» » Оқырмандық көзқарастан сыни көзқарасқа дейін

Оқырмандық көзқарастан сыни көзқарасқа дейін

Түйін сөздер: оқырман, оқырмандық көзқарас, оқырмандық қызығушылық, оқырмандық түйсік, оқырмандық пікір, оқырмандық құзыреттілік. 

Оқырман - әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы тудырушы болса, оның қаншалықты ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын алатыны оқырмандарға байланысты.

Оқырмандық көзқарас дегеніміз не? Оқырмандық көзқарасты тудыратын екі негізгі мәселе оқырмандық түйсік және оқырмандық  пікір.

Оқырман пікірі және оқырман түйсігі  деп екіге бөлінеді.

Оқырман түйсігі - кешенді мәселе.  Әдебиетті түсіну, қабылдау төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

Көркем шығарманы тікелей қабылдау кезеңі (непосредственное восприятие) оқырманның образдарды елестетіп, кейіпкерге жаны ашып  қабылдауы (эмоция, қиялының дамитын кезеңі);

Шығарманың идеясын аша алу кезеңі (ойлау процестері белсенеді);

Көркем шығарманның оқырманның тұлғалық қалыптасуына әсер ету кезеңі.

Орыс психологы О.И. Никифорова қабылдаудың механизімінің екі түрін көрсетеді:

бағдарлық

негізгі

Қабылдаудың бағдарлық бөлігінде (әсіресе енді бастап оқыған кезеңінде) оқырман өзіне бірнеше мәселені:

шығарманың құрылысы мен жанрын

оқиғаның орны мен уақытын

басты кейіпкер  мен автордың кейіпкерге деген көзқарасын

Оқиғаның неден басталғанын

Шығарма көлемін бағдарлайды.

Тікелей қабылдаудың негізгі механизмі  қиялындағы образдарға жан бітіріе отырып, оқығанын талдап, ой елегінен өткізіп барып қабылдаудың өзара әрекеттесуінен тұрады.

Жанрды қабылдауы оқырманның алдыңғы тәжірібиесіне, бұрынғы оқыған көркем шығармамен байланыста тұрады. Белгілі-бір жанрдан не күтуге болатынын алдын ала біледі мысалы оқиғаның жақсы немесе трагедиямен аяқталатынын біледі. Мысалы проза мен драманы қабылдау әртүрлі схеме бойынша жүзеге асады.  Мысалы прозаны оқырман үшбұрыш:

Автор

Оқырман                                                                                                                                     

Герой

Автор мен кейіпкер бөлек-бөлек қабылданғанмен, байланыста екенін түсініп қабылдайды. Драмадағы қабылдау бөлекше:

Автор    -------                  Кейіпкер          ---------             оқырман. Яғни  автор мен оқырман арасындағы байланыс кейіпкер арқылы жүзеге асады. Шығарма авторын оқырманның қабылдауын бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асады:

  • Бас кейіпкер арқылы қабылдау
  • Кейіпкерлердің сыртынан бақылаушы ретінде қабылдау
  • Сахна сыртындағы дауыс ретінді
  • Оқиғаны жүргізуші ретінде

Оқырманның қабылдауына автор мен оқырман оқиғаның, тартыстың екі жағында болуы әсер етеді,   автор позициясының көрінбеуі де қиындық келтіруі мүмкін.

Оқушының оқырмандық түйсігін зерттеу мұғалім үшін не береді?

Оқырмандық түйсікды анықтау тәсілдеріне әңгімелесу, сауалнама, мәселелерді талдау, тсс жатады. Оқырмандық түйсік әр жаста әр түрлі сипатқа ие болады.

  • Бастауыш сынып. Көркем шығарманы ғажайып әлем деп қабылдауымен

ерекшеленеді.

