Шығармашылықпен бөлісу
Оқушы ойнайтын шығарма,жүрекпен сезініп өз ойын, сезімін музыкадан таба білетіндей,мазмұнын түсіне алатындай дәрежеге жету үшін,мұғалім қамқорлығы,түсінігі музыканы жете түсіндіре алуында деп білемін.Әр оқушы шығарманы жандандырып, бірнеше шығарманы суреттеп беруі мүмкін,бірақ бұл барлық оқушыда бола бермейтін қасиет бұл
тек,тума таланттарда болуы мүмкін.Оқушының дәрежесіне сай келетін шығарма болуы да, оны әрі қарай шабыттандыратын да музыка болуы мүмкін,музыкалық жанрлық ерекшеліктеріне және бір- бірін ажырата алуына сәтті қадам жасап отыратын ол мұғалім шеберлігіне байланысты келеді.Алғашқы қадам басып келген оқушыға бірден аспап ұстау, немесе ән айту қиындау соғары анық.Музыкалық сауаттылығы жағынан бірден үйреніп кете алмайды,жаңа әнді өңдеп түрлендірмесе неше түрлі ноталармен әрлемесе әдемі шықпайтыны сияқты бұл да модификациялық инноватция негізіне сүйене отырып шығармаларды оқушы деңгейіне сай жас ерекшелігіне,және техникалық мүмкіншілігіне сәйкес іріктей отырып береміз.Бұл жерде айтпағым әр оқушы деңгейі әртүрлі,әр оқытушы өз методикасымен бөліседі,сол секілді әрбір оқытушыға әсіресе жаңа еңбек жолын бастаған мамандарға керекті мәлімет және кішкене болса да ұсыныс деп білемін.Өзім қобыз сыныбы оқытушысы болғандықтан қобыз аспабындағы кейбір қиындық тудыратын шығармалар көптеп кездеседі.Оқушы ойнайтын шығарма автордың қойылған нюансы мен штрихтарымен өзгертусіз орындалуы шарт.Таза квинтаға келтірілген қобыз аспабы оқушы құлағында жатталып қалу керек және кез- келген оқушыға бағына бермейді.Оған көп шыдамдылық,төзімділік керек.Осындай аспаптарды игеруде,өз мамандығын құрметтейтін,қастерлеген,бүлдіршін шәкірттерге үйретуді жан тәнімен сүйген, маман ғана көп жетістікке жете алады ,өз еңбегінің жемісін көреді.Әркім өз ой- өрісі жеткенше оқытады ,еңбектенеді,дегенмен әр оқытушы мамандығын терең зерттеу арқылы,заманға сай жүйелі сапалы материал мен техникаларды игеру арқылы дұрыс бастағаны жөн.Ол үшін оқу орындарынан,мектептен бастаған дұрыс.Болашақта өз мүмкіншілігін жоғалтпау үшін әр бір талант үлкен үмітпен қарап өз өнер жолына,өз болашағын өнермен елестете алатындай жарқын өмірді қателеспей таңдай білуінде.Өйткені бала кезінен армандаған арман ешқашан адастырмайды.Өмірдегі өз тәжірибеме сүйене отырып,жинақтаған кішкентай ғана бөлімі өз мамандығымның қобыз аспабындағы мүмкіншілік, оқушы деңгейі жөнінде ой бөліскім келеді.Елімізде болашағына нық сеніммен басқан,мағыналы, тарихи кезеңде қобыз өнері де тасада қалмайды.Өйткені Егеменді еліміз алғаннан бері атақты қобызшылар өз тәжірибелері арқасында,жер жерден пікір тәжірибе алмасу арқылы көптеген мүмкіншіліктер толығымен іске асып, композиторлар,ақындар арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп келеді.Музыка саласындағы көптеген колледж,мектептерде Ғылым және білім министрі бекітілген оқу құралдары өте аз болғандықтан,скрипка аспабына арналған оқулықтарды қолданып келеміз.Мәселен, бірінші жинақ міндетті түрде алғашқы үйренуші (постановка) отырысы ,нота ұзақтығы,өлшемдер мен нота сауаттылығы жатады,және қай саусақ қай шектерде қалай орналасу тәртібі түсіндірілуі керек.Сондықтан қобыз аспабын игеруде саусақтар,оң және сол қол қою дұрыс меңгерілуі маңызды.Шығарманы таза ойнап үйрену үшін дыбыс тазалығы (иннтонация) дыбысты таза естіп үйрену,бірінші позитциядан ,екінші позитцияға көшу кезіндегі өте ыңғайлы тиімді жолдарын игеру керек.Ұзақтығы әр түрлі нотаны,ысқының қай бөлігінен, қандай ұзақтықта созылуына байланысты көрсету.
