» » "Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы" әдеби-музыкалық қойылым

"Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы" әдеби-музыкалық қойылым

Шараның мақсаты;

1. Ғ. Мүсірепов шығармалары арқылы ана бейнесін ашу.  

2. Шығармашылық жұмысқа баулу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру.

3.Үлкендерді сыйлау, ананы қастерлеу, құрметтеу, сенімін ақтауға тәрбиелеу.

Шараның түрі: Әдеби музыкалық қойылым

Шараны жүргізу барысы:

  • Кіріспе

Сынып жетекшісі : Құрметті оқырмандар,міне көктемнің шуақты күндері де келіп жетті.Биыл,Қазақтың атақты жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 117 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін біздің мектебіміздің  кітапханасында 10"А"сыныбымен өткізілгелі отырған "Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы" атты шарамызға қош келдіңіздер!

Ана деген-асқар тау таусылмайтын

Ана деген -айдын  көл тартылмайтын-дегендей, өмірде ана атану, перзент сүю, артына ұрпақ қалдыру қашаннан да адамзат баласына тән ең асыл қасиет! Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі-тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

  • "Ана" туралы ой -толғау(оқушылардың өлең, эсселері)

         Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Ендеше оқырмандардың "Ана" туралы ой-толғауларын тыңдап көрейік.

1. Кербез:                                                     6. Аяулым:

2. Мағжан:                                               7. Ахмет:

3. Гульмира:                                            8. Малика:

4. Азиза:                                                   9. Досымжан:

5. Ержан:                                                 10. Айбек:

  • Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы (слайдты саяхат)

         Кітапханашы: Мінеки, біз сіздермен оқушылардың өз аналары жайлы ойларын білдік, енді жоғарыда айтылғандай Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығына слайдты саяхат жасайық.

1 - оқушы: Ғ. М. Мүсірепов - қазақ халқының әйгілі жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

2 - оқушы: Ауыл молдасынан оқып хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай оязының Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Ғ. Мүсіреповтің тұңғыш ұстазы қазақтың белгілі педагог ақыны Бекет Өтетілеуов болған. Кейін төрт жылдық жоғарғы бастауыш орыс мектебін бітіріп, 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетіне түседі. Білімге деген ынта оны Омскідегі ауылшаруашылық институтына әкеледі.

3 - оқушы: Қазақ халқының жазушысы Ғ. Мүсіреповтің қаламынан  - "Тулаған толқындар", "Қос шалқар", "Шұғыла", "Афтобиографиялық әңгіме", "Қазақ солдаты", "Оянған өлке", "Кездеспей кеткен бір бейне" шығармалары туындаған.

4 - оқушы: Орыс ақын-жазушылары А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гогольді, А. М. Горькийді, Н. А. Некрасовты сонымен қатар шетел классиктерін көп оқиды, жазушының әдеби білімі мен талғамы жетіле түседі. Мүсірепов - дүниежүзілік классикалық әдебиетшілердің драмалық шығармаларын қазақ тіліне аударған дарынды аудармашы. Ол У. Шекспирдің "Антоний мен Клеопатра", Мольердің "Сараң", А. Островскийдің "Таланттылар мен табынушылар" сияқты пьесаларын ана тілімізге аударған.

5 - оқушы: 30-жылдары "Қыз Жібек", "Амангелді", "Қозы көрпеш-Баян сұлу", "Ақан сері - Ақтоқты", "Тұтқын қыз", "Полковник Чудов" сияқты драмалық шығармалары дүниеге келді. Кейін жазушы шығармалары негізінде кинофильмдер түсірілді. Драманың кейіпкерлері - рухы мықты, дарынды, адамгершілік асыл қасиеттері биік, махаббатттары таза, жандары сұлу адамдар.

6 - оқушы: Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығында әр жылдары жазылған ана туралы еңбектері мен аудармалары "Ананың анасы", "Ашынған ана", "Ананың арашасы", "Ер ана", "Ақлима", "Адамның анасы", "Өлімді жеңген ана", "Ұлпан" ерекше орын алған.

  • "Өлімді жеңген ана" (монолог)

         Сынып жетекшісі: Ғ. Мүсірепов ана тақырыбына көптеген шығармаларын арнаған екен, ал, енді жазушының "Ана" бейнелеріне назар аударайық.

1 - оқушы: Максим Горькийдің "Өлімді жеңген ана" аудармасынан -

         "Тыңда, өлімнің егіншісі, Темір! Сен менің алдымда кінәлісің. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңді жусын деп келдім. Сенің бағынғаның "Күш - әділдікте!" деген ұранды айтты. Мен бұған иланбаймын. Бірақ сен маған еріксіз әділ боласың. Өйткені мен - анамын! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себемін. Сені жеңемін!"