  • 5-6 сынып. Шындық арқылы қабылдау. Шығармадағы оқиға мен кейіпкерлер

шын өмірде бар шындық ретінде, өмірдің кітаптағы көрінісі ретінде қабылдайды. Бұл кездерде оқушы әлі шығарманың ар жағында тұрған авторды, қаламгердің көркемдік шешімін байқай алмауы мүмкін, бірақ осы жаста жаны ішу, кейіпкерді аяу сияқты сезімдері басым болатын кезімен құнды. Міне, осы қасиетін жақсы мұғалім, жақсы ата-ана сақтап қалуға тырысады.

  • 7-8 сынып. Көркем шығармаға деген көзқарас жеке субьективті көзқарасқа

айналатын кезең. Кей кезде оның жеке басындағы проблемалары автор идеясын анықтауды, көре білуде қиындық тудыруы мүмкін. Мысалы егер ата-анасымен ренжісіп жүрсе, көркем шығармадағы осы мәселелерді қызығып оқиды немесе бұл тақырыпты ұнатпауы мүмкін, тіпті үлкендердің ақылымен бір мәселе оң жағынан шешілетін болса, сол оқиғаны ұнатпай қалуы, қарсы шығу кезі. Бұл жастың артықшылығы – Кейіпкерлердің іс-әрекетін нақты түсініп, іс-әрекетттерінің мотивін анықтай алуы. Осы кезде оқырманда психологиялық өзгерістер болып жатқандықтан, адамгершілік мәселелеріне ерекше көңіл болады. Яғни іс-әрекет арқылы оң-солын танып жатқан кез.

  • 9-11сыныптарда көркем шығарманы өнер ретінде бағалап, сыртқы формасын

бағалаумен қатар (мысалы ғылыми фантастикаға деген сұраныстың артатын кезі) ішкі байланыстарды, ішкі ойды бағалай алатын кезі. Яғни себеп пен салдарды, танымдық байланыстарды бағамдай алатын кезі

  •  Г. И. Белинский оқырмандық түйсіктің екі түрге бөледі: төменгі деңгей, жоғарғы деңгей.
  • Төменгі деңгей оқырмандық түйсіктің  «аңқау» кезеңі бағаланады, ішкі интуияцияға негізделген (мысалы «Ақбілектегі» артық іске, жамандыққа бармаған Бекболатты ұнатпайды, неге ұнатпайтынын ішкі түйсігі ғана біледі) эстетикалық сұлулығына мән бермейді (мысалы махаббат туралы өлеңнің бәрі ұнайды, қай өлең эстетикалық жағынан биік тұрғанын аңғармайды) және өмірлік қорытындыны жақсы  жайды.
  • Оқырмандық түйсіктің жоғары деңгейі – концептуалды: ақылмен де жанымен де шығарманың пафосын, бояуын бағалап, қаламгердің фантазиясын да, ішкі ойын да түсінетін, шығарманың мазмұны мен сырқы формасынан да эстетикалық ләззат алады. Концептуалды түйсік білікті оқырманға тән.
  • Оқырмандық түйсікті ғалым В.А. Доманский 3 деңгейге топтастырады:
  • Әңгімелік-көрсетілімдік (сюжетнособытийный)
  • Образды –аналитикалық
  • Идеялық-эстетикалық
  • Бірінші деңгейде көркем шығарманы оқушы көз алдынан оқиғалар тізбегі ретінде қабылдап, жалпылау немесе оқиға себебі мен салдарын байланыстыра алмауы мүмкін. Бұл оқырмандардың шығармадан алған әсері байланыссыз болып көрінгенмен, шығарма сюжетін нақты өмір мысалы ретінде қарайды, өмірлік қорытынды жасап, тәрбиелік мәнін түсінеді. Автор позициясын байқай бермесе де, оқиғаның дамуына қатысты эмоциялық реакциясы өте белсенді.