Ысқышты қолданудың күрделі түрлерін меңгерту алғы шарттардың бірі.Кез -келген шығарманы басты орындап қана қоймай,оған керекті әлемдік музыка өнеріне ортақ динамикалық белгілер мен түрлендіріп мінездеме келтіреміз.Мысалы;f-(Форте) p (Пиано)mp-меццо пиано)mf меццо форте)т.б.Оқушыға керекті штрихтар мен динамикалық белгілермен жұмыс жасау үшін, бұның барлығына жеке- жеке сабақта рет-ретімен тоқталып өткіземіз.Оқытушы мазмұнын өз ойынауында көрсетіп,оқушыға қызықты жерлеріне тоқталып,қызықты да жалықпайтындай,бай тәжірибемен бөлісе отырып, музыкалық ой өрісін кеңейтіп,әр түрлі жанрдағы,түрлі стильдегі айырмашылықты,штрихтардың ауысуы мен түрлендіруді аша білсеңіз ғана оқушы ойланып іске көшетіні сөзсіз.Табиғатын ашып,өз дәрежесінде орындау,мұғалім шеберлігі мен тәжірибесінің мол және еңбекқорлығының,ізденісінің арқасында ғана жетеді.Осы мақаламда айтылған тәжірибем жаңадан бастау алған оқытушыларға қажет деп есептеймін.Оқытушы толыққанды өз ойын жетік меңгерген тек қана аспап туралы емес, жан- жақты дамытып отыруы керек.Оқушының да деңгейі әр түрлі деп айтып кеткен болатынмын,мысалы; бір оқушы тез жаттап ,тез қабылдаса,екінші оқушы өте жай қабылдауы мүмкін.Осындай кезде шығарманы деңгейіне сай береміз деп атап өткен болатынмын.Оқушының жасына да мүмкіншілігіне келетін шығарма өте күрделі немесе өте оңай да болып кетпеуі керек.Ал енді өте жай қабылдайтын музыкантқа жүректі тербейтіндей жай шығармадан бастап бірте- бірте тез ойналатын шығармалармен алмастырып отыру керек.Әрине оқушы бір сарынмен қалып қоймайды,лирикаға да ,шетел композиторларынан, орыс шығармаларынан да үйрету керек.Орындаушылық өнер болғандықтан барлық саусақ бірдей емес ,қобызда төрт саусақ қолданғандықтан,сол төрт саусақ дыбыс деңгейі бірдей болу керек.Дыбыс аралық тартылу заңдылығын ести білу ,бұл сирек қасиет.Саусақ аралық ерекшелік бұл бөлек ілім.
Осының барлық құпиясын зерттеп ашпайынша, меңгермейінше жақсы музыкант шығады деп айта алмас едім.Күй болсын ән болсын мазмұны деп оқиға желісіне байланысты әңгімелеп айту,ойнап көрсету кезінде қимыл мен дәлелдеу жандандыру маңызы өте зор.Қобыз аспабы киесі де осында шығар, дәстүрлі шыңды шығармашылықпен, орындаушылықпен белді белестерді күй мен ән мен суреттеп өткерген өміршең жаңа дәуірге өтіп,өз деңгейін шетелге де жеткізген, қазақ музыкасына тигізген үлесі зор аспабымыз қобыз және оны шебер орындаушыларды әлі талай биіктерден көрінері сөзсіз.Біздің айтарымызда ,шеберлігімізде сонда айқын көрініп,талай орындаушы орын басатынына сенемін.