» » «Төрлет, төрлет Әз Наурыз!» ертеңгілік

«Төрлет, төрлет Әз Наурыз!» ертеңгілік

 Аршидинова Динара Полатовна 

«Хансултан и К» «Балауса» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-гі Тәрбиешісі Шымкент қаласы




Ұрпақ тәрбиесі – ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асатындығы белгілі. Рухани жаңғыруда өзекті бағыттың бірі «Ұлттық рухты, ұлттық сананы, дәстүрді, әдеп-ғұрыпты, мәдениетті сіңіру. 

Наурыз – көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтын бастауы болсын деп тілек білдіріп жатады. Осындай игі шара «Хансултан и К» «Балауса» бөбекжай-балабақшасында аталып өтті.

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының

салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Балабақша ауласы  наурыз мерекесіне сай ұлттық нақышта безендірілген әсем әуен ойнап тұр.

Ұлттық заттардан көрме жасалған.

Балалар Наурыз мерекесін тойлауға ұлыттық киіммен алаңқайға жиналады.

Ортаға қолында қамшысы бар Бекарыс жүгіріп шығады, Алақай!, Алақай! жаңа жыл келді, Наурыз келді.

Жүргізуші: Арма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті қонақтар, бүлдіршіндер, апайлар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Ән: «Құтты болсын, Әз Наурыз» әні орындалады  балалар айнала  тұрып ән орындайды.

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

Қыдыр ата ( Бекмағанбет ағай)

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын! Әумин!

Наурыз Әже: Қаламқас апай

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық (қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар бүгін біздің «Хансултан» «Балауса» ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ  жайғасайық. (Ортаға барып отырады)

Би: «Пияла » Карлығаш тобы

Жүргізуші: Рахмет балалар. Біздің балалар ұлттық ойындарымызды ойнағанды жақсы көреді. Ендеше ортаға шығып «Теңге алу» ойынын ойнап берсін.

Ойын: «Теңге алу» Қарлығаш тобы

Кішкентай бала қолында қамшы бар «Сүйінші, сүйінші» сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгенсін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың «Наурызбай» 3 рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық!

Балалар, бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін.

Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Бесік – қасиетті мүлік.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (ыдыста адыраспан)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты
Әже: Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?

Балалар хормен: Тышты, тышты
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунып оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай
Аспандағы ай күнді, аламын дейсің
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің
Жүргізуші: Кел, балалар ойнайық

Ойын: «Тақия тастамақ» Қарлығаш тобы

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар Наурыз мерекемізге арнап «Балапан» тобының бүлдіршіндері мың бұралған билерін алып келіпті, олай болса неге тамашаламасқа

Би: «Шашу» Балапан тобы

Ойын: «Қыз қуу» Балапан тобы

Жүргізуші: Ой рахмет өнерлерің өрге жүзсін.

Ал ағайын, Наурыз тойымен қатар кішкентай бүлдіршініміздің тұсау кесер тойы қатар келіп жатыр.

Үлкен әжелерімізге сөз кезегін беріп,  «Тұсау кесер» рәсімінің жоралғысын жасайық.

Алтынай апай: Менің балам  Абдрахманды жер анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл елімізге сыйлы, ардақты анамыз Фарида әжемізге тұсауын кестірмекпін.

Әжесі Фарида апай : Ал келіндерім шөберемді алып келіңдер

Келін:Тәй-тәй балам, тәй балам.

Шақырып тұр айналаң

Жүруге алғаш талпындық

Кіп-кішкентай жан балам

Қаз-қаз басып талпындың

Қуантасың күлесің

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшақ басып жүресің

Осы кезде, ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар қойылады.

Әжесі Фарида апай : Шөпті алған себебім құлағанда аяғының асты жұмсақ болсын дегенім ала жіпті алған себебім,біреудің ала жібін аттамай адал өмір сүру үшін, ток шектіалған себебім елім жерім тоқ болсын деп осы үшеуін өрдім.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Қаз-қаз, балам, қаз балам.

Тақымыңды жаз балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз, балам, жүре ғой...

Әжесі:Ал келіндер тәй-тәйлап алға бастаңдар,

Шөберемнің жолына шашу шашып тастаңдар.

Жүргізуші:О, халайық қол жайып той тілегін қолдайық

Мұсылманның заңдарын барша ағайын қолдайық

Фарида апай Бата береді

Тәй-тәй басып жүрейік

Қуаныш қылып күлейік

Жүйрік болсын балаңыз

Мыңнан асып жүретін

Қамқор болып халқына

Берік болып антына

Есейгенде қымбаты

Сыйлы болсын жалпына.

Жүргізуші:Қадамың құтты болсын балапан, өзіңе арнаға ән-шашуымыз бар қабыл ал.

Ән: «Наурыз береке Наурыз мереке»

Би: «Қамашай» Айгөлек

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар көп рахмет айтамыз. Тойымыз жалғасын табуда, олай болса бүлдіршіндеріміздің күшін сынап көрейік.

Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тартыс» Балапан тобы

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.

Әже: Балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін.  Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес.

- Сендерге сұрақ қояйыншы, Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.

Ақ мол болсын!
Би: «Батырлар» Балапан тобы

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойларыңның куәсі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!

Би: «Жігіттер» Айгөлек тобы

Жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

03 сәуір 2023 г. 20 637 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 135 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 586 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031