» » Менің кәсіби жетістіктерім - менің мақтанышым!

Менің кәсіби жетістіктерім - менің мақтанышым!

     Қазіргі дамыған заманда елімізде білімді, саналы, сапалы ұрпақ  қалыптастыру барша ұстазға міндет деп білемн. Ал осы міндетті арқалау үшін әрбір ұстаз дайын болуы, аянбай еңбек етуі керек.

   «Білім басы, бастауы – бастауышта» - демекші, мен де өз мамандығымның сыры мен қырын айтып мақтаныш ретінде жазғым келіп отыр. Ұстаз - ұлы тұлға, қашанда ата-бабымыз ұстазды құрметтеп, - алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын ұстаздікі – деп, шегелеп айтып өткен. Бастауыш сынып ұстазы болу мақтаныш, мәртебе. Бұл мамандық қарапайым көрінгенімен, орта білім беретін ұйымдағы ең ауыр қызмет. Неге десеңіз? Мектеп табалдырығын ең алғаш аттап, ұстаз деген ұғымды естіп, танысып, ортаға үйреніп, ең бастысы сауатын ашуға келген, мұнтаздай аппақ көңілді, оң солын білмейтін, жақсы мен жаманды айыра алмайтын балалар келеді. Міне, осы аппақ қағаздай балаларға білім нәрімен сусындатып, алғаш әріпті танытып, рухани бейімдеп, патриоттық тәрбие беріп, ортаға бейімдеп, өз орнын таба білуге тәрбиелейтін, бойларына қайтар, жігер беріп, бағыт беріп, тұла бойын тік ұстап, таза болып жүруді де бойына сіңіретін  мына біздер, бастауыш сынып ұстаздары! Аянбай  еңбек ете жүріп, әрбір бала –жұлдыз деп танып біліп, сол жұлдыздың жарқырауына да үлес қосып келетін осы –біздер.

     Жұлдыздарымды жарқырату мақсатында еңбек ете жүріп, олардың екінші анасына айналып, өзім де бар ынтаммен ізденіп, барлық күш-қайратымды салып, білім беріп отырған шәкірттерімді сүйе отырып, күннің сәулесіндей сәуле  шашып, нұрын төгіп, оқушыларды сол нәріммен суындатып, жарқыратуға кірісіп те кеткеніме міне жиырма жылдан асыпты.

Мен қазіргі таңда бастауыш сынып ұстазымын, зерттеушімін, тәлімгермін, ұйымдастырушымын, ата-анаға доспын.

     Мен өзім де осы білім жолында оқушылар кездескен қиындықтарды жеңілдету мақсатында озат іс-тәжіріибелер, авторлық бағдарламалар құрастырып жүрген, оқушылардың дамуын, бәсекеге қабілетті болуы үшін алтын уақытымның көп бөлігін  қызметіме, оқушыларыма арнаған ұстазбын.

Мен - ұстазбын, айбынды шәкіртім бар.

Мен  - ұстазбын, болаттай тәртібім бар.

Мен - ұстазбын, ерен еңбегім  бар.

Мен  - ұстазбын, жарқыраған жұлдызым бар.    

Мен өз мамандығымды мақтан етемін! Болашақ елдің бәсекеге қабілетті ұрпағын тәбиелеуге еңбегімді аямаймын!


Сейлбекова Улсерик Нагашбековна

«Ы. Алтынсарин атындағы

№1 мектеп-гимназия» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

26 маусым 2024 г. 1 858 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 16 771 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30