» » Біз біргеміз

Біз біргеміз

Қазіргі заман тәрбиешісінің психологиялық мәдениетін жетілдіру,

бір - бірлеріне деген қарым – қатынас, достық сезімдерін арттыра отырып, өзін - өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу

Қайырлы күн құрметті әріптестер! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Достық» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Біз ойнай отырып, ойланып, демалатын боламыз және де бір - біріміз туралы көбірек біліп танимыз.
Ең алдымен бір - бірімізбен көтеріңкі көңіл - күйде амандасып алайық.

Шеңберге тұрып менің қолымдағы екі түсті жүрекшені алу арқылы жылы сөз айтып бір-бірімізге сәттілік тілейміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені алады).
- Ойын екі топқа бөліну арқылы жүргізіледі. Енді қолымыздағы алынған жүрекшелер екі түске бөлінген. Сол түстерге сәйкес екіге бөлініп орналаса қояйық.

Мен әділқазылар алқасын ата-аналардан алғанды жөн көрдім, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз. Бірақ әділқазылар алқасының төрайымы балабақшамыздың әдіскері, мүшелері ата – аналар болады.

/Әділқазылар орындарына жайғасады/

 

№ 1 Тапсырма: «Мен білемін» атты сұрақ - жауап сайысы 

 

(Сұрақтар қойып, бірінші жауап берген топқа ұпай беріледі).

 


А) Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс бағытының құжаты (Стандарт).
Ә) Жылдық жоспар (Күнтізбелік жоспар).
Б) Неше саламен жұмыс жасаймыз? (5 сала).
В) «Музыка» бөлімі қай саладан? (Шығармашылық)
Г)  2 - 3 жас аралығындағы топ қалай аталады? (кіші топ)
Д) Балаға не арқылы білім береміз? (Ойын)

№ 2 Тапсырма: «Атауын тап» ойыны.

 


(Екі топ қарама – қарсы тұрып, бір-бір адамнан ортаға шығады. Оларға өздеріне көрсетпей бастарына суретті айшық кигізіледі. Сол бойынша қимылмен суреттеп қарсы тұрған адамдағы суретті оған қимылмен бейнелеу арқылы жеткізу керек. Ол адам дал тапса ұпай есептеледі, таппаса ұпай қосылмайды.).

№ 3 Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту»

Парақтарға келесі сөздер жазылған:

 

(әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды)

 

 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

 

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

 

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

 

Басқан жері сықырлап келіп қалды - деген өлең шумағын қимыл – қозғалыспен дауыс ырғағын өз нақышына келтіре айту.

б/Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған – деген өлең шумағын қимыл – қозғалыспен дауыс ырғағын өз нақышына келтіре айту.

  

№4 Тапсырма: «Бір жолын тап» пікірталас.

  

(екі топқа бір - бір жағдайдан беріледі. Сол жағдайды шешу жолдарын айту,

 

сахналау. Екінші топ сол жағдайды шешу жолында қандай да болсын қателіктерді

 

қарайды)
1 топ: «Екі бала ойыншыққа таласып қалады. Бір бала екінші баланың қолын тістеп алды. Кешке қайтар уақыт. Жарақат алған баланың анасы – өте қатаң, талапшыл адам. Сіздің не істейсіз?».

 


2 топ: «Сіз таңертеңгі балаларды қабылдау уақытындасыз. Келген бала келісімен үйдегі болған жанжал туралы айта бастады, жанында оның анасыда бар. Бала қатты үрейленіп тұр. Сіз не істер едіңіз?».

  

№5 Тапсырма: «Өзіңе сенімдісің бе?» ойыны

 

Тәрбиешілерге бір қатар зат есімдерден тұратын 10 сөздер оқып. осы сөздерді ретімен жазуды ұсынады. 2 – минут беріледі. Уақыт болған соң қатысушылар өз жазғандарын оқып салыстырады.

№6 Тапсырма: «Мен танитын әріптес»

 


Тәрбиешілер өз аты - жөнін жасырып, бір әріптесін сипаттап бастапқы берілген жүрекшеге сипаттап жазу керек. Жазып болған соң маған тапсырасыздар, мен оны  бір – бірлеп оқып атын атап беремін. Сіздердің сипаттауларыңыз бойынша сол адамды табуым керек. Бұл жерде сіздердің сипаттау арқылы көрсеткіштеріңіз маңызды.

№9 Тапсырма: «Кім жылдам» ойыны
«Қарапайымдылықтарыңызданда» сөзі жазылған парақ таратамын, сіздерге 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта ішінде осы сөзден басқа сөздер тауып жазуларыңыз керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.

№8 Тапсырма: «Мақта қыз бен мысық» ойыны

  

Тәрбиешілердің ұжымдық жұмыс жасау әрекеттерін бақылап көрелік.
Әр топтан «Мақта қызды» таңдаймыз, қалғандары «мысық» болады. Мақта қызды көзін байлап, бетін теріс бұрып қоямызда, «ыдыстағы сүтті» тығып қоямыз. Содан кейін «Мақта қыздың» бетін ашып, «сүтті» іздейтін болады, «мысықтар» тек қана «мияу» - деп дыбыстап көмектеседі. «Мақта қыз» «сүтке» жақындаса, «мысықтар» «мияу» - деп қуанып дыбыстаймыз. Ал «Мақта қыз» «сүттен» алыс кетсе, «мияу» - деп ашуланып дыбыс береміз.

Құрметті әріптестер, міне бүгінгі сіздерге арналған ойынымыз аяқталды. Енді 

әділқазылар шешімін күтеміз. Шешім дайын болғанша, өздеріңіздің бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуларыңызды ұсынамын.

 

Әділқазы мүшелері жеңімпаздарды анықтап марапаттайды.



Автор:

Машенбаева Алия Қуатбайқызы

«Айда»жеке балабақша меңгерушісі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті




15 қаңтар 2021 г. 1 914 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031