"Edunews.kz" білім және ғылым саласындағы ақпараттық агенттігінің жоба жетекшісі
Жоба жетекшісі туралы
Тұяқбаев Бауыржан Ғабитұлы - "Edunews.kz" білім және ғылым саласындағы ақпараттық агенттігінің жоба жетекшісі.
Ол еліміздегі іргелі білім ордаларының бірі - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, халықаралық қатынастар мамандығын үздік дипломмен бітірген, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.
Әр жылдары ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде, итальяндық «Salini Costruttori S.p.A» компаниясында (итальян тілінің аудармашысы), Қызылорда облысы әкімі аппаратында, Жамбыл облысы әкімі Баспасөз қызметінде жұмыс істеді. 2015 жылы оның бастамасымен Жамбыл облысында алғаш болып ақпараттық агенттік ашылды. Ол 2015-2017 жылдары «Zhambylnews» ақпараттық агенттігінің Директоры-Бас редакторы қызметін атқарды.
2017 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқара жүріп ол аймақта болып жатқан іс-шараларды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға үлесін қосты, сонымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыста жүзеге асыруға байланысты облыс басшылығына бірқатар ұсыныстар берді. Мәселен, 2017 жылы оның ұсынысымен Жамбыл облысында ауылдарды жүйелі түрде көркейту бойынша мәселе көтерілді, аталған ұсыныс аясында аймақтың белді кәсіпкерлері ауылдарды көркейту бойынша меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ, олЖамбыл облысы делегациясының Қытай, Өзбекстан және Иран мемлекеттеріне жасаған іс-сапарларын БАҚ-та кең насихаттауға атсалысты.