» » Абай университеті өкілдері Әзірбайжан университтерінде болды

Абай университеті өкілдері Әзірбайжан университтерінде болды

2022 жылдың 10-15 қазан аралығында «ЖОО-ның дамыту білім беру ортасы аясында  цифрлы білім беру платформасын жобалау» университеттің жобасын іске асыру аясында Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, аға оқытушылар Сауле Исалиева және Әлия Момбек, докторант Бауыржан Жанкушков «Хазар» университетіне және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетіне (Баку қ., Әзірбайжан) іссапармен барды.

Қонақтар іссапар барысында ақпараттық-кітапхана орталығының жұмысымен, ғылыми журналдармен және университеттердің ақпараттық инновацияларының тәжірибесімен танысты. Ғалия Абаева «Университеттің дамып келе жатқан білім беру ортасы аясында e-lab жобалау» жобасын ұсынды, Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білімнің тенденциялары туралы қонақтық дәрістер оқыды.Баку және Сумгаит қалаларындағы орналасқан Dunya School оқушыларына аға оқытушы Исалиева Сауле мен докторант Жанкушков Бауыржан  оқу белсенділігін арттыру және кәсіптік бағдар беру бойынша тренингтер және «Менің Қазақстаным» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мектеп мұғалімдерімен кездесуде жоғары педагогикалық білім беру мен мамандар даярлаудың икемді моделін енгізу, оқу үдерісін ұйымдастыру, халықаралық білім беру жобалары туралы мәселелері талқыланды.Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінде психологиялық-педагогикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша мамандарды даярлау бағыттарын зерделеу мақсатында ғылыми журналдар, Turksoy кафедрасы, бастауыш білім факультеті, спорт және мәдениет факультеті өкілдерімен кездесулер өтті.

Сапар барысында тараптар өзара ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету, бірлескен ғылыми қызмет және т.б. мүмкіндіктерді талқылады.


Дереккөз: ҚазҰПУ Баспасөз қызметі
26 қазан 2022 г. 21 792 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 949 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031