» » Мадагаскарлықтар қонақта

Мадагаскарлықтар қонақта

Бағдарламаның мазмұны: Балалардың математикалық түсініктерді кеңейту арқылы креативті және сыни ойлау тұрғысын, коммуникациялық дағдылар арқылы қалыптастыру. Геометриялық фигураларды табу білігін бекіту, 5 – ке дейін санауды қалыптастыру, есте сақтау ,ойлау, қиялын, сөздік қорын дамыту , командада жұмыс істей білуге тәрбиелеу. 

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,В.В.Воскобовичтің (геоконт), Сингапур технологиясының элементі.

Құрал-жабдықтар: 3Д қалам, жарық түсіп  тұрған құмсалғыш, В.В. Воскобовичтің геоконт, түрлі-түсті жіптері,  күлгін орман кілемшесі,ойыншық көлік, сандық, әуе шар, мольберт, проектор

Сөздік жұмыс:солдан – оңға, әуе шар

Көрнекіліктер:геометриялық пішіндердің суреттері,машина, шарлар, жабайы аңдардың суреттері,

  • Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі:

 Таңғы шеңбері: - Кане балалар, қатар-қатар тұрайық,

                                                 Шаттық шеңбер құрайық!

Балалар өз аттарын атап, бір-бірінің қолдарына қойып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Тосын сәт...

Тәрбиеші әуе шарын қолына ұстап, ательеге кіреді.

Балалар бізге желмен ұшып Африка елінен қонақтар келіпті. Олардың өтініші бар сияқты.

Балалар, қараңдаршы, қай ертегінің кейіпкерлері келді? Қане, бірге өтініштерін тыңдап көрейік. Балалар, менің құлағыма сыбырлап жатқан сияқты. Олар өздерінің еліне яғни, Африкаға жете алмай жүргендерін айтады.

Олар неге жете алмай жүр?

Балалардың жауабы: өйткені, қыс мезгілі.

Қыс мезгілі қандай?

Балалардың жауабы: боранды, қарлы, аязды, т\б.

Дұрыс айтасыңдар! Желмен ұшып біздің Нұр-Сұлтан қаласына келіпті.

Қалай ойлайсыңдар тағы желмен ұшып, өздерінің еліне жете ала ма? Жоқ.

Немен жетуге болады?

Балалардың жауабы:көліктермен.

- Дұрыс айтасыңдар!

- Ендеше біз көмек бере аламыз ба? Иә!

- Бұл кейіпкерлерге көмек беру үшін көліктер дайындауымыз керек. Көліктерді дайындау үшін, біз бірнеше тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткіземіз.

- Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

- балалардың жауабы

II.Ұйымдастырушылық – ізденістік кезеңі:

«Тик тэк тоу»

1). Мен ойлаймын  сыйлықты қорапта 1 үшбұрыш және 1 тіктөртбұрыш бар.

2).мен ойлаймын үй 2 үшбұрыш, 1 тіктөртбұрыштан құралған

3). Мен ойлаймын шыршада 3 үшбұрыш бар

4).   Мен ойлаймын машинада 2 дөңгелек, 2 үшбұрыш бар

5). Мен ойлаймын кәмпитте 2 үшбұрыш, 1 тіктөртбұрыш бар

6).мен ойлаймын зымыранда 1 сопақша, 3 үшбұрыш бар

7).мен ойлаймын суретте 1 шаршы, 1 тіктөртбұрыш бар

8). Мен ойлаймын 1 шаршы бар

9. мен ойлаймын мысық 1 дөңгелек, 3 үшбұрыштан құралған

Балаларға тапсырманың шартын түсіндіру, олар ретімен орындайды.

Балалар, сендерге тапсырманы дұрыс орындағандарың үшін бір қызықты ойын бар.

Өзі ұзақ қиын ойын ойнаймыз ба әлде қысқа, жеңіл ойын ойнаймыз ба?

Қай ойынды ойнаймыз? Қызықты, жеңіл.

«Түстерді тап» ойыны

Ойын шарты: музыка әуенімен балалар билеп жүреді, әуен тоқтағанда аталған түсті тауып алу керек.

                                      1,2,3 көріп тұрмын

                                      Қызық түс ...

Өте жақсы балалар!

Балаларға ойынға белсене араласып ойнағандарың үшін келесі бір тапсырманы Геоконт арқылы орындайық. Тәрбиешінің айтуы бойынша диктант, мысалы Ф -3, К -2:

«Геоконт» ойынның тапсырмаларын балалар орындайды,тәрбиеші балалардың жұмысын бақылайды.

Балалар қараңдаршы сендердің жасаған жұмыстарың неге ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар! Сендер геоконт арқылы дұрыс жұмыс жасағандарың үшін, сыйқырлы сандық беріледі. Бұл сандықта жасырылған үш зат бар, оның біреуін сендер өздерің жасап шығардыңдар, қалған екеуін бірге қарап көрейік.

Сыйқырлы сандық ашылып, ішіндегі заттарды 3Д қалам және үлкейткіш құрал лупаны бірге көреді.

Балалар біз мына құралдармен не істеуіміз керек, қалай ойлайсындар? Сурет салуымыз керек, үлкейтіп қараймыз.

Дұрыс айтасыңдар! Біз жұмысты бастамас бұрын заттардың санына сәйкес үш топқа бөлінуіміз керек. Ол үшін алдымызда берілген кілемде түрлі-түсті жіптер берілген.

-Балалар, кілемде берілген жіптердің түстері қандай?

-Қайсы ұзын, қайсы қысқа деп ойлайсыңдар?

Командамен жұмыс (топтарда)

3Д қаламымен жұмыс жасайтын команда 

- Ендеше сары түсті жіпті таңдаған балалар 3Д қаламы мен әуе көлігін саласыңдар.

Жарық пен көлеңке бөліміндегі команда

- Қызыл түсті жіпті таңдаған балалар жарық пен көлеңке бөлімінде жеңіл көліктің бейнесін бейнелеңдер.

Интерактивті құммен жұмыс жасайтын команда

- Көк түсті жіпті таңдаған балалар интерактивті құмға су көлігін саласыңдар.

Балалардың жасап жатқан жұмыстарын бақылап, көмек, бағыт беру.

- Жасалған көліктердің қайсысын біздің достар таңдайды? Қай көлікпен ұшады?

Жұмысты аяқтаған балаларды мақтау-мадақтау  Жұмысты жасап болган соң әр топтағы балалар жұмыстарын алып,жарығы бар құмсалғыштың қасына жиналып,әр топ өз жұмыстарын әңгімелейді.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар бүгінгі келген Мадагаскарлық қонақтарымыз қандай көлік түрімен Африка еліне жетуге болады?

III.Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі

Қорытынды: 

- Бүгін біз не істедік?

- Қандай тапсырмалар ұнады?

 Суретті карточкалар арқылы қорытындылау.

Автор: 

Гульзат Абильгазина,

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның тәрбиешісі 

Нұр-Сұлтан қаласы

23 сәуір 2021 г. 41 036 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 208 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031