бойынша өзінің озат тәжірибесін қалалық және облыстық деңгейде келесі мұғалімдер таратты: Пудовкина А.Н., Жукова М.В., Сулейманова Б.Х., Абдиева Ф., Косанова М.Б., Джумашева Н.Р., Казурова А.К.

“Өзінің уақытын аямай, өзгенің  бақытын аялап” жүрген мұғалімдеріміз тоқтамай үздіксіз, толассыз еңбек етуде. Атап айтсақ, Н.Р.Загидуллин, С.С.Есенкулов, С.Кузягулова, М.И.Раджапова, М.Т.Ильясова, М. Оразбаева, Ж.Ж. Байгазиева, У.Исабекова, Э.Баратов, Ә.Ж.Құлжаев, Ж.Асанова, А.Б. Курласбаев, Р.Абдуллаев, И.Кононенко, М.Ибраев, О.В.Матвиенко, Г.Турганбаева, А.Сұлтанбекова, Н.Куланова, Л.К.Ильина, Ж.Баймен, Ж.Маханбетжанова, Ж.Кеутешова, А.Шаметова, Ж.Атабалаева, М.А.Жукова, А.Ш. Туктибаева (менеджер), Г.Балабаева (кітапханашы), М.Саулебаева  (социолог) т.б.

Мектеп Білім беру Министрлігі ұсынған барлық жобаларға қатысады. ПШО Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірігіп білім беруде әлемдік тәжірибе арқылы бағдарлама түзіліп енгізілді.

Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері мектеп директоры Орынбаева Ж.Ә. деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерді қолдап, жеті модуль бағдарламасын енгізу  мақсатында мүмкіндікті назардан қалт жібермеді. Жаңыл Әнішқызы ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарын басқарушылардың біліктілігін көтеру бағдарламасы бойынша курстан өтіп жатқан, үшінші деңгейді оқыған барлық мұғалімдерді біріктіруді ұсынды және осы айтылған ауқымды істің жүзеге асырылуын директордың орынбасары Г.Т.Халиловаға жүктеді. “Адам көркі – жақсы  іс” дегендей, қыруар атқарылып жатқан ісшараның басы қасында жүретін Г.Т.Халилова әрдайым мұғалімдерден әдістемелік көмегін аяған емес.

НПЖҚ командасы (Некрасов желі қоғамдастығы) педагогикалық инновация негізінде құрылды. 44 адамнан құрылған даму командасы мектепте оқытудың жаңа формаларын енгізу бойынша тер төге еңбектеніп жүр. Олар мектеп көшбасшылары – мектеп директоры Орынбаева Ж.А. және директордың орынбасарлары-Халилова Г.Т. Михайлина Г.А., Муратова Г.М., Божбанбаева Г.О., Сайдуллаева А.Ж., С.К.Жорықбаева, Г.М. Наурызбаева және мұғалімдер- Пудовкина А.Н., Ибадуллаева Н.С., Веркашанцева К.В., Герасимова В.А., Беристемова А., Бижанова А., Неметова А.Д., Попова Т.Л.,Кубанова Л.М., Аллашова О.С., Батырқұлова В. т.б.

Бүгінде №9 мектеп-гимназия оқытудағы инновациялық өзгерістер алаңына айналды.

Мектеп базасында:

1. Деңгейлік курсын оқыған мұғалімдермен облыстық кездесу ұйымдастырылып облыс көлемінде “Педагогикалық шеберхана” конферен-циясы өткізілді

2. 3-ші деңгей курсын оқыған мұғалім-дермен облыстық онлайн-конференциясы өткізілді.

Мәселені жан-жақты қарастыру барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл бағыттағы ізденістер болашақта жас мұғалімдерде, мектеп басшыларында, мектеп ұжымында, әдістемелік мекемелер қызметкерлерінде осы сапаны дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету, шығармашылық әлеуетті диагностикалау құралдары мен көрсеткіштерін жасау тұрғысында өзінің жалғасын табуы тиіс.

Бүгінгі таңда А.Н.Пудовкина, К.В.Веркашанцева, Б.Қ.Oмар, Л.М.Кубанова, С.А.Халжанхожа, О.С.Аллашова, Г.Р.Исраилова, Г.М.Наурызбаева, Р.А.Бердиярова, Н.М. Смирнова, В.М. Батыркулова,  А.Т.Бейсекова, Т.Л. Попова, Ф.М.Абдуллаева, Г.А. Батырова, Д.А. Рапиева, А.Ш.Абдулханова, Д.А.Погорелов, М.М.Атаметова, Ш.И.Нарымбетова, М.М. Шахманова, М.Д.Талипова, Ю.В.Костин, В.А.Герасимова, С.А.Агаева, М.Р.Абдинабиева, М.С Галеева, А.Ш. Ибрагимова, М.С.Байзакова, А.А.Ерназарова,  Т.Ю. Прима, Г.Ц.Өскенбаева, И.Ш. Дадажанова,  Э.М.Дуйсенбаева, Г.Б Кенжеғұл, З.И.Турсунбаева, Р.Х.Мухашева, А.Д.Мырзагалиева, Ш.К.Тайтенова, К.К.Ережепова, Г.Б.Еділбаева, А.Д.Неметова, А.А.Алёхина, Д.А.Балтабаева, А.Н.Сырлыбаева, Р.И.Мухтарова, М.А.Хансеитова, У.И.Жумадуллаева, С.Ш.Атаханова, М.А.Сапарбаева, К.Н.Расулов, В.С.Абдураимова, Б.К.Сабден, Ж.И.Молданова, Г.Б.Еділбаева, Б.Б.Рахматуллаева, Н.Шимпулатова, Н.С.Ибадуллаева, А.С.Бижанова, Ш.Р.Валиева, З.Ертаева, Н.С.Калтаева, А. Бекенова т.б. мұғалімдер шығармашылықпен еңбек атқаруда.

Қанатының астына қаншама ұлт пен ұлысты баураған ғасыр жасаған, ынтымағы жарасқан  киелі білім ордасы – Некрасов атындағы  №9 мектеп-гимназия өз қызметін жалғастыра бермек. Осындай мақсат қойған терең тарихы бар ХХІ ғасыр мектебі – ұлттық рухымызды биік ұстайтын, білім кеңістігінде өзіндік орны бар киелі шаңырақ – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия  келбетінің  бүгінгісі – айқын, болашағы жарқын.


Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Журналистер Одағының мүшесі,

Түркістан қаласы

Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" білім саласындағы жаңалықтар агенттігі.
23 қазан 2018 г. 3 942 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 072 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 824 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930