» » Ұстаз - ұлы тұлға

Ұстаз - ұлы тұлға

       Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Оқушыларын осылай білім нәрімен сусындатып, жақсы тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздың бірі Жұмабекова Ләззат Мұратқызы. Ләззат Мұратқызы 1979 жылы 15 маусымда Сарыағаш ауданына қарасты, Абай ауданының  Келес кеңшары,Алғабас ауылында дүниеге келген. Ана мен әкенің тағылымды мағынасы тереңнен бой алатын тәрбиесін көріп өскен Ләззат Мұратқызы алғаш мектеп табалдырығын "Мақташы " жалпы орта мектебінде аттаған. Мектепті 1995 жылы жақсы аяқтап, қыркүйек айында Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы педагогикалық гуманитарлық колледжге оқуға қабылданды. Колледж қабырғасында түрлі газеттерде өлеңдері шыққан. Шығармашылыққа ,әдебиетке бала күнінен жақын болып өсті.Осылай 1998 жылы қазақ тілі мен әдебиеті факультетін ойдағыдай бітіріп шықты.

     Ләззат Мұратқызы ең алғашқы ұстаздық жолын 1998 жылы Жетісай қаласындағы қара шаңырақ атанған киелі білім ордасы «Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектепте» бастаған. Міне сол  жылдан бері осы мектепте адал қызмет етуде. Бойында ақындық қасиеті бар ұстаз бүгінгі күні мектеп өмірі, тіл апталығы, ұстаз жетістігі жайлы өз шығармаларын аудандық газеттерге жариялап тұрады.

       Ләззат Мұратқызының қалам ұстап өлең жазу қасиеті нағашыларынан келген: «Менің анам Алаштың ардақты ұлы - Мұстафа Шоқайдың тікелей ұрпағы.  Нағашыларымды мақтан етемін. Нағашы атам Мадияр Нұртазаұлы. Мұстафаның інісі Нұртазаның ұлы еді.Халық жауының туыстары деп нағашы атамды өз заманында көп қудалаған екен.Мадияр атамыз мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет жасап, "Лениншіл жас"газетінің тілшісі болып,өмір жолын ағартушылық саласына арнаған, мағанда қалам тербеп  шабытым келсе өлең жыр, мақала жазу нағашыларымнан бойыма қонса керек» - дейді.

Білім ошағындағы ұйымдастырылып жатқан түрлi мерекелік, қоғамдық іс-шаралардан тыс қалмай жүретін Ләззат Мұратқызының жетістіктеріне тоқталып өтсек:

  • 2016 жылы  Білім Ғылым министрлігінен Ы.Алтынсарин медалінің иегері төс белгісі мен куәлігін алды;
  • Мұғалімдер пән олимпиадасынан  жүлделі 3 орынды иеленді;
  • Өнерлі ұстаз байқауына қатысып, марапатталды;
  • Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық «Қазақ білімі» журналына «Яссауии хикметтері» атты мақала жариялап, 1 дәрежедегі диплом иеленді;
  • Түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанды;
  • Онлайн оқу кезінде шәкірті  халықаралық "ALASH STAR"өнер байқауына қатысып, "Көркем сөз "оқу сайысынан 1 орынды иеленді.
  • Тағы бір шәкірті Нұр-Сұлтан қаласынан 30% жеңілдік ұтып, 1орын дипломымен марапатталса, Ләззат Мұратқызы "Үздік жетекші" номинация иегері марапатын алды.

 

Әрдайым жаңалыққа жаны құмар Ләззат Мұратқызы 2019жылы Жетісай қаласында аудандық келіндер сайысын ұйымдастырды. Жоғары деңгейде өткізілген сайыс Жетісай аудандық Санұр тв телеарнасында көрсетілді. Көпке үлгі ұлағатты ұстаз бүгінгі таңда жеті перзенттің анасы, Алтын алқа иегері.

      Әрбір ұстаз осылай егемендi елдiң ұрпағын ұлттық негiзде тәрбиелеуге, ана тiлiн құрметтеуге, Отанын сүюге аянбай еңбек етсе қоғамымыздың құлдырамасына кәміл сенуге болады!






Жұмабекова Ләззат Мұратқызы 

  «Ш.Уәлиханов атындағы №2» жалпы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Түркістан облысы, Жетісай ауданы

16 ақпан 2022 г. 12 322 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930