1 саны мен цифры

Мақсаты: бір саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету. Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

       Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

       Инновациялық әдістер: «Бусоград», «Лысенко» әдісі.

       Сөздік жұмыс: бір, біреу, бірінші, алғашқы, жалғыз.

      Көрнекіліктер: суреттер 

І. Мотивациялық-қозғаушылық кезең:

Тәрбиеші:

 -  балалар, бүгінгі көңіл -күйлерің қандай?                                                                             

 - Келіңдер, бәріміз бірге жүректен шыққан жылы лебізімізді  айтайық.                           Шаттық шеңбер:        

 Мейірімді жүрекпен                                                                                                           Ақпейілді тілекпен                                                                                                          Амандасып алайық                                                                                                                            Бір жадырап қалайық.                                                                                                             Жүзімізге қарайық,                                                                                                             Сағынышты басайық.                                                                                                           Баршамызға күн шуағын шашайық.

 

ІІ. Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең:

Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші: жарайсыңдар! Күз мезгілі.

Тәрбиеші:айтыңдаршы,  күз мезгілінде қандай өзерістер болады?

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар! Күзде күн салқындайды, егіншілер егін жинайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн қысқарып түн ұзарады екен.

Тәрбиеші: күз мезгілінің алдында қандай мезгіл болды?

Тәрбиеші: өте жақсы, қызыққа толы жаз мезгілі.

Тәрбиеші: күз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

Тәрбиеші: жарайсыңдар! Қақарлы қыс мезгілі келеді екен.

Тәрбиеші: балалар, бір аптада неше күн бар?

Тәрбиеші: тамаша, бір аптада жеті күн бар! Бәріміз бірге апта күндерін қайталайықшы.

Тәрбиеші: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, керемет!

Мен қазір жұмбақ жасырамын, шешуін тауып көріңдерші.

1-тапсырма: 

Жұмбақ: 

Аспанда бір алып доп,

          Жарқырайды жарық боп.

Тәрбиеші: тамаша!  Дұрыс айтасыңдар, бұл жұмбақтың шешуі күн. Екінші жұмбақты шешіп көрейік.

Әдемі бір түнде,

          Мен жүрсем, жүреді бірге.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі ай екен

Тәрбиеші: бұл жұмбақтардың ішінде қандай сан бар екен?

Тәрбиеші: бір саны, жарайсыңдар! Бүгін бізге қонаққа бір саны келді және өзімен бірге тапсырмаларда ала келіпті. Тапсырмаларды дұрыс орындасақ бір санының сиқырын біліп аламыз. Бір саны туралы білуге дайынсыңдар ма?

Тәрбиеші: тамаша! Ал санау қандай саннан басталады? Санау “бір” санынан басталады. “Бір” саны бір затты көрсетеді және онда бір бірлік болады.

Бір сөзі бірнеше түрде айтылады: «бір», «бірінші», «біреу», «жалғыз», «алғашқы» деп. Саннан 1-ді азайтсаң, сан кемиді, яғни сол санның алдындағы сан шығады. Санға 1-ді қоссақ, сан артады, яғни сол саннан кейінгі сан шығады.

2 - тапсырма:
Тәрбиеші
: балалар, 1 санына назар аударайық. Ол бір қысқа және бір ұзын таяқшадан тұрады. 1 санын жазып үйренейік .

1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады.

 Ол үшін сендерге көмек ретінде нүктелер қойылған. Сол нүктелерді қосамыз.

                    

Тәрбиеші: қолымызды жаттықтыру үшін енді мойыншақпен жазып үйренейік.   

Бірінші мойыншақтан кішкентай қисық сызықты сол жақтан жоғары қарай оң жаққа орналастырамыз, екінші жоғардан төмен ұзын сызық қылып орналастырып саусақпен үстінен бастырамыз.

Бір саны жайлы өлең шумағы да бар екен,бірге қайталап жаттап алайық.

3 - тапсырма: Жаттау:

Бір дегенім бірінші,

Тұрды ол қатарда.

Көтеріп ап танауды,

Бастайды ол санауды.

 Тәрбиеші: балалар, ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

4 - тапсырма: Суретте 1 саны қайда жасырынған?

Тәрбиеші: дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар. Құлпынайдың сабағында, үтіктің табанында, избушканың шатырының астында, кеменің алдыңғы жағында жасырынған екен.

 

5 - тапсырма: балалар, қазір күз мезгілі болғандықтан бірнеше ағаштың жапырағы жерге түсіп қалыпты. Қайсы жапырақтың жұбы жоқ, сол жапырақты сызық арқылы 1 цифрымен байланыстырайық (жеке тапсырма).

6 - тапсырмақұпия суретті көру үшін ортадағы нүктеден бастап, көрсеткі белгісі бойынша тор көзді қарындашпен сызып отыру керек, қандай сурет шығады екен?

 

ІІІ. Рефлексиялық-түзетушілік кезең:

-Тәрбиеші: бүгін не білдіңдер?

Балалар, сендер бүгін 1санымен, цифрымен және 1 санының жазылуымен таныстыңдар. Жыл мезгілін, апта күндерін еске түсірдік. Жұмбақ шештік. Өлең шумағын жаттадық. Жасырынған 1 санын таптыңдар және жалғыз тұрған жапырақтарды бір санымен сызық арқылы қосып көрсеттіңдер. Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады деп ойлаймын. 


Автор:

Асыл Шманова,

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы

Медицина Орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның тәрбиешісі

Нұр-Сұлтан қаласы

12 желтоксан 2020 г. 9 425 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031