» » Менің кәсіби ұстанымым

Менің кәсіби ұстанымым

Мен таңдаған мамандық – адамдардың ішкі жан дүниесіне терең үңілетін, оны тани білетін, өмірдің түрлі жағдайларында тез арада шешім шығара білетін, кез келген ортаға тез бейімделе алатын, жүзінен мейірімді сезінетін, әрбір адам онымен кездесуге асығатын, майда тілімен адамның жүрегіне жол таба білетін құпияны сақтай алатын психолог мамандығы.

   Мектептегі психологиялық ұстаным оқушылар тұлғасының үйлесімді дамуы, олардың көңіл-күй тұрақтылығын психологиялық сүйемелдеу мен қорғау, оқушылардың әлеуметтік және психологиялық салауаттылығының алдын алу мен ауытқушылықтарды жеңіп шығуы, проблемалардың себептерін зерделеп, айқындау, оларды шешудің жолдары мен құралдарын іздеу үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

   Психолог ерік жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстаған идеясына сенімі мол адам болуы  қажет. Адамның жүрегінен орын алып, оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді психологиялық біліммен қаруландырып, жұмысының нәтижесін мектеп оқушыларының психологиялық саулығын қамтамасыз етумен байланыстыру әрбір мектептегі психологтың міндеті деп ойлаймын.

   Педагог психолог жұмысының түрлері әр қилы болады, мысалы:  бірінші сатыда оқытуға балалардың психологиялық даярлығын зерделеу және ата-аналар жиналыстарында  қорытындысын жариялайды.

  1-4 сынып оқушыларының мектепке қатысты уәждемесі мен бейімделу деңгейін тексереді. Мұғалімдердің сұранысы бойынша төмендегіден ортаңғы буынға өту кезінде балалардың эмоциялық жай-күйі мен тұлғалық ерекшеліктеріне зерттеулерді даярлайды.

   5 сыныптағы бейімделу үрдісін бақылау және тынышсыздық деңгейіне болжам жасау. 5-11 сыныптармен тренинг өткізеді. Жаңадан келушілері бар сыныптарда ұжымды біріктіруге арналған тренингтер. Оқуда қиыншылық көріп жүрген балаларға көмек көрсету, өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, тұлғалық және оқиғаға қатысты мазасызданушылығын, агрессивтілігін айқындайды.

     Психологтық  ұстанымыма келсем: кәсіби білім беру саласында өзімнің бала алдындағы жауапкершілігімді түсінуі, яғни жауапкершілікпен қарауым, бала мүддесі үшін қарама-қайшы пікірлермен санаспай, тек бала тағдырына байланысты маман ретінде өз шешімін айтуы. Өзім жеке автономды маман ретінде негізгі жұмыс принциптеріне сүйене отырып, шешім шығарамын. Балалармен жұмыс жүргізуде өте сезімтал, адалдық принциптерін пайдаланып жұмыс жүргіземін. Оқушылардың мамандық алуға, мансабын дамытуына, өмірде жетістікке жетуіне қажетті психологиялық білім, дағдылары мен машықтарын қалыптастыруға ықпал етуде көмегіміз зор.Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу және баламен жеке тіл табысу. Сынып жетекшісіне көмек көрсету, отбасына психологиялық көмек көрсету. Кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмыстарды орындау. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалармен іс-шараларды ұйымдастыру, психикалық дамуындағы ауытқушылықтарды диагностикалау, алдын алу және түзету болып табылады.  Жеткіншектер мен жасөспірімдер психологтан жеке консультация алуға келгенде, консультация  беруге кейде ата-аналар мен жетекшілердің бірігуімен көмек беруге құқылы және де сынып жетекшілер, мұғалімдер, ата-аналар, оқу ісінің басшылары тарапынан бала туралы мәліметті қажет етсе, ол балаға кесірін тигізбейтіндей жағдай жасай аламын. Баланың балалық, ересек және жасөспірімдік шағында дамуы өте қарқынды түрде жүзеге асады, сондықтан мектеп психологы жұмысының өзектілігін қолдау өте қиын. 

     Психолог болу- қызықты да қиындығы мол тамаша мамандық. Қызметтің тәтті де ащы дәмін татып, әрқашанда өз ісімнің шебері болуға ұмтыламын. Мен өз мамандығымды сүйемін, сол себепті жұмысымның сапалы болуына назар аударамын. Білмеген сауалдарыма жауап іздеп, білгенімді басқаларға үйретуге талпынамын. Алдыма келген оқушыға немесе мұғалімге қайткен күнде де қол ұшын беріп, жақсылық жасауға тырысамын. Психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жан дүниесіне кіре білу.    

    Жасөспірім балалар біздің ертеңіміз, біз олардың бойында көп ұлтты мемлекетімізде әлем өркениетінің тарихын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан, болашақ ұрпағымыздың білімділігі мен тәрбиелігі әлемдік өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының гүлденуіне  кепілдік болар бірден – бір жолы.

    Көрнекті қаламгер С.Сейфуллин: «Әр адамның ішкі сыры- берік қойма сақталған», -деп жырлағандай, адам жүрегіне, ішкі сырына ортақ болардай өз шәкірттерімді қолдай отырып, жан жылуымды шәкірттеріме сыйлауды өзімнің кәсіби ұстанымым деп санаймын. 


Гульнара Айнакулова, 

Жамбыл облысы , 

Шу ауданы, 

Сауытбек ауылы, 

Алға шағын орталықты орта мектебі.

20 сәуір 2018 г. 7 207 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 224 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 612 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031