» » Жыраулар поэзиясы

Жыраулар поэзиясы

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Көнеден жеткен жәдігерлер

Мектеп:  «Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия» КММ

Күні:  11.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Қасымова Гүлжанат Сапарқызы

Сынып: 7-сынып                                           Қатысқандар: 11                     Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жыраулар поэзиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.2.1 әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан талдау.

Сабақ мақсаты

1. «Жыраулар поэзиясы» тақырыбындағы жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтау.  

2. Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан талдау.

3. Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан өзіндік баға беру.

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан мұғалімнің көмегімен анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі:  Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан  анықтайды, талдау жасайды;

Кейбір оқушылар орындай алады: Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан анықтайды, талдау жасайды, өзіндік баға береді;

 

 

Бағалау критерийі

  • «Жыраулар поэзиясы» тақырыбындағы жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтайды. 
  • Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан талдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді, жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтайды, тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан  талдау жасайды.

Пәнге қатысты  сөздік қор мен терминдер: Жыр, жыршы, жырау, ақылшы,  парасаттылық, шешендік, ақындық, байсалдылық, сәуегей, толғау.

Диалог кезінде қолданылатын тіркестер: ру-тайпалардың татулығы, елінің тәуелсіздігі үшін күрескен батырларды мадақтау, болашақты барлаған, халықтың рухани көсемі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-   Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?

-   Жыраулар жырларына өз заманының қандай өзекті мәселелерін арқау еткен?

-   Жырау нені көздеді, нені мақсат тұтты?

-   Қандай жырауларды білесіңдер?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

  • туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуға;
  • өзара жауапкершілікті нығайтуға;
  • шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауға;
  • адамгершілік, адамдық қасиеттерін қалыптастыруға;

Пәнаралық байланыс

 Қазақстан тарихы пәні бойынша Қазақ хандығы туралы  біледі,  АКТ-ны қолдану арқылы яғни, информатика пәндерімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейін Күлтегін батырдың батырлығы  туралы жырмен танысып, жетекші сұрақтар арқылы пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіруге дағдыланды. Орхон-Енисей ескерткіштері туралы жалпы білімдері бар.

Сабақ барысы 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

  

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша жүзеге асырылады.

Мақсаты: оқушылар арасында жағымды серіктестік қалыптастыру

Орындалуы: оқушылар бір-біріне жүректер ұсынып, жақсы сөздермен тілектерін айтады. Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады.

Топқа бөлу: Жырау, жыршы сөздері арқылы  оқушылар 2 топқа  бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау. Үйге 44-бет,  диалог құру.

Ширату жаттығуы  «Сәлемдеме хат»  әдісі арқылы орындалады.

Мақсаты: оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне сұрақтар ұсынады, алдыңғы білімге кері байланыс жасау және жаңа біліммен байланыс орнату.

Орындалуы: Әуен ойнап тұрады.

  • Күлтегін кім?
  • Күлтегіннің ағасы кім?
  • Жырда Күлтегін қандай адам ретінде суреттеледі?
  • Неліктен Күлтегін батырдың аты тарихта ерекше аталады? 

-Жырды кім жырлайды?

  • -Асан қайғы, Бұқар , Шортанбай, Дулат бұлар кімдер?
  • -Биыл кімдердің мерейтойы атап өтілді?
  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері  таныстырылады. Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы

Мақсаты: «Жыраулар поэзиясы» тақырыбындағы жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтау. 

 

 

 

«Әдістер қоймасы» Талдықорған,- 2018

«Жүректен-жүрекке» әдісі

«Сәлемдеме хат» әдісі

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

30 минут

Мақсаты: «Жыраулар поэзиясы» тақырыбындағы жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтау. 

 Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан талдау.

 Әдеби шығармадағы  тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан өзіндік баға беру.

Мәтінді оқу

 «Концептуалдық кесте» әдісі арқылы кейіпкердің қасиетін анықта, өзіндік баға бер

 

 

                  

     ТЖ. 1-тапсырма. 

Кейіпкер

Бойындағы қасиеті

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға









 

Бағалау критерийі:

  • Жыраулар поэзиясындағы жырау, жыршы бойындағы қасиеттерді анықтайды.

Дескриптор: 

  • Кейіпкер қасиетін анықтайды;
  • Бейнесіне баға береді;

ҚБ.  «Үш шапалақ»  өзара бағалау әрекетін жүзеге асырады. «Өте жақсы»-үш шапалақ; «жақсы орындалған жұмысқа-екі шапалақ»;  дайындығы аз тапсырмаға –бір шапалақ соғылады.

