ДЕНІМІЗ САУ БОЛЫП ӨСЕМІЗ
Мақсаты: Балаларды өз денсаулығын нығайтуға үйрету, микробтардың қандай зиян келтіретінін, адам ағзасында дәрумендердің болу қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,әңгімелесу, сұрақ-жауап,
Инновациялық әдістер: Сингапур технологиясы, «Фрейер моделі» әдісі, «Тик-тэк -тоу» әдісі, «Маңызды қабырға», "Миға шабуыл".
Керекті құралдар: әртүрлі суреттер, интерактивтік тақта, себет, тәрелке , су бүріккіш
I. Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Шаттық шеңбері.
Мен саған жылулық тілеймін.
Мейірімділік тілеймін.
Күштілік тілеймін.
Мен саған нәзіктік тілеймін.
Жақсы көңіл-күй тілеймін.
Ашық күн тілеймін.
Тазалық тілеймін.
Бақыт тілеймін.
- Сәттілік тілеймін.
Денсаулық тілеймін.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендермен "Тамаша өмір сүру" бағдарламасы.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сіздермен денсаулық жайында әңгімелесетін боламыз.
- Балалар, «деніміз сау болсын» дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары: Ештеңе ауырмаса, қолдарымыз күшті, аяқтарымыз тез қозғалса, тістеріміз ауырмаса, шашымыз әдемі өссе деніміз сау болады.
Тәрбиеші: дені сау адамдардың көңіл-күйі қандай болады?
Балалардың жауаптары: көңілді, қуаныштыболады.
Тәрбиеші: құрметті балалар сізге бір оқиғаны көрсетуге рұқсат етіңіз. Ендеше назарларыңызды экранға аударыңыздар.
Экраннан видеоролик тамашалайды.
II. Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі:
Тәрбиеші: Дана ауырмау үшін не істеу керек еді ?
Балалардың жауаптары: тазалық сақтап , қолдарын дұрыстап жуу керек еді.
Тәрбиеші: неге тазалықты сақтау керек?
Тәрбиеші: "микробтар" деген не?
Балалардың жауаптары:ауру тудыратын денелер
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, қатысушылар! Ендеше сендерді «Білгенің пайдалы» тәжірибе алаңына шақырамын.
1-тәжірибе: (тәрбиеші балаларға алақандарын алға созуды және оларға бүріккіштен су шашыратады)
- Міне, балалар, сендерге бір адамның түшкіргенін елестетіп көріңіз, қолдарыңызға қараңыз, оларға не тиді?
- Микробтар осылайша біздің денемізге еніп, бізге жұқтыруы мүмкін. Енді балаларға қол орамалын алып, қолдарыңды орамалмен жабыңдар .Тәрбиеші қайтадан су шашады. Орамал бізді микробтардан қалай қорғағанын қараңыз. Біздің қолымызға ештеңе түскен жоқ.
Қорытынды: түшкіру кезінде аузымызды қол орамалмен немесе маскамен жапқан кезде, микробтар ешкімге жұқпайды және басқа біреудің денесіне енбейді.
Ал енді екінші тәжірибеге қараңыздар.
2-тәжірибе: Шыны ыдысқа аздап су құйып, үстіне бұрыш себеміз. Бұрыш - бұл микробтар пайда болды . Енді қолдарымызды сабынға батырып микробтарды қуамыз.
Тәрбиеші: микробтар адамдар үшін қауіпті ме?
Балалардың жауаптары: Иә, қауіпті. Микробтар ағзаға енген кезде олар көбейе бастайды және адам ауырады.
Тәрбиеші: сонымен, кірді, демек микробтарды қалай жеңуге болады? Балалардың жауаптары: қолды сабынмен жуу керек.
Қорытынды: қарапайым су мен сабыннан микробтардың күші ериді екен .
Олай болса, судың қасиеттерін де тексеріп көрейік.
« Фрейер моделі» әдісі
Түссіз Қатады Дәмсіз Өзгереді Иіссіз Ериді Мөлдір | Пішіні ,түсі, өлшемі әр түрлі |
Суды не істейміз? Ішеміз Жуынамыз Шомыламыз Тамақ пісіреміз | Ағаш , тас, жер
|
Ал енді балалар"Миға шабуыл" айдарын өткізуге шақырамын
Тәрбиеші: сонымен, достар, шабуылға дайынсыңдар ма?
Онда алға! (дұрыс жауапты айтады)
1). Шөптің жасыл екенін білуге қандай дене мүшесі көмектеседі? (көру мүшелері-көз).
2) Көкөністер мен жемістерде көп мөлшерде қандай пайдалы заттар бар ? (дәрумендер)
3). Тісті күніне неше рет жуады? (2 рет)
4). Судың ағзаға қандай пайдасы бар? (су адамдарға қажет, сусыз өмір сүру мүмкін емес)
5) Қандай дене мүшенің көмегімен біз атымызды естиміз ? (Есту-құлақтың көмегімен)
Начало формТәрбиеші: дұрыс айтасыңдар құлағымызбен естиміз.Балалар, қалай ойлайсыңдар, қандай аңның құлағы жақсы естиді?
