Айнымалы ток генераторы. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және қолдану. Трансформатор
Сабақ типі
| теориялық | |||||
Оқыту әдістері | Сәйкестендіру, баяндау, талдау, есептер шығару, топтастыру, сұрақ-жауап.
| |||||
2. Мақсаты, міндеттері | ||||||
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі | Оқушыларда айнымалы ток генераторы, электр энергиясын өндіру, жеткізу және қолдану, трансформатор туралы түсініктерді қалыптастыру және оның өмірде қолданылуы жайлы білім беру. Оқушылардың ойлау жүйесін кеңейту; формулаларды түрлендіре білуге үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан күрделіге жеткізу; сыни тұрғыда ойлауға үйрету;
Оқушылардың өз бетімен ізденуге тәрбиелеу, оқушыларды топтың, ұжымдық жұмысқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
| |||||
3. Сабақты жабдықтау | ||||||
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
| 1.Б.Кронгарт, Д.Қазақбаева, О.Иманбеков, Т.Қыстаубаев. Физика. Оқулық. 10с. 1,2 бөлім. Мектеп. 2019 2.Н.Закирова, Р.Аширов. Физика. Оқулық+ СD. Арман-ПВ. 2019 3.С.Туякбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, В.Кем, В.Загайнова. Физика. Оқулық.10с. Мектеп. 2015 | |||||
Техникалық құралдар, материалдар
| АКТ | |||||
4. Сабақтың барысы | Уақыт | |||||
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару | |||||
Үй тапсырмасын тексеру | "Физикалық диктант" 1. Дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын _______айтады 2. Герц _________өлшем бірлігі. 3. Толық бір тербеліске кеткен уақыт________ деп аталады. 4. ????=????/???? _____________формуласы. 5. Ығысуды ______ әрпімен белгілейді |
| ||||
Жаңа тақырыпты түсіндіру | «Фрайер моделі» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру
|
| ||||
5. Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||
«kahoot» тесттері 1. Айнымалы тоқ қандай бөліктерден тұрады? А. Вольфрам, жүктеме Б. Шыны, сокол В. Статор, ротор+ Г. Магнит, күш 2. Генераторда магнит өрісі қалай айналады? А. Сыртқы статор арқылы Б. Ротор жылдамдығы арқылы+ В. Статор өзегі арқылы Г. Түйіспелі сақиналар арқылы 3. Роторға тұрақты ток қалай беріледі? А. Генератор арқылы Б. Статор арқылы В. Желдеткіш арқылы Г. Қос-түйіспелі сақина арқылы+ 4. Үш фазалы айнымалы тоқты өндіру үшін статордың ішіндегі екі ораманы неше градусқа бұрып қою керек? А. 80 градусқа Б. 100 градусқа В. 120 градусқа+ Г. 140 градусқа 5. Статордың өзегі не үшін қолданылады? А. Магнитті ағынды беруді күшейту үшін+ Б. Толқынды және қысқа тұйықталу үшін В. Орамаларды сипаттау үшін Г. Фазалық ротор үшін
|
| |||||
6. Үйге тапсырма | ||||||
Айнымалы ток генераторы. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және қолдану. Трансформатор
|
|
Автор:
Шарапат Нарбекова,
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің
физика пәні оқытушысы
Шымкент қаласы