Тәжірибе алмасудың тиімділігі
Ассоциация мүшесі, әріптесім Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Курумбаева Меруерт Баглановна 104 топта зум платформасында наурыз айының 3 күні «Балық өнімдерінің түрлері, химиялық құрамы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балықтың адам организміне пайдасын, сыртқы қабықшасының сипатына қарай балықтың жіктелуі, қабыршақты балықтар, сүйекті-қабыршақты балықтар, кәсіпорынға түсірілген балықтарды мөлшеріне қарай жіктелуін, балықты өңдеу қандай әрекеттерден тұратынын, тоңазытылған балықтарды жібітудің қанша тәсілдері бар екенін егжей-тегжейлі білім алушыларға түсіндірді.
Сабағында презентация, экран, компьютер, проектрларды қолдана отырып, сабақты үш тілде жүргізді. Сабақтың мақсатында SMART әдісін пайдаланды. Білім алушылар балықтың көп мөлшері кәсіпорынға тоңазытылған күйде түсетінін, оларды ауада, суда немесе екеуінен құрастырылған әдіспен жібітуді, балықтың ағзаға өте жоғары пайдасы туралы мағлұмат алды.
Балықтардың қабыршақты балықтар, қабыршақсыз балықтар, сүйекті қабыршақтары бар балықтарға бекіре тұқымдас балықтар жататынын білім алушылар ойларына түйді. Білім алушыларға білім беру мен әрекет әдістерін қолдану да 6-тапсырма берілді. Бірінші тапсырмада ұжымдық жұмыс болды, бейне таспаны тыңдап мазмұнына байланысты сұрақтарға білім алушылар жауап берді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында жұмыс дәптерлеріне балық өнімдерінің түрлері бойынша кесте толтырды. Үшінші тапсырма кезінде «Educaplay» интерактивті әдісі бойынша, балық түрлерін анықтап үш тілде аудармасын кестеге толтырып, суретпен жұмыс жасады. Төртінші тапсырмада балықтардың химиялық құрамын, адам денсаулығына қажеттілігін біліп үш тілде аудармасын жазды. Бесінші тапсырмада жеке жұмыс болды. Білім алушылар «Joyteka» интерактивті ойыны арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Алтыншы тапсырма «Фишбоун» әдісі арқылы балық өнімдерін талқылап өз ойларын қортындылап түсіндірді. Білім алушылар мен сабақ соңында кері байланыста «Рефлексия пирамидасына» білім алушылар сабақтан алған білімдерін, әсерлерін жазды. Білім алушылардың сабаққа қатысу ынталары, қызығушылықтары жоғары деңгейде болды. Сабақты түсіндіруде білім алушылар зейін қоя отырып, тыңдап, берілген тапсырмаларды мұқият орындады. Білім алушылармен оқытушының арасында жақсы қарым қатынас болды. Сабақты қорытындылап, білім алушылардың берілген тапсырмаларды қалай орындағандары туралы айтып, білімдерін бағалады. Сабақты білім алушылар толық меңгерді. Ашық сабақ сабақ жоспарына сай өтті.
Курумбаева Меруерт білім алушылардың бойына білім берудің болашағын қалыптастырып, жаңа технология арқылы оқу әдістерін пайдалана отырып, сабақты өте жақсы жүргізді. Біз зум платформасында Курумбаева Меруерттің ашық сабағына қатысып, көптеген мәлімет алып, тәжірибе алмастық.
Шамыгулова Бақыт Княровна
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі
Өндірістік оқыту шебері
Алматы облысы, Балқаш ауданы