» » Т. Айбергенов «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдері

Т. Айбергенов «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдері

 

Сабақтың құрылысы:

р/с

Бөлімдер

Ұпай саны

Жинаған ұпайы

1

Тыңдалым

6


2

Оқылым

6


3

Жазылым

6


4

Айтылым

6


 

Сабақтың тақырыбы:  Т. Айбергенов «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: 

Т. Айбергенов «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдерінің мазмұны мен маңызын түсінуі

Сабақтың міндеті:   1.Мазмұнды қамтуға байланысты міндеттер:

Өлеңнің мазмұнымен толық танысады;

Өлеңде көтерілген мәселені анықтайды.

Өлеңді оқиды, талдайды;

  2.Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер:         

Тақырыпты болжайды;

Өлеңдегі өзекті мәселені анықтайды;

Адами қасиеттерді талдайды.

Көзқарастарын ортаға салады;

3.Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттер:

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын топ ішінде талқылайды;

Өз білімдерін қолдана алады;

Қорытынды шығарады.

Бағалау:

 1.Мазмұн:

Болжау мәтіні бойынша жүйелі жауап беруі;

ЭССЕ.

  2.Сын тұрғысынан ойлау:

Тақырып бойынша оқушы пікірінің сыни тұрғыдан дұрыстығы;

Сұрақтарға берілген жауаптардың жүйелілігі;

Келтірген дәлелдері;

   3.Топтық жұмыс процесі:

Тақырып бойынша топтың пікіріне көмегі;

Өмірмен байланыстыруы;

Топ ішіндегі белсенділігі.

  • Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ –жауап, тапсырмалар, сәйкестендіру

Пәнаралық байланыс: тарих

 Сабақтың жабдығы: АКТ,  мәнжазбалар, оқулық, үнтаспа, суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Мозаика әдісі бойынша оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.

 

А критерийі. Тыңдалым

«Ана туралы монолог»

 

І Ой салу мен пікір алмасу сұрақтары:

 

 

І топқа

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. (В.Г.Белинский). Бұл пікірге қалай қарайсың? Ана жайлы қандай тағы басқа пікірлер білесіңдер?

ІІ топқа

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.  (В.Гюго). Бұл пікірге қалай қарайсың? “Ана” есімі сендер үшін неге ардақты? Ана жайлы қандай өлең-жырларды білесіңдер?

ІІІ топқа

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. (О.Бальзак). Бұл пікірге қалай қарайсың? Ананың қоғамдағы, өмірдегі бейнесін айшықтайтын қандай көркемөнер туындыларын білесің?

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Тыңдалым (max 6)

6

Монологтағы ойды түсінді және қосымша ақпаратпен толықтыра түсті.

5

Монолог не жайлы айтылғанын түсінді.

4

Монологта есте қалған сөз бедерін атап шықты.

3

Монологтағы негізгі идеясын анықтай алды.

2

Пікірін еркін жеткізді

1

Монологтағы басты мәселесіне  түсініктеме береді

 

В критерийі. Оқылым

«Ана» және «Аруана- бауыр дүние» өлеңдерін мәнерлеп оқылады.  Мәтін бойынша «Ой шақыру» сұрақтарына жауап береді.

                                   І топ                                                       

                                   АНА

                                   І

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,

 Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

 Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

 Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

 Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

 Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,

 Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

 Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

 Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

 Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,

 Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,

 Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,

 О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!

 Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,

 Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,

 Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

 Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,

 Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

 Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

 Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

 Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

 

                                       ІІ топ

 Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге,

 Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?

 Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен,

 Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.

 Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап,

 Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ..

 Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп,

 Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп…

 Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға.

 Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға.

 Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің,

 Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім.

 Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері,

 Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.

 Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені,

 Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері.

 Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,

 Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.

 Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,

 Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.

 

                                  ІІІ топ

                  Аруана-бауыр дүние

Аруана жаудың қолына түссе ботасын шайнап өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп.

Жеріне тартып отырады екен моншақтап жасы боздаумен,

Омырауын шерге толтырып.

Апталап- айлап таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын,

Қазығын таппай тоқтамайды екен мәңгілік тіпті Күн батсын.

Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана-бауыр дүние,

Сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.

Кеудемде жүрген, зердемде жүрген ынтызар ықылас от өріп,

Сен мұны менен бетер ұқ!

Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен

Келем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанды көтеріп!"

 

І топқа

1.Ана туралы өлеңіндегі «Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға» деген өлең жолдарынан қандай ой түюге болады?

 2. «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен» деген өлең жолдары арқылы ақын нені айтқысы келеді?

3. «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» М.Горький пікірі мен Төлеген арасында үндестік бар ма?

ІІ топқа

1. Қазақта «Ұстаз мейірі мен ана мейірі егіз» деген сөз өлеңде қандай өрнек тапқан?

2. Ана үні қандай үн?

3. Өлеңіндегі «Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін» деген өлең жолдарынан қандай ой түюге болады?

ІІІ топқа

 3.Ана мен Аруана сезіміндегі ұқсастық қандай ?