 

ТЖ. 2-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы жыраулардың өлең үзінділеріне  өзіндік ой-пікірін білдіре отырып, талдау жаса

Асан қайғы  «Еділ бол да, Жайық бол»

1-қима қағаз

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

2-қима қағаз

Бұқар жырау

Бірі- етек, бірі-жең болған,

Ежелден саған ел болған,

Орта жүзден кісің жоқ.

Найзасының ұшы алтын,

Кіші жүзден кісің жоқ.

3-қима қағаз

Шортанбай жырау

Абыройы жоқ жігіттен

Айуан артық жапанда...

Жақсыменен жанассаң,

Келеді ісің оңына.

Жаманменен жанассаң,

Пәле ертесің соңына,

Дұшпаның қарар оңына.

Бағалау критерийі: 

  • жыраулардың өлең үзінділеріне  өзіндік ой-пікірін білдіреді;

талдау жасайды;

Дескриптор: 

  •  өзіндік ой-пікірін білдіреді;
  •  өлеңге талдау жасайды

ҚБ. Дескрипторға сүйеніп, «Бағдаршам» түстері  әдісі арқылы тапсырма барысында игерген біліміне оқушылар кері байланыс жасайды. Тапсырманы түсінгенін білдірсе, жасыл түсті көтереді, жартылай орындалған жұмысы үшін сарыны көтереді, әлі де жетілдіруді қажет деп тапқан жағдайда қызыл түсті көтереді.

   ТЖ. 3-тапсырма 

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»   кестесі бойынша  «Жыраулар поэзиясының»  тақырыбын  анықтап, өзекті мәселені түсіндір.

Кейіпкер

Тақырыбы

Жыраулар жырларына қандай өзекті мәселелерді арқау еткен?




Бағалау критерийі:

  •  жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтау
  • тұлғалық болмысты  гуманистік тұрғыдан талдау.
  • өзекті мәселені түсіндіру, өзіндік баға беру.

Дескриптор:

  • жыршы, жырауға тән қасиеттерді анықтайды
  • екі түрлі түсініктеме келтіреді;
  • өзекті мәселені түсіндіреді, өзіндік баға береді;

ҚБ.  «Күлегеш»  арқылы бағалау

.

 Оқулық, АКТ.

«Концептуалдық кесте» әдісі 




«Қос жазба күнделігі» әдісі

Қима қағазға жазылған өлеңдердің үзінділері таратылады.


«Бағдаршам» әдісі

 

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»   кестесі  

Сабақтың соңы 

5 минут

Оқушы рефлекциясы:

 «Талқылау бойынша серіктестер» әдісі арқылы оқушылар сабақ басында өтілген тапсырмаларды анықтайды 

Серіктесіңізбен талқылаңыз:

Өзің үйренген үш нәрсе туралы;

не нәрсе қиынболды?

не нәрсе оңай болды?

не білгің келеді?

Мұғалім рефлекциясы: оқушылардың сабақ барысында орындаған әрекеттеріне, жұмыстарына талдау жасайды, кей іс-қимылды жетілдіруге ұсыныс-тілектер айтады.

Үйге өздігінен ізденуге негізделген тапсырма ұсынылады. Жыраулар туралы қанатты сөздер жазып келу.

«Талқылау бойынша серіктестер» әдісі

Қосымша ақпарат

 Саралау:

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 «Екі түрлі түсініктеме күнделігінде»  кестесі бойынша тақырыбын ашып, өзекті мәселені түсіндіреді, өзіндік баға береді.

 «Қос жазба күнделіг»і әдісінде  жыраулардың өлең үзінділеріне  өзіндік ой-пікірін білдіре отырып, талдау жасайды.

«Концептуалдық кесте»,  «Бағдаршам» , «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»,  «Қос жазба күнделігі» , «Талқылау боцынша серіктестер» әдісі. Сергіту сәтіне «Жүректен-жүрекке», «Сәлемдеме хат»    әдістерін қолдандым.   

  АКТ-ны  қолдану барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау. Оқушыларға қауіпсіздік жайында ескерту. Парталар мен орындықтар ыңғайлы орналастырылып, оқушылардың дұрыс отыруына баса назар аударылады. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өтетіндіктен оқушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасалады.

Сабақ бойынша рефлексия


 

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз


Гүлжанат Қасымова Сапарқызы
«Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы

21 қаңтар 2019 г. 5 729 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 808 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930