» » Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мүмкіндіктері

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мүмкіндіктері

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. Тәуелсіз елдің болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Осыған байланысты педагог мамандар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп, өздерінің сабақтарында қолданады [1].

Оқушы мен компьютер арасындағы оқытуды интерактивті деп атайды. Мұндай қарым-қатынас оқушылардың қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету [2].

Педагогикалық іс-тәжірибемде қолданыс тапқан, оқушылар арасында апробациядан өткен интерактивті оқытудың бір түрі – LearningApps.org

LearningApps.org деген не? Ол:

  • интерактивті оқыту;
  • интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау;
  • модульдерді жылдам құру және өзгерту;
  • тапсырмалар базасын жинақтап, қолжетімді ету;
  • онлайнда оқу, жаппай тегін қолдану.

Оқытушы LearningApps.org платформасында жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт құрады.  Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады. Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті жасырын статистикада көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығу», «Жаңа жаттығу», «Менің сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады. «Жаңа жаттығу» қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент, кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ т.б. модульдерді ұсынады. Модуль құрылымы: жаттығу атауы, жаттығу сипаттамасы, тапсырма түрі,  мәтін, сурет, аудио, видео, элемент қосу, кері байланыс, фон, көмектен тұрады.

Оқытушы модульдерге тапсырма енгізіп, сақтау арқылы «Менің жаттығуларым» базасын толықтырады.  Барлық жеке оқу модульдерінің шифрленген веб-сілтемелері болады. Оқушылар іздеу жүйелері немесе LearningApps.org оқу модулінің авторы шифрланған веб-сілтемесі арқылы өтеді немесе бағдарламаны белгілі бір аудитория үшін қолжетімді ету үшін кірістіру кодын пайдалана алады. Оқу модулінің авторы тапсырмаларды сайтта жариялай алады [3].

Оқытушы тіл үйретіп, әдеби шығармаларды меңгертуде модульдердің тиімдісін таңдайды. «Мәтін енгізу» модулінде оқушы мысалдарды оқып, тілдегі сөздердің атауын тауып енгізеді. Мысалы, «хан, патша, уәзір, би, ағасұлтан, болыс, ауылнай, жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле» – көнерген сөздер, «өкпе ауруы, жіңішке ауру, құлағының мүкісі бар, зағип, аяғын сылтып басады, аяғы ауыр, дүниеге келді, қайтыс болды, сөзуар, қолының жымысқысы бар, аузы жеңіл, қосып айтады» – эвфемизм, «сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуіл» – диалект сөздер [4].


 «Қызыл кітап дегеніміз не?» бейнематериалын көріп, викториналық сұрақтарға жауап береді. Бұл оқушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіре түседі.

Білім алушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сөзжұмбақ, топтастыру, сәйкестендіру тапсырмаларын ұсынуға болады.


 Материалды меңгерту мақсатында тапсырманы сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын осы модульдер арқылы берген жөн.

LearningApps.org. платформасы оқу үдерісіне келесі мүмкіндіктерді береді:  

оқушылар тілдік және анализ, синтез, бағалау дағдыларын жетілдіре алады;

оқу материалын деңгей, уақыт, көлеміне қарамастан меңгереді;

  • оқушы алған білімін жүйелейді;
  • оқушы шешімді тез қабылдауына мүмкіндік алады;
  • оқушы тапсырманы бірнеше рет орындау арқылы жақсы нәтижеге жетеді;
  • жалпы оқуға деген мотивация пайда болады;
  • кері байланыс алады, өзін-өзі бағалайды;

оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті технологияларды тиімді пайдалану жауапкершілік пен шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді.

Пайдаланылған сілтемелер:

1. http://gazeta.ipksko.kz/

2. http://www.rusnauka.com/9_SNP_2015/Pedagogica/5_189644.doc.htm

3. https://learningapps.org/


Автор:

Гүлбала Жанаева,

Нұр-Сұлтан қаласы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

10 шілде 2020 г. 19 450 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 831 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930