 4. «Аруана –бауыр дүние», «Көгілдір көлге алқынып ұшқан аққу» деген тіркестер туған жер тақырыбын қалай ашып тұр?

 5. Аруана оқиғасы жырланған тағы қандай шығарманы білесіңдер?

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Оқылым  (max 6)

6

Өлеңнің мазмұнын толық түсінген.сұрақтарға логикалық тұрғыдан толық жауап берді.

5

Өлең мазмұнын жақсы түсінген және сұрақтарға жауаптарында логикалық мазмұн желісі сақталған. 

4

Өлең мазмұнын түсінген. Сұрақтарға жауап логикалық тұрғыдан толық емес.

3

Өлең мазмұнын жартылай түсінген және сұрақтарға жауап логикалық тұрғыдан жартылай жазылған.

2

Өлеңді түсінуде кемшіліктер бар. Жауаптың жартысынан көбі жазылмаған.

1

Өлеңнің мазмұнын түсінуде кемшіліктер көп.

С критерийі. Жазылым

І топқа

Төмендегі қанатты сөздерді қатыстырып ойтолғау жазыңдар

 


«Өмірге ғибрат таратушы дүние жүзінде екі адам болса, оның біреуі – ана, ал ол жалғыз болса –соның өзі.» Ғабит Мүсірепов

«Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.» Ғабит Мүсірепов

ІІ топқа

Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі _________________, ана ______________ ғана.

КЕРЕК СӨЗДЕР:

А) мейірімі, құшағы;

Б) сөзі, құшағы;

В) қолдауы, құшағы;

Г) шапағаты, құшағы;

Д) ақылы, құшағы.

 

         ІІІ топқа

Аруана (араб, парсы тілінде—арбана дейді). Нар түйенің___________. Мұның денесі_____, аяқтары______, жүні_______, _________болып келеді. Суыққа төзімсіз болғанымен, шыбынға шыдамды келеді, бақырып, жын төгуді білмейді. Салалы емшегі өте _______  болады. Иық жүндері________, бойы _________ келеді. Құйрық ұшының жүні шашақты. Мұны қазақ________________ деп атайды.

Аруана – сыңар өркеш түйе. Африка мен Азияда, Орталық Азия республикаларында, әсіресе, Түрікменстанда көп өсіріледі. Айыр түйеге қарағанда ыстыққа_________, сүті де одан 2 – 3 есе көп, бірақ жүн түсімі аз келеді. Атырау облысы шаруашылықтарында Аруананы _________ үшін өсіреді.

КЕРЕК СӨЗДЕР: аналығы, ірі, жіңішке, тықыр, бұйра, сүтті, ұзын, биік, «шал құйрық», төзімді, сауын

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Жазылым  (max 6)

6

Барлық тапсырма орындалған.

5

Тапсырмада 2 қателік бар.

4

Тапсырмада 3 қателік бар.

3

Тапсырмада 4 қателік бар.

2

Тапсырмада 5 қателік бар.

1

Тапсырмада 6-дан көп қателер бар.

Д критерийі. Айтылым

І тапсырма:

1. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - дегенді қалай түсінесіңдер

2. Бүгінгі өмірде күйбең тірліктің әсерінен ата-анасын ренжітіп, оларға тіл тигізіп, қол көтеріп жататындар да кездеседі.Мұнің себебі не?

3. Мұқағали Мақатаевтың 

Анам маған:

Үлкенді сыйла,- деген.

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем, - деген өлең жолдарында қандай ой бар?

 

ІІ тапсырма: Барлық оқушыларға ортақ сауал

 

АНА сөзінің құпиясын ашу

 

Критерий

Балл

Дескрипторлар

Айтылым   (max 6)

6

Тілі нақты әрі әсерлі  cондай- ақ әдеби тіл нормасына сай көркемдегіш құралдарды қолданды

5

Өлең мазмұнына қатысты өз пікірін өмірмен байланыстырып білдіреді

4

Өлеңді талқылауда креативті шешімдер ұсынды 

3

Ойын және  идеясын афоризмдер қолдана отырып  шығармашылықпен жеткізе білді

2

Ой қорытуы ерекше

1

Баяндау стилі дұрыс таңдалды, пікірін еркін жеткізді

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:

Критерийлер бойынша ұпайлары

Қорытынды

А

В

С

D

Ұпайлар жиынтығы

Баға 





 

 





 

 





 

 





 

 




 

БАЛДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АУДАРУ:

Алған ұпайлар жиынтығы

Баға 

88-100 ℅                   17 – 20 ұпай

«5»

70 – 87℅                   14-16 ұпай

«4»

50 – 69 ℅                  11-13 ұпай

«3»

0 – 49 ℅                    0-10 ұпай

«2»




Сандуғаш Мамбетиярова,

Тараз қаласы,

№51 орта мектеп,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
02 мамыр 2018 г. 13 766 0

Похожие новости:

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 222 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 610 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031