  • Күй "Балбырауын"
  •  
  • "Ананың анасы" (монолог)

2 - оқушы: "Ананың анасы әңгімесінен  -

         "Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан туылдыңдар! Ана мен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме! Артыңнан куып келетін ешкім де жоқ. Сен бұл елді шабуға келесің, бұл ел де басқа бір елді шабуға кеткен. Мен мына шыздың шешесімін. Қызым қазір он бесте. Дәл қызымның жасында өзім де сергелдеңге ұшырап едім. Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ... Содан бері он бес жыл өтті. Күндіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын, соңдарыңнан қуып келіп тұрмын! Неғып қорықпай қуып келді демеңдер: он бесімде өзімде тап осы қызымдай едім, сендердің қолдарыңла кетсе, енді он бес жылдан соң қызым да тап қазіргі мендей болма ма? Мен үшін бұдан артық, қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол мені айдап әкелген! Берсеңдер тірі алып қайтам, бермесеңдер өліп қайтам! Қызым сендерге барғанда, күң болады, өзіммен қалса, тым болмағанда, өз етегімде еркін еркелейді. Сондықтан қызымды алып қайтамын!"

                            VII. Ән "Ана туралы баллада"

                            VIIІ. "Ер ана" (монолог)

3 - оқушы: "Ер ана" әңгімесінен -

         "Ей, тоқтаңдар... Мектепте менің бөбегім жатыр... Е, мен бір түк көрмеген меңіреу ме едім, сонша! Он сегізінші талай көпірді өзім де қиратысқанмын. Ол сендер ғана білетін өнер емес шығар. Көріп болыңдар... Енді кіре беріңдер! Түн ішінде қайда барам? Барлық үйлерге де сіздің адамдар толып болды емес пе... Көшеге шыға бергенде, күзетшілерің ғой атып салды? Мен бәріңе де анамын ғой, балалар. Өз балам мынау, әл үстінде... Егер кегім алынса!..."

                            ІХ. Даналық ой ізімен (слайд)

         Сынып жетекшісі : Еліміздің майталман тұлғаларының, қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері М. Ғ. Махмұтұлы жайлы ойларына құлақ түрейік.

1 - оқушы: Н. Назарбаев: Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдіретті қаламы арқылы көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде-ақ өзінің жоғары бағасын алды.

2 - оқушы: З. Қабдолов: Ғ. Мүсірепов - ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден "Мүсірепов" деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Ғ. Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Онымен мақтауымыз керек.

3 - оқушы: С. Шаймерденов: ...Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың   осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық.

4 - оқушы: Ш.Мұртазаев:Ғабит Мүсірепов-ардақты ат!Мүсірепов туралы мың сөзден"Мүсірепов" деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең,мазұмыны әлдеқайда бай.Ғабит Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ.Онымен мақтаныуымыз керек.

5-оқушы: Р.Нұрғалиев:Ғ Мүсіреповтің шағын прозалық шағармаларын тіл тазалығы, стиль сұлулығы, форма жаңалығы, ой салмақтылығы қазақ әдебиетінің бүгінгі даму бағдарын көрсетіп, ізденіс сапарындағы белестерді айғақтайтыны анық.

6 - оқушы: Ә. Тәжібаев: Абайы, Сұлтанмахмұты, Сәкені, Мұхтары, Бейімбет пен Сәбит, Ілясы, Ғабиден мен Қасымы болуы бір халықтың ұлт ретінде дұрыс өскендігін дәлелдейді. Солардың ортасындағы ең ірі тұлғалардың бірі - бізідің Ғабит ағамыз.

                   Х. Ән "Асыл ана"

                   ХІ. Кітап көрмесі (қаламгер шығармаларын насихаттау)

Сынып жетекшісі: Құрметті оқырмандар, Мүсіреповтің шығармашылығымен толығырақ танысу үшін кітаптарды оқуды ұсынамыз.

                   ХІІ. Қорытынды.

         Сынып жетекшісі: Міне, балалар, бойымыздығы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуы қолжетпес теңіз түбінде жатады. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Ал, баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау әр баланың парызы.

          Құрметті оқырмандар! Ата-аналарымызды ардақтайық, сыйлайық. Бұл біздің борышымыз! Ардақты әкеміз бен аяулы аналарымыз ешқашан қартаймасын! Барлығымыздың ата-аналарымыз аман болсын!

Өмірдің иесі Ғазиз Ана,

Өмірге келтірген нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Анасыз өміріміздің еш мәні жоқ, олар бар жерде әлем де, өмір де бар. Ана алақаны біз үшін - ең жылы ұя. Осыны естен шығармайық!

Құрметті 8 "а" сынып жетекшісі Баян Өртбайқызы және белсенділік танытып бүгінгі шараға қатысқан барлық оқырмандар сіздерге алғысымызды білдіреміз!

Санкайбаева Баян Ортбаевна

" № 11 ЖОББМ" КММ - нің

Химия пәні мұғалімі
ШҚО, Семей қаласы

07 ақпан 2019 г. 37 270 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031