Көркем шығармаға баға берер кезде оқиғаның дамуына, қызықтылығына, тездігіне, шындыққа жанасымдылығына көп көңіл бөледі. Бұл деңгейдегі оқырман үшін тілдің қарапайымдылығы мен түсініліктігі маңызды. Оқырмандық қызығушылықтары  мына жанрларға:

  • Детектив
  • Фантастика
  • Тарихи романдар 
  • Приключенческие романы сюжеті тез ауысатын оқиғалы. Бұл оқырмандардың

поэзияға қызығушылығы жоқ. Көркем шығарманы танымдық, көңіл көтерушілік, уақыт өткізушілік, эмоциялық күй кешу үшін оқиды.

  • Оқырмандық түйсіктің образдық-аналитикалық деңгей іштей екіге бөлінеді:
  • Логикалық-тұжырымдамалық
  • Эмоционалды-образдық

Логикалық-тұжырымдамалық типтегі оқырмандар өзіндік қорытынды жасауға, баға беруге бейім, эмоцияға көп берілмейтіндіктен образдық жүйені жалпылаудан гөрі нақтылауға бейім. (Құнанбайдың өмірдегі бейнесі)  Шығармадан нақты дәлелдер таба отырып, адамгершілік –этикалық мәселелерді талдайды, ой қорытындысын жасайды. Солай бола тұра көркем шығарма идеясын қарапайым түсінеді, астарына бойлай бермеуі мүмкін. Оқырман ретіндегі эмоциясы тым салқын, шығармашылық қиялы шектеулі. Оқырмандық қызығушылығы танымдық, адамгершілік-әлемдік көзқарастық  бағытта. Көркем шығарманың танымдық және әлемдік мәселелер мен әлемдік құндылықтарға ерекше мән береді. Оқырмандық қызығушылығы түрлі бағыттарда: саясат, тарих, соғыс пен ерлік, атақты адамдардың өмірі мен мемуарлары, түрлі сапарлар мен шытырман оқиғалар.

Эмоционалды-образдық типтегі оқырмандар жеке пікір, өзіндік көзқарасымен ерекшеленеді.Көркем шығарманы оқып отырған кезде оқиғаның ішіне кіріп кетіп, кейіпкерлермен бірге қиналып, бірге қуана алады. Эмоцияға көп берілетіндіктен образдық жүйені нақтылаудан гөрі жалпылауға бейім (Құнанбайдың типтік образы). Жеке өміріндегі оқиғаларымен (қайғы-қуанышы) байланыстыра отырып қабылдайды. Көркем шығармаға эмоциялық әсер,  шындыққа қатысына қарай  береді. Көркем шығарманың композициялық тұтастығы лексика, синтаксис, авторлық ремарка, көркемдік детальдерге назар аудармауы мүмкін. Шығарма тілінің түсінікті болғанын бағалайды.

  • Идеялық-эстетикалық типтегі оқырмандар деңгейі көркем шығарманың тек идеясын, автордың айтарын, көтерген мәселелерімен қатар, шығармадан эстетикалық ләззат ала алатын оқырман.

Білім үдерісінде оқушының оқырмандық көзқарасын дамыта отырып, сыни көзқарасқа жетелеу, қалыптастыру үшін бұл мәселелер – өте маңызды.

 

  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Жабицкая Л.Г. Восприятие художественной литературы и личность. Литературное развитие в юности. Кишинев, 1974ж
  • Корст Н.О. Восприятие литературного произведения и его анализ // Вопросы анализа художественных произведений. М., 1969ж
  • Курдюмова Т.Ф. Проблема восприятия художественного текста на уроках литературы // Взаимосвязь восприятия и анализа художественных произведений в процессе изучения литературы в школе. М., 1984
  • Левидов А.М. Автор - образ - читатель. Екінші басылым, Л., 1983ж     
  • Интернет ресурс: http://uchitel.uss.dvfu.ru/wp-content/uploads/ 

Автор:

Салтанат Аблахатқызы Меңдібаева

Нұр-Сұлтан қаласы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


18 қазан 2019 г. 6 652 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031