Балалардың жауаптары:Қоянның құлағы жақсы естиді.
Тәрбиеші: Неліктен?
Ендеше тағы да, тәжірибе алаңына шақырамын.
Қоянның құлағының жақсы еститіндігіне іс тәжірибе жасап көрейік.
3- тәжірибе: Балалардың алдында пішіндері әр түрлі екі қағаз жатады. Балалар, пішіні кішкентай қағазды орау арқылы дауыс зорайтқыш жасаймыз. Енді әр түрлі дыбыстарды тыңдайды. (құстың әндеткен дыбысы, машинаның дауысы). Балалар құлақтарынан дауыс зорайтқышты алып өз сезімдерін айтады. Алдарындағы екінші кағаздан үлкен дауыс зорайтқышты алып, аралары 4-5 метр қашықтықта тұрып дауыс зорайтқышқа қатты және сыбырлап айтып көрейік. (кішкентай дыбыс зорайтқыштан су құюымызға болады, ал үлкен дыбыс зорайтқышты жаңбыр жауғанда басымызға киіп алуымызға болады.)
Тәрбиеші :Балалар, дауыс зорайтқыштан неліктен жақсы естіледі?
Қорытынды:: кең дауыс зорайтқыштан дыбыс жақсы естіліп тұрды.
Тәрбиеші : Ендеше, тәжірибе жасап көргеніміздей қоянның да құлағының ұзындығы дауысты жақсы естуіне көмектеседі екен.
Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жыл мезгілде дәрумендер көп жейміз ?
Балалардың жауаптары:жазда, күзде
Тәрбиеші : Балалар, мына жерде нені көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары: жемістер, көкөністер,шырын, сүт, балық, шоколад,тұз,
Тәрбиеші: - Балалар, бұл жеміс-жидектер, азық – түліктердің біздің денсаулығымызға пайдасы бар ма?
Балалардың жауаптары:олардың құрамында дәрумендер бар, біздің мықты болып өсуімізге пайдасын тигізеді.
Тәрбиеші: Дәрумендер дегеніміз не?
Балалардың жауаптары:бұл біздің денсаулығымызға пайдасы бар заттар. Олар бізді әр түрлі аурулардан қорғайды.
Тәрбиеші: балалар, осы азық- түліктердің ішінде денсаулықққа пайдалы еместері бар ма? Неліктен олар біздің денсаулығымызға зиян келтіреді ?
Балалардың жауаптары:кейбір азық түліктерді көп жеуге болмайды.
«Маңызды қабырға » әдісі
Балалар үстелдің үстінен суреттерді алып «денсаулық» сөзін қатыстырып сөйлемдер құрастырып маңызды қабырғаға іледі.
- Алманың денсаулыққа пайдасы көп.
- Шоколадтың денсаулыққа пайдасы жоқ.
- Лимонда С дәрумені бар.Ол денсаулығымызға пайдалы.
- Балықты көп жесек денсаулығымыз мықты болады.
- Денсаулыққа су өте пайдалы.
- Сәбіз денсаулықты нығайтады.
- Ірімшік денсаулыққа пайдалы
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді келесі айдарымызға көшеміз.
Тәрбиеші:керемет, балалар, енді мен сендерді «тик-тэк-тоу»ойынын ойнауға шақырамын. Егер де, менің сұрақтарыма келіссеңдер –Х белгісін, келіспесеңдер-О белгісін қоямыз.Қатарларды мұқият ескерейік.
Тәрбиеші:Іске сәт!
«Тик-тэк –тоу» әдісі
1 қатар:
1 сұрақ- Мен ойламын, тісімізді күніне 2 рет жууу керек?-х
2 сұрақ- мен ойлаймын, көкөністердің денсаулыққа пайдасы жоқ ?-0
3 сұрақ- мен ойлаймын, әрдайым спортпен шқғылдану керек?-х
2 қатар:
1сұрақ- мен ойлаймын, жемістерді жумай жеуге болады?-0
2 сұрақ- мен ойлаймын, күнде қолымызды сабындап жуу керек ?-х
3 сұрақ- мен ойлаймын, кәмпит біздің денсаулығымызға пайдалы ?-0
3қатар:
1сұрақ- мен ойлаймын, микробтар біздің денсаулығымызға зиянын ?-х
2 сұрақ-мен ойлаймын, үнемі тазалық сақтау керек емес ? -0
3 сұрақ-мен ойлаймын, күнде дұрыс тамақтану керек ?-х
х | 0 | х |
0 | х | 0 |
0 | 0 | Х |
III. Рефлексия- түзетушілік кезеңі
Қорытынды.
Балалар, осымен біздің бағдарламамыз аяқталды
«Тамаша өмір сүру» бағдарламасы сендерге ұнады ма?
Сендердің көңіл-күйлерің қандай? Дананың көңіл күйі де жақсы. Ол енді ауырмаудың жолын білетін болды.
Мен сендерге мықты денсаулық тілеймін! Келесі көріскенше сау болыңдар!
Автор:
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК
Тәрбиеші: Шаукерова Эльмира Асетовна