» » NIS ауыл мектептеріне қолдау көрсетеді

NIS ауыл мектептеріне қолдау көрсетеді

Бүгін Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында Жетісу облысы Ақсу ауданы «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтарына семинар ұйымдастырылды.

«Біздің басты мақсатымыз – ауылды мектептерімен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту, әдістемелік қолдау, нақты кәсіби педагогикалық қажеттілігі бойынша мұғалімдерге жан-жақты көмек көрсету», - дейді Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Анар Сарыева.

Семинар Team building - команда құру іс-шарасынан бастау алды. Қатысушыларға барлық пәндер бойынша сабақты жоспарлау, оқуда саралауды қолдану, қалыптастырушы бағалау түрлері, «1+1» форматында тәлімгер мен тәлім алушының кездесу, жұмыс жоспарын құру, сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары практика жүзінде көрсетілді.

Сонымен қатар семинар барысында оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесі бойынша семинар-практикум өткізілді.

«Семинардан алға құнды ақпараттардың бірі – оқушыларды сабақ барысында көңіл күйін ескере отыра, қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырамыз, олардың қалай жиынтық бағаларын бағалаймыз және тапсырмаларды дайындау барысын білдім», - деп өз пікірін Жансүгіров ауылының «Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебінің қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Қожақаева білдірді.


Дереккөз: Пресс-служба NIS Талдыкорган
04 қараша 2022 г. 791 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930