» » Елордалық NIS оқушысы Динаны Шырмауық Лигасы шақырады

Елордалық NIS оқушысы Динаны Шырмауық Лигасы шақырады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дина Жаныбекова Шырмауық Лигасы университетінен шақыру алды. Атап айтқанда, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірі - АҚШ-тың Пенсильвания Университеті Динаның оқу және жатын орын шығындарын толығымен өтейді.

- Пенсильвания Университеті туралы бұрыннан білемін. Маған киноға қызығатын жастарға университеттің ұсынатын мүмкіндіктері өте қатты ұнады: пайдалы курстар, студенттер клубтары, қызықты тағылымдамалар және т.б. Сондай-ақ, мені университеттің орналасқан жері де қызықтырды – Пенсильвания Университеті Нью-Йорктен алыс емес, үлкен қала Филадельфияда орналасқан. Бұл өз кезегінде мен үшін өте маңызды желілік орта қалыптастырады,- дейді Дина.

Келешекте кино режиссері мен продюсері болуды армандайтын Дина Жаныбекова қазіргі таңда кино, математика және ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқуда. Дарынды түлектің жетістіктері қатарында химия және ағылшын тілі пәндері бойынша олимпиадаларға, фортепиано байқауларына және дебат турнирлеріне қатысып алған марапаттары бар. Оған қоса, Дина мектептің өзін–өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі болып, мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысты.

Пенсильвания университеті - ең көне жоғары оқу орындарының бірі және АҚШ-тағы алғашқы университет, сондай-ақ, элиталық Шырмауық Лигасының құрамына кіреді. Пенсильвания университетімен АҚШ-тың көптеген тарихи тұлғалары мен саясаткерлерінің есімдері байланысты. Солардың қатарында, Дональд Трамп, Илон Маск және Уоррен Баффет те бар. 


Автор:

Гүлназ Сейілханова,

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы

14 сәуір 2021 г. 12 034 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 595 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930