» » М дыбысы мен әріпі

М дыбысы мен әріпі

Мақсаты: «М» дыбысы және оның  әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгеру, буындарды және қысқа сөздерді айтқызуға үйрету. Ойын арқылы тілін, сөздік  қорларын, есте сақтау қабілеттерін  дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, жылдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:ойындар «Кілем», «Алтын қақпа», «Дыбыстарды ұстау» «Сауысқан мен қаз»,түсіндіру,сыни тұрғысынан ойлау, бусоград, кубикоград, О.Лысенконың  15 сабақта оқыту әдісінің элементтері.

Көрнекіліктер:буындар ,моншақ тақтайшасы, баурсақ ертегісінің кейіпкерлері, доп, гүл көңіл күйі, кубикоград, бауырсақ.

Шаттық шеңбер: «Мен қандаймын!»

Балалар шеңберге тұрады.Тәрбиеші балалар, көк түспен киінген балалар орындарымен ауысады.

Бас әріптері «а» дыбысынан басталатын балалар орын ауыстырады.

Шаштары ұзын қыздар орын ауыстырады. Өте жақсы балалар! Олай болса балалар  топқа барайық.

-Балалар мына жерде қандай ертегі бейнеленген?

(Балалардың жауаптары)

-Бұл бауырсақ ертегісі.

-Қандай кейіпкерлерді көріп тұрсыңдар?

Барлығы осы ертегінің кейіпкерлері ме?

Қай кейіпкер осы ертегінікі емес?

(Балалардың жауаптары)

-Мысық.

-Мысық сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

-« М» дыбысынан басталып тұр.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

- Мысық сөзінде неше буын бар?

- Мысық сөзінде 2 буын бар.

Экраннан домалап келе жатқан бауырсақты көреді.

-Балалар бұл қай ертегінің кейіпкері?

-Бұл бауырсақ ертегісі.

-Бауырсақ бізге неге келді?

(Балалардың жауабы)

Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?

Балалардың жауабы.

- Әрине көмектесеміз.

Ендеше балалар бауырсақты  Қояннан құтқару үшін бірінші тапсырманы орындайық. Олай болса мен сендермен ойын ойнаймын.

1.«Дыбыстарды ұста» ойыны.

Педагог бір дыбысты айтады, балалар бір қолдарымен ұстайды, егер екі дыбыс айтса онда екі қолдары мен ұстайды (М, МА, У, АУ, С, СЕ ,О,ОС, Н, НА, ДА, ДУ, ДЕ, П, ПА, ПУ).

 Бауырсақты аюдан құтқару үшін екінші тапсырманы орындайық. Олай болса мен сендермен тағы   бір ойын ойнағым келіп тұр.

2.«Сауысқан мен қаз» ойыны.

Педагог балалардан алшақ қарама-қарсы тұрады. Балалар бір жолақ бойына тұрады. Балалар сауысқан, педагог - қаз болады. Педагог бір балаға сөзді айтып допты лақтырады, бала допты қағып алады және сол сөздегі бірінші дыбысты атайды. (Алма, қауын, анар, Марат, жол, зал, Райхан, футбол, сабын, шаман, шапан, қар, жапырақ, жаңбыр, қыз, үй, орындық.). Егер бала сөздегі алғашқы дыбысты дұрыс айтса, бір қадам алға жылжиды. Кім бірінші сөздегі дыбыстарды дұрыс айтса және педагогқа бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.

Ал енді балалар, бауырсақты Қасқырдан құтқару үшін үшінші  тапсырманы орындайық.

3.Олай болса моншақпен  жұмыс жасаймыз.

Балалар моншақпен жұмыс  жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік.

1.Моншақты ауызға,құлаққа , мұрынға салуға болмайды.

2.Досымызға лақтыруға болмайды.

Дұрыс ендеше сендермен бірге «М»  дыбысын тақтайшаға моншақпен жазайық.

«Бусоград» балалар моншақпен «М»  әрпін жазады.

Балалар бауырсақты түлкіден құтқару үшін  тағы да ойын ойнайық.

4.«Алтын қақпа» ойыны.

Екі бала бір-біріне қарама-қарсы қол ұстасып қақпа жасап тұрамыз, сендердің  мақсаттарын буындарды алып  досымызды ұстап аламыз. Кімді ұстап алдық сол бала оқиды. (Мысал: ау, не, да, те, ка, ке, фа, фи, ар).

Өте жақсы балалар.Келесі біздің ойнайтын ойынымыз «Кілем» ойыны.

5. «Кілем» ойыны.

Карточкаларды бір-бірлеп жерге қоямыз және оқимыз. Егер дұрыс айтпаса қайтарамыз.Балалар шапшаң ойнаймыз.  Қа, қе, ай, су, ту, ра, ру ,га, ге,ча.

-Керемет балалар ! Енді біз сиқырлы орын атты ойын ойнаймыз.

6.«Сиқырлы орын» ойыны.

Балалар шеңбер бойына тұрады, аяқтарының қасында буындар жатады.  Педагог бір баланың атын атап, буын жазылған карточканы көрсетеді. Бала оны оқиды. Егер буын дұрыс оқылса, бала карточканы үстел үстіне қойып, педагог пен орын айырбастайды.

-Жақсы балалар тапсырмаларды керемет, тамаша орындадыңдар. Сендерге қиын болды ма? Балалар бауырсақ қуанып ,сендерге ризашылығын білдіріп жатыр және де сендерге арнап бауырсақ беріп жіберді.

Рефлексия: «Кубикоград» арқылы қорытындылау.

 Қане бүгін біз не істегенімізді еске түсірейік.

Сонымен балалар қандай дыбыспен таныстық?

Қандай ертегінің кейіпкері келіп көмек сұрады?

Дыбыстардың неше түрі бар?

Қандай ойындар ойнадық?

 Ал көңіл күйлерін қалай екен, маған көрсетіңдерші? (гүл арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді).

Автор:

А.Т. Ахметова,

ҚР ПІБ МО    «Қарлығаш»   балабақшасы»  РМК-ның тәрбиешісі  

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                               

23 сәуір 2021 г. 46 281 0

Похожие новости:

title
Мадагаскарлықтар қонақта
Мектепке дейінгі білім
title
«Т» дыбысы және әрпі
Мектепке дейінгі білім
title
Су астына саяхат
Мектепке дейінгі білім
title
Пішіндер әлемі
Рухани жаңғыру және білім
title
1 саны мен цифры
Рухани жаңғыру және білім

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 768 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031