» » Дені сау бала - дені сау ұрпақ

Дені сау бала - дені сау ұрпақ

Жас ерекшелігі: Мектепалды даярлық, ересек топтары 

Мақсаты: 

 Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту.

1).Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

2)Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру

3)Салауатты өмір салтын насихаттау

Түрі: Квест

Керекті құрал-жабдықтар:  жалаушалар , гимнастикалық орындық, қапшықтар, үлкен доптар,арнайы дайындалған пазлдар,арқан, құрсау

Мерекелік барысы:эстафетаға қатысушылар маршпен сапқа тұрады

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Құрметті қонақтармен жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Дені сау бала -дені сау ұрпақ» атты Квест ойындарына қош келдіңіздер! Квест ойынымызды бастамас бұрын бойымызды қыздырып жаттығу жасап алайық.

       Музыкалық ырғақпен жарысқа қатысушылар спорттық флешмоб биін билейді.

Квест негізгі бөлімі: 

Дене шынықтыру нұсқаушысы:балалар бізді алдымызда кедергілермен қызықты тапсырмалар күтіп тұр.Сендер дайынсындарма?

Балалар жауап береді

1. «Кім жылдам?»

2. «Кім епті?»

3. «Кім епті?»

4. «Кім шымыр?»

5. «Кім тапқыр?»

6. «Кім шапшан?»

7. Барлығымыз дос боламыз

Квест ойындарының  шарттары:

 

1.«Кім жылдам?»

Шарты: Әр баланың қолына кіші доп беріледі. Балалар допты қойылған кедергілер арасымен жүрігіп барып себетке жинайды. 

 

2. «Кім епті?»

Шарты: Балалар алдарына қойылған құрсаулардың арасымен қолдарын беліне қойып алдыға қарай қос аяқпен секіруі қажет.

 

3. «Кім епті?» 

Шарты:Балалар гимнастикалық орындық үстінен, қолын екі жанына созып тепе-теңдік сақтап жүруі тиіс 

 

4. «Кім шымыр?» 

Шарты: Қойылған доғаның астынан кезек- кезек еңбектеп өту. (Төрттағандап) 

5. «Кім тапқыр?»

Шарты: кедергілер арасымен жүгіріп барып берілген пазлдарды құрастыру.

(машина, кеме,тік ұшақ)

 

6. «Кім шапшан?

Шарты: Жерден 10-15 см биіктікте орналасқан гимнастикалық таяқшаның үстінен қос аяқпен секіріп өту.

7. «Барлығымыз дос боламыз»

Шарты: Арқаннан жасалған шеңбердің ішінде барлығы бір ксідей тұрып, және мәреге дейін жүріп бару.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Балалар біз спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстандық. Көңіл күйіміз көтеріліп бір марқайып қалдық.Осындай көңіл күймен өздерінді ең мықты спортшылар деп мадақтағым келіп тұр.

(Марапаттау рәсімі; медальдармен және мақтау қағазы)

 

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Іс-шараны қортындылау,

балалармен қоштасу. 


Автор:

Қайрат Масқауов, 

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның

Денешынықтыру нұсқаушысы

Нұр-Сұлтан қаласы

31 мамыр 2021 г. 50 